1. Алмалы салмалы протездер жіктемесі


Төменгі жақтың функционалдық анатомиясы. Жоғарғы жақтың функционалдық анатомиясы



бет60/62
Дата16.11.2023
өлшемі186,8 Kb.
#191554
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
1. Àëìàëû ñàëìàëû ïðîòåçäåð æ³êòåìåñ³

117.Төменгі жақтың функционалдық анатомиясы. Жоғарғы жақтың функционалдық анатомиясы.Төменгі жақ сүйегі көптеген бұлшық еттер бекітілетін бет қаңқасының жалғыз ғана қозғалмалы сүйегі балып табылады. Осыған байланысты төменгі жақ сүйегі үнемі қызметтік әсерде болады. Оның құрылысының күрделілігі осы жағдаймен түсіндіріледі. Төменгі жақ сүйегінің сыртқы және ішкі беті тегіс емес, кедір-бұдырлы, ойлы келеді, оның бұлай болуы оған бекітілген бұлшық еттердің әсерімен байланысты болады. Ұрықта төменгі жақ сүйегі 2 жартыдан тұрады. Нәресте туғаннан кейін олардың бітісіп кетуі басталады, шамамен сәби 1 жастан асқанда бұл процесс аяқталады. Қартая келе жақтың тіл қапталында жұқарған шырышты қабатпен жабылған бітіскен жерінде алмалы-салмалы протезбен /иек-тіл торусы/ тез зақымданатын тығыз сүйекті белдік пайда болады. Төменгі жақ 15-16 жасқа дейін өте тез өседі. Осы уақытта сүт тістерінің тұрақты тіске ауысуы жүреді, альвеолярлық өсінді мен тіс ұяшықтарының қалыптасуы аяқталады. Төменгі жақтың бұрышы өмір бойы өзгеріске ұшырап отырады. А.Т. Бусыгиннің мәліметі бойынша, жаңа туылған сәбидің төмөнгі жағының бұрышы орташа есеппен 140°-ке тең болады. Сүт тістерінің шығуы аяқталғаннан кейін /3-4 жас/ бұрыш 133,4°-ке дейін кішірейеді. Бұрыштың кішіреюі тұрақты тістердің, оның ішінде ақыл тістердің шығуына байланысты байқалады. 18-29 жас аралығындағы адамдар бетіне профильді телерентгенограммада өлшеу жүргізген В. Н. Трезубов төменгі жақ бұрышының 112-ден 134°аралығына дейін /орташа есеппен 119,80+-5°/ болатындығын тапты. Ары қарай тістерден жартылай немесе толық айырылғанда теменгі жақтың бұрышы қайтадан өседі. Барлық тістері бар 35 жастағы адамдарда төменгі жақтың бұрышы орташа есеппен 117,10°-ке тең, ал 70-75 жаста 124,6°-ке тең. Осы жаста төменгі жақ бұрышының өсуі өрмелеуші тармақтың артқы шетіндегі сүйек затының семуіне, сонымен қатар барлық сүйек жүйесіндегі қайта құру процесіне байланысты болады. Төменгі жақ өзінің ерекше құрылысы арқасында сыртқы әсерлерге төзімді келеді. Сонымен қатар емдік аппараттар әсерлеріне де төзімді келеді. Төменгі жақтың оқтан болған жарақатында тесік сынықтар, тіпті кездеспейді деуге болады, көбіне сынықтар жарқышақты сипатта болатындығын соғыс-дала хирургиясының тәжірибесі көрсетті. Жоғарғы жақ қозғалмайтын мүше. Қызметі жағынан төменгі жақтан біраз айырмашылығы бар. Төменгі жаққа қарағанда онда шайнау бұлшық еттерінің бекіну нуктелері болмайды. Оның бетінде орналасқан бұлшық еттер мимикалық бұлшық еттерге жатады. Осыған байланысты жоғарғы жақ бұлшық еттерден туындайтын қызметтік қысымды сезбейді. Бірақ, керісінше төменгі жақтың тұрақты қызметтік әсерінде болады, одан қысымды тамақ кесегі арқылы немесе тікелей тістерден қабылдайды. Осы аталған жағдайлар оның құрылымына, яғни қызметтік анатомиясына әсер етпей қоймайды. Жоғарғы жақты төменгі жақпен салыстырып, жәй көзбен қараған кезде, ол нәзіктеу болып көрінеді. Бұл нәзіктік ондағы ауа қуыстарының, атап айтсақ жоғарғы жақ және мұрын қуыстарының барлығымен түсіндіріледі. Осыған қарамастан ол шын мәніндегі шайнау қысымынан бірнеше есе артық болатын қысымға төтеп бере алады. Жоғарғы жақтың төзімділігі ондағы болатын сүйектің тығыз затынан құралған өте күшті тіреудің болуымен түсіндіріледі. Бұл тіреу тағамды тістеген және шайнаған кездегі пайда болатын қысымды басқа сүйектерге берілетіндей жағдайда орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет