1. Алмалы салмалы протездер жіктемесі


Тістерді егеу кезіндегі жансыздандыру әдістері. Психологиялық дайындық әдістері



бет61/62
Дата16.11.2023
өлшемі186,8 Kb.
#191554
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
1. Àëìàëû ñàëìàëû ïðîòåçäåð æ³êòåìåñ³
№3 тақырып, Дәріс 10. Еркіндік философиясы
118.Тістерді егеу кезіндегі жансыздандыру әдістері. Психологиялық дайындық әдістері. Жансыздандыру заманауи стоматологияда әртүрлі манипуляциялар кезінде пайда болған ауырсыну сезімін басуға не төмендетуге бағытталған психопрофилактикалық және медикаментозды әрекеттер кешенімен жүзеге асады. Науқастың есі қалпында бола тұра, оның денесінің белгілі бір жерінде ауырғанды сездірмеуге бағытталған іс-шаралар жергілікті анестезия деп аталады. Жергілікті жансыздандыру түрлері: Иньекциялық әдіс: Инфильтрациялық жансыздандыру, Өткізгіштік жансыздандыру; 2.Иньекциялық емес әдіс : Апликациялық жансыздандыру, Физико-химиялық әдіс арқылы, Физикалық түрі; Ішке сіңу жансыздандыруынан өткізгіш жансыздандырудың бірнеше артықшылығы бар (С. Н. Вайсблат). Олар: 1. Инені бір шаншығанның өзінде-ақ көп аймақты жансыздандырады. 2. Жұмсалатын жансыздандыратын дәрі-анестетик мөлшері аз. 3. Қабынған тіннен аулақ қадалған ине індет- инфекция тарау мүмкіндігін болдырмайды. 4. Қабынған сүйек қабығынан ішке сіңу жансыздандыруы жақсы нәтиже бермейді, оның үстіне тіннің қышқыл реакциясы новокаин әсерін төмендетеді. Өткізгіш жансыздандыруда бұл кемшіліктер жоқ. 5. Хирургиялық іс-қимыл үшін толық жансыздандыруға мүмкіндік туады. 6. Бірнеше тісті қатарынан жұлуға болады. 7. Төменгі жақтын, азу тістерін жұлуға ыңғайлы. 8. Жансыздандыру ұзақ уақыт әсерін сақтайды. 9. Жақ сүйектеріне ота жасауға болады. 10. Тістің ұлпасы мен қатты тіндерін жақсы жансыздандырады. 11. Ота жасалатын тіннің көлемі өзгермейді, себебі жансыздандыратын дәрі-анестетик ол жерден аулақ жерге енгізіледі. 12. Жақ қарысып қалғанда өткізгіш жансыздандыруны қолдану тиімді. 13. Егде жастағы адамдарға қолдануға болады. 14. Ауыз рефлекстерінің төмендеуі хирургке ота жасауға қолайлы жағдай туғызады. 15. Сілекей бөлінуі азаяды. 16. Қан тамырларының жүйкелері де жансызданғандықтан, ота кезінде қан ағуы азаяды
119.Тістің қатты тіндерінің патологиясын винирмен емдеу көрсеткіші. Тістің қатты тіндерін одонтоегеу әдістемесі. Клиникалық кезеңдердің ерекшеліктері.Винирлер дегеніміз: жұқа вестибулярлы жартылай сауыттар -0,5-0,7 мм қалыңдықта қапталған ,алдыңғы тістердің вестибулярлы бетін ғана немесе 2 жағын: вестибулярлы және кесу қырын,немесе 3 жағын :вестибулярлы,кесу қыры және апроксимальдіи бетін жауып тұрады.Винирлерді дайындауға көрсеткіштер: жасөспірімдерде тістің сынуы,вестибулярлы бетінде үлкен эрозия және ұрттық аймағында үлкен пломбасы бар тістерде,кіреукедегі үлкен ақаудың болуы,қышқылдық эрозия,диастеманы жабу үшін,тістердің орналасуын минимальді түзету;Қарсы көрсеткіштері: айқын бруксизм,тісжегінің жылдам таралуы,ауыз қуысының нашар гигиенасы.Винирлерді клиникалық,зертханалық дайындауда 2 типке бөледі: 1тип-клиникада дәрігер науқастыңауыз қуысында тікелей мүсіндейтін композитті пластмассадан немесе CEREC жүйесі бойынша дайындалатын керамикалық винирлер;2тип-тіс техникалық зертханасында дайындайтын,композиттен немесе керамикадан жасалған винирлер.Тісті винирге арнап егеудің бірнеше ерекшеліктері бар.Тісті егеу кезінде винир құрылысының кесу қыры аймағына ерекше көңіл бөлу керек,өйткені осы аймақ функционалды жүктеме кезінде қосарланған қысымды қабылдайды,бұл жырықтар мен сынықтардың жиі себебі болуы мүмкін.Бұндай асқынулардың алдын алу үшін арнайы әдіс бар, ол таңдайлық бағытқа ені 1мм-дей аздаған қиғаш жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет