Философияны оқытудың мәні. Философиялық бағыттардың, әдістердің маңызы



бет1/2
Дата06.02.2023
өлшемі23,59 Kb.
#167660
  1   2
Байланысты:
2 апта


  1. Философияны оқытудың мәні. Философиялық бағыттардың, әдістердің маңызы.

Философия ғылымының мәні мен мақсаты, қоғамда және жеке адамның, әсіресе жастардың өмірінде алатын орны туралы сұрақтар қазіргі заманғы философтарды қатты толғандырып отыр. Философия қазіргі қоғамға, жас ұрпаққа қажет пе? Оның болашағы бар ма? Жаһандану, ақпараттану, техникаландыру заманында философия шетке ысырылып, пайдасыз, уақыты өткен ғылымдар мен пәндердің қатарына қосылып кетпей ме? Жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларындағы міндетті түрде оқытылатын пән статусын сақтап қала ала ма? Философ дегеніміз кім? Оның негізгі міндеттері қандай? Әлде таза философиялық пайымдаумен шектелу философ үшін жеткілікті ме?
Міне, бізді қазіргі таңда мазалап отырған сұрақтардың бұл бір легі ғана. Тереңдеп тексерсек, философия мен философтың қоғамдағы рөлі туралы пікірталас философия тарихында үнемі жүріп отырған екен. Аристотельдің пайымдауынша, философия еркін, ешқандай мақсатты көздемей жүргізілетін қызмет, рухтың іштен бекуі, асқақтауы және оны жүзеге асыру үшін құмарлықтар жойылып, өмірлік қажеттіліктер қанағаттандырылып, сана жалпы заттар туралы ойлау үшін алысқа самғауы тиіс.
И.Кант: «философқа екі нәрсе: 1) оларды мүмкін болатын барлық мақсаттарға қолдану үшін талант және қолдана білу мәдениеті; 2) құралдарды белгілі бір мақсаттарға қолдану дағдысы қажет» деген болатын . Ол философияның барлық жүйелері – ақыл-ойды қолдана білу тарихы деп тұжырымдайды. Бұл пікір қазіргі заманғы философтар айналысып жүрген қызметтің мазмұнына жақын деп ойлаймыз.
Қоғамның философия мен философтарға көзқарасын Н.Бердяев өте дәл жеткізген: «Философтың жағдайы шынымен трагедиялық. Оны ешкім сүймейді. Мәдениет тарихының барлық кезеңдерінде философияға деген жеккөрініштілік байқалады және ол сантүрлі тараптан көрінеді. Философия мәдениеттің ең нашар қорғалған жағы. ...Философтар әрқашан адамзаттың шағын ғана тобы болды, олар ылғи да аз. Соған қарамастан адамдардың оларды соншалықты жақсы көрмейтіні таңданарлық. Философия мен философтарды діннің адамдары, теологтар, шіркеу иерархиясы және қарапайым ғана сенушілер, ғалымдар, және әртүрлі мамандық өкілдері, саясаткерлер мен әлеуметтік қызметкерлер, мемлекет билігінің адамдары, косерваторлар мен революционерлер, инженерлер мен техниктер, артистер, қарапайым адамдар, тоғышарлар сүймейді»
Философияның әрбір адамға, әсіресе жас маманға аса қажетті ғылым екендігі сөзсіз. Себебі, «философиялық рух философияның жүйелі формаларынан азат ойшыл адамның бойында жеке, қараңғы инстинкт, бедел немесе сенім ретінде көрінетіннің барлығын тексеруден өткізетін жердің бәрінде көрінеді. Ол зерттеушілер әдістемелік сананың көмегімен өз ғылымдарын соңғы заңды негіздерге жинақтайтын немесе бірнеше ғылымдарды жалпылауға ұмтылған жерде. Ол өмірлік идеалдар мен құндылықтар жаңа тексеруден өтетін жерде. Дәуірдің қойнауында немесе адамның жүрегінде ретсіз немесе жауласқан түрде соқтығысқанның бәрі ойлау арқылы татуластырылады; қараңғы айқындалады, тікелей қасында тұрғанның бәрі байланысқа келтіріледі

Адамның рухани дүниесі өте күрделі де əр түрлі. Олардың қатынастарының ішінен тікелей дүниетанымдықты құрастыру қатынасы бар. Дүниетанымның мазмұндық байлығын біз дүниеге қатынастықта байқап білеміз. Осындай сан алуан мазмұндық көзқарас жағынан қарастырсақ, олар рационалды жəне иррационалды көзқарастар болып екіге бөлінеді. Рационалды жəне иррационалды көзқарастар философиялық категорияға жатқандықтан, бұл феноменологияларды философиялық тұрғыда қарастырамыз. Философиялық ілім, қандай бір дүниетанымдық көзқарас болмасын, оның өзегін, «ядросын», құрастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет