Әлемнің гелиоцентрлік жүйесі — кайта өрлеу дәуірінде пайда болған ұғым. Бұл ұғым бойынша, "Жер және басқа планеталар Күннің төңірегінде айналады, сонымен бірге өз өсінде өздері айналады" деп тұжырымдалды. Мұны сол заманға дейінгі басым болып келген "әлемнің геопентрлік жүйесі" ұғымын жоққа шығарып, поляк астрономы Н. Коперник дәлелдеп берді.
Дүниенің гелиоцентрлік жүйесі(грекше hlіos — Күн және латынша centrum, грекше kentron — орталық нүкте, орталық) — Жер және басқа планеталар күнді өзінің осі айналасында айналады дейтін ілім. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілім қайта ерлеу дәуірінде пайда болып, жаратылыс ғылымының дамуына революциялық әсер етті. 1543 ж. атақты ғалым Коперник Жер — өлемдік кеңістіктің орталығында тұрады деген пікірді тасталқан егті. Кейінгі Дж. Бруно, Галилей тәрізді ғалымдар Жер — сансыз жұлдыздардың бірі деп дәлелдейді. Ал XVI—XVII ғ, Жер бір топ жұлдыздардың орталыгы бола алмайтыны, әлемдік кеңістік шексіз болғандықтан, онда еш орталық болмайтыны дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: |