Рационалды (лат. ақыл) деп бір жүйеге келтірілген, логикалық заңға бағынатын, теориялық деңгейде құрастырылатын ілімдік көзқарасты айтамыз. Рационалды көзқарас дами келе рационализмдік- ілімдік көзқарасқа айналады. Рационализм ақылға, парасатқа, парасаттылық бейімділіктің ақиқаттылығына, дəлелдік күшіне сенуді білдіреді.
Иррационализм (лат. ақылға сыйымсыз) деп ақыл-оймен пайымдауға келмейтін, логикалық ұғымдармен сыйыспайтын көзқарасты айтады. Иррационализм өмір шындығын берекесіз, заңдылықтан ада, кездейсоқ өзгерістерге, ырықсыз ерікке бағынады деп санайды.
Иррационалды көзқарастың тағы бір айрықша ерекшелігі, əрбір нəрселердің бастамасы «жоқтан бар», «ештемеден бірдеңе» пайда бола алады деп пайымдауында. Мұндай көзқарас, кандай бір діни көзқарас болмасын олардың қайнар көзі, олардың бастамасы. Ұлттық жəне əлемдік діндерді алып қарастырсақ, олардың барлығының басын біріктіретін иррационализм: Құдай барлық нəрселерді жоқтан бар етіп, материалдық дүниені жасады. Мұндай көзқарастың логикалық жалғасы — бар нəрсе жоққа айналып кете алатындығында.
Рационалды көзқарастың елеулі ерекшелігі — «жоқтан бар» болмайтындығында. Материалдық дүние «жоққа айналмаулығы», материалдық дүние сан жағынан сақталып, сапа жағынан өзгеріп отыратындығы, рационалдық көзқарастың негізі деп қарастырамыз. Мұндай көзқарастың логикалық жалғасы — «бар нəрсе» жоққа айналмауы. Мұндай көзқарас дами келе, философиялық көзқарасты туғызды. Қандай бір философиялық ілім болмасын, рационалдық көзқарасқа негізделеді. Мысалы, діни көзқарас бойынша, Құдай жоқтан барлық көрініп тұрған нəрселерді жасады десе, философия немесе бірінші философ (натурфилософ) Фалес, барлық нəрсе судан шықты (жаралды) деп дəлелдеді. Философ Демокрит болса, барлық нəрсе атомнан тұрады деді.
Казіргі кездегі иррационализмді батыс философиясында рационалды түрде кеңінен қолдануда. Мəселен, батыс философиясының экзистенциалистік ағымында рационалдық идеялар кеңінен философиялық ілімдерінде қолдану түрлері, осындай ағымдық көзқарастарда байқаймыз: «атеистік экзистенциализм» — Сартрдың, «христиандық экзистенциализм» — Марсельдің, «сенім философиясы» — Ясперстің, яғни философиялық, ағымдарында көреміз .
Иррационалдық көзқарасты жақтайтындар үшін, иррационалдық көзқарас деп, мазмұны жəне формасы жоқ нəрселерді немесе түсініктерді жатқызады. Бұндай көзқарасқа логиканың күшімен «форма» беріп, ақылмен, «мазмұн» берсек, ондай көзқарас рационалды көзқарасқа айналады деп түсіндіреді. Мысалы, балшықтан өнер мүсінін жасау процесінде, формасыздан, ақылға сыйымды формалық мүсін жасау. Алғашқы форма түсініксіз (иррационалды), ақылға сыйымсыз, бірақ логикалық заңдылықпен мағына алып, түсінікті, жалпы ілімдік, білімдік көзқарасқа айналады. Осындай көзқарасты пайдаланып, кейбір діни қызметкерлердің айтуынша, қандай бір абсурдтық көзқарас болмасын, оларды логикалық заңдарға бейімдеп, көрсете білсек болғаны, ол рационалды көзқарасқа айналады екен. Барлық əңгіме, «қолдану мен айналдыру» əдістерін пайдалана білу керек. Осыдан кез келген догмалық көзқарасқа рационалдық тұрғыда түсіндірме беруге болатын болып шығады. Бұл жерде бізге түсініксіз, бізге белгісіз нəрселер иррационалды да, ал бізге түсінікті, айқын нəрселер рационалды көзқарастар деп түсіндіріледі. II ғасырда атақты богослов Тертуллианның айтуынша: «Абсурдты болса да сенемін» деген ой үзіндісі, жалпы христиан дінінің иррационалдық жақтарын «сенім» арқылы қандай бір көзқарас болмасын, рационалды етіп қабылдауға болатындығын көрсете білді. Иррационалдық көзқарас бойынша қандай бір тануға келмейтін объект болмасын, барлық тану құралдарын қолдана білсек, ол көзқарас бізге танымалы, рационалды көзқарасқа айналады. Осыдан көріп отырмыз, рационалды объективтік дүниенің ақылға сыйымдылығын, оны танып-білуге болатындығын иррационалистік көзқарастағы адамдар да жақсы біледі.
Иррационалистік көзқарас бойынша рационалистік жолда қарастырылып отырған объектіні толығынан ашып көрсете алмайды. Ондай көзқарас негіздің тек үстімен ғана сырғанап жүріп жатады, ол тек дұрыс бағытты ғана бейнелейді, негізіне жақындамайды, одан алатын білім салыстырмалы ғана болып келеді. А.Шопенгауэрдің айтуынша, «танымалы дүние біздің елесімізге берілген нəрсе, біз объективтік дүниені танымаймыз, біз өзіміздің дүние туралы көзқарастық субъективтік түйсіну, елестету арқылы танып білеміз. Себебі дүние екі жақты болып келеді: объективті жəне субъективті. Объективтік формаға уақыт, кеңістік, себептілік, əр түрлі негіздеуші заңдар жатады. Сондықтан объективті дүние реальді деп айта аламыз. Яғни егер де біз оны жан-жақты, осы айтылған формалармен дəлелдей алсақ, объективті, реалді, егер біз білімімізбен дəлелдей алсақ, себебі бір нəрсені реалді деп айтудың алдында, оны жан-жақты дəлелдеуіміз керек, себеп-салдарлық жəне қажеттілігін негіздеуіміз керек. Ал рационалды нəрселерді дəлелдеудің құралы: ес, сана, ұғым, пікір жəне логикалық заңдар. Осы саналық құралдармен қарастырылып отырған объектінің ақиқат не жалғандығын біз тексере аламыз»
Иррационалды жəне рационалды көзқарас діни жəне діни емес дүниетанымдық мəселеде үлкен орын алады. Қандай бір иррационалдық көзқарас болмасын діни көзқарастың негізі болып қала береді. Себебі иррационалдық көзқарасты екі тұрғыда қарастыруға болады. Біріншіден, рационалды көзқарасқа дейінгі (стихиялық, логикаға дейінгі). Екіншіден, «жоғарғы» рационалдық (мистикалық, аян беру, нұрлану). Екінші жол, діни санада фидеизмдік (лат. сенім) көзқараста кездеседі. Фидеизм — діни догмаларды қорғау үшін идеалистік философияны жəне ғылымды пайдаланатын, ғылымды дінге бағындыруға əрекет жасайтын көзқарас
Рационализм богословиялық ілімде айрықша орынға ие. Діни дүниетанымдықта рационализм адамның ақыл-есіне, «құдайдың аян беру ақиқаттығына» үлкен ықпал етеді. ХІХ ғ. ортасында католик шіркеуі, схолостикалық философияны өзінің ілімі ретінде қабылдап, Фома Аквинскийдің формалды түрде жариялаған рационалдық богословиялық жүйесін негізгі дүниетанымдық көзқарас деп жариялады Иррационализмнің мистикалық көзқарасының күшейе түсушілік жағын біз К.Барттың, Р.Бультманның «Диалектикалық теология» деген еңбегінде жəне де басқа зерттеулерінде көреміз. Олардың айтуынша, «диалектика» деген ұғымды рационалды тұрғыда тану дегеніміз дербес адамның Құдайға деген ынта-қатынасы, өзінің ойын жеткізу деген дейді.