1. Алғашқы қазақ басылымдары және


-30 жылдары әдебиет сынына



бет6/6
Дата12.10.2023
өлшемі34,73 Kb.
#185093
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Семинар

1920-30 жылдары әдебиет сынына, баспасөзге белсене араласқан Ғаббас Тоғжанов 1929 жылы шыққан «Әдебиет пен сын мәселелері» атты кітабында: «Бұдан екі-үш жыл бұрын көркем әдебиет жайында бірен-саран адамдар жазатын. Әуезұлы Мұхтар жазатын еді, Аймауытұлы Жүсіпбек жазатын еді. Анда-санда Сәкен мен Нәзір айтысып қоюшы еді. Қазақ оқығандарының ішінде Жүсіпбек, Мұхтарлар – «мұндай оқығандармыз» білімі де бар, қаламы да жүйрік оқығандар, өздері сыншы, өздері ақын. Алғаш әдебиетті тексеріп сын жазғандар осылар», - деп атап көрсетеді.
1920 жылғы сындарда, айтыстарда түрлі жіктердің, қоғамдық өмірде экономикалық негізін әлі жоймаған түрлі таптардың салт-саналық салқыны да жоқ емес. Әдебиетке тек сыңаржақ, социологиялық тұрғыдан ғана баға беру, эстетикалық ерекшеліктерін ашпау сияқты кемшіліктер, сөз жоқ, сынның жастық дәуірін көрсетеді. Алайда, осы тұстағы сындарда көркем шығармалардың саяси өмірімен байланысы, шеберлікке жетілу міндеті түйінді мәселе болып отырды. Мәселен, С. Мұқановтың, Ғ. Тоғжановтың, т.б. сын мақалаларында пролетариат бағыттағы ақын-жазушылардың өмірді білу, білмеуі, жазушылық шеберлікке төселуі, төселмеуі, озық әдебиет үлгілерінен, бұрынғы әдебиеттен үйрену, үйренбеуі нақты тексеріліп, сынға алынды. Мұндай сындардың барлығы да әдебиеттің жаңа сатыға көтеріліп өсуіне, ақын-жазушылардың марқая түсуіне орасан көмекші болды.
Е.Исмаилов: «Бізде аласапыран дауылды күндердің өткінші құйыны сияқты бірін-бірі «сұлатып», «сойып», «соққыға жыға» есеңгіретіп салатын сындар болды», - деп жазады. 1920 жылдың бас кезінде Сәкеннің алғашқы поэзиялық шығармаларына қатты сындар болды. Сәкеннің от арбаны, техниканы, жұмысшыны жырлауы ауылдағы қазақ үшін әлі ерте деген пікірлерді алға тартты. Сәкен мұндай біржақты сынды көтере де білді.
1920 жылдардың бас кезінде Сәкеннің алғашқы поэзиялық шығармаларына қатты сындар болды. Сындар бір жағынан буржуазияшыл эстет ақындар тарапынан шабуыл жасау түрінде болса, екінші түрдегі сындар сол буржуазияшыл әдебиетшілердің ықпалындағы адамдар тарапынан болып отырды. Мұндай сындар Сәкен поэзиясының әртүрлі кемшіліктерін өңін айналдыра көрсетіп, ең маңызды идеялық мазмұнын, әсіресе, социалистік революцияны жырлаған өршіл мотивін жоққа шығарғысы келді. Сәкен мұндай біржақты сындардаған абыржыған жоқ, қайта «Аққудың айрылуы», «Көкшетау» сияқты тамаша поэмалар жазумен жаңа шығармашылық биікке өрледі. Оның ақындық талантының өрісіне шек келтірушілердің аузына құм құйылды.
1925 жылы С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі» шықты. Мұның өзі ол кезде прозадағы бір ғана тұңғыш көлемді шығарма еді. Бұл жөнінде «Еңбекші қазақ» газетінің жарнамасында: «Бұл кітап сыртқы түріне қарағанда бұл күнге шейін қазақша шыққан кітаптардың ең көрнектісі. Мұндай кітапқа сын жазушы біреу емес, әлденеше кісі болуы мүмкін. Кітаптың бұл материалы келешек тарихшыға аса қымбат болуында дау жоқ. Бұл жағынан Сәкен жолдастың еңбегі қымбат екен...»,- деп жазылған екен. 1935 жылы әдебиетке енді келген жас белсенділер Майлин мен Жансүгіровті «жолбике» деп атады, «Құлагер» поэмасына да мін тағылды.
Дала демократиясына бейім болып келген қазақ халқы «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген тұжырымды жақсы ұстанған. Кезінде Абай шәкірттерін жиып алып, соның ішіндегі талабы асқан Көкбайға: "Мына жазғы ауылды суреттеп өлең жазшы”, - дейді. Алайда шәкірт Көкбайдың жазған өлеңіне көңілі толмай әбден сынайды да, өзінің “Жаз” атты өлеңін жазып, сол арада оқып береді. Рас, Көкбай ақын Абайға ренжіп, біразға дейін маңайлағысы келмей жүрді. Дегенмен, Абай сынады екен деп ақындық әлемінен қолын бір сілтеп кете берген жоқ, қайта ізденіп, намысқа тырысып, талантын талаптандыра түсті.
Мұнан біз қазақ халқының бұрыннан қалыптасқан сынының арқасында кейбір көркем дүниелер пайда болып, ел игілігіне жарағанын аңғарамыз. Ендеше демократиялы қоғамды сыни пікірлерден аластатып елестету мүмкін емес. Демократия болған жерде сөз бостандығы, сөз бостандығы болған жерде сын болады. Бұл – заңды құбылыс. Демек, қазақ мәдениетіндегі сынның айтылуы мен жазылуы деңгейіне қарап бірқатар мәселенің басын ашып алған жөн.
2 Қазақстан Жазушылар одағының алғаш ұйымдасуы ҚазАПП болып құрылған кезден басталады.
1925 жылы 18 маусымда РК(б)П Орталық Комитетінің «Партияның көркем едебиет саласыңдағы саясаты туралы» деп аталатын арнаулы қаулысының қабылдануына орай, сол жылғы 12 шілдеде РК(б)П-ның Қазақ Өлкелік Комитетінің секретариаты Қазақстанның пролетариат жазушыларының ассоциациясын (ҚазАПП) ұйымдастыру жөнінде ұйғарым жасады. Құрамында С. Сейфуллин, Б. Майлин бар ұйымдастыру бюросы құрылды. Бұл ұйымға республикадағы әдебиет күштерін біріктіру және пролетариат жазушыларының Бүкілқазақстандық 1-конференциясын әзірлеу тапсырылды.
1926 жылы маусымда Қызылорда пролетариат жазушылары ассоциациясының бюросы құрылып, ҚазАПП-тың жарғысы қабылданды, оған мүшелер тартылды.
1932 жылы 28 сәуірдегі БК(б)П Орталық Комитетінің «Әдеби-керкем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулысы негізінде Қазақстан Өлкелік партия комитетінің секретариаты мамыр айында қарар қабылдады, осыдан кейін Қазақстан Жазушылар одағы құрылды, ұйымдастыру бюросының төрағалығына Ы.Жансүгіров тағайындалды.
1932 жылы Қазақстанның Кеңестік Жазушылар Одағын ұйымдастырды. Қазақстан Кеңес Жазушыларының 1-съезі 1934 жылдың 12 - 18 маусым аралығында өтті.
Құрамында проза, поэзия, драматургия, көркем аударма, балалар мен жасөспірімдер әдебиеті, публицистика мен очерк, сатира, орыс әдебиеті, неміс әдебиеті, корей әдебиеті, ұйғыр әдебиеті жөніндегі шығармашылық кеңестер жұмыс істейді.
Қазақстан Жазушылар одағы туысқан республикалардың жазушылары ұйымдарымен байланысты нығайтты; Азия, Африка жазушыларымен, мәдениет қайраткерлерімен де ынтымақтастықты күшейтті. Осының нәтижесінде 1973 жылы Азия мен Африка елдері жазушыларының 5-конференциясы Алматыда өтті [3].
1925 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының он шақты мүшесі болса, қазіргі уақытта 810 мүшесі бар. Қазақстанның 11 облысы мен Астана қаласында бөлімшелері жұмыс істейді. Қазақстан жазушыларының ішінен Ғ.Мүсірепов Социалистік Еңбек Ері (1974), М.Әуезов Лениндік сыйлығының (1959), КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1949), Ж.Жабаев (1941), Ә.Нұрпейісов (1974), Ж.Молдағалиев (1978) КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды. Ә.Әлімжанов (1970), А.Шамкенов (1992) Джавахарлал Неру атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты атанды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет