1. Аналық малдың жыныс мүшелерінің анатомиясы – Сиырдың жыныс органдары


В) Жатыр мойынын қолмен ұстап тұрып ұрықтындару (маноцервикальдық)



бет11/24
Дата04.12.2023
өлшемі109,36 Kb.
#194918
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
2 ВКЗ КАЗ

В) Жатыр мойынын қолмен ұстап тұрып ұрықтындару (маноцервикальдық)
Әдісті Ф.И. Осташко және В.А. Чирков ұсынды. Бұл әдісте стерильді бір рет қолданылатын аспаптарды: полистироль катетер мен полиэтилен және полиэтилен қолғап қолданады. Ұрығы бар ампуланы термостан алып шығып, 70°-дық спирт сіңірілген тампонмен сүртеді, ұрықтар араласу үшін сілкеді, содан кейін стерильді қайшымен қақпашасын кеседі, ампуланың мойынына полистироль катетерді салады, сосын зат шынысының үстіне ұрықтың бір тамшысын сығып оның белсенділігін тексереді. Ұрықтың сапасын тексерген соң оны жатыр мойынына енгізеді. Ол үшін сиырдың сарпайын және құйрық түбін фурацилин ерітіндісімен сүртеді, полиэтилен қолғап киілген және физиологиялық ерітіндімен суланған оң қолды абайлап қынапқа енгізеді, сосын жатыр мойынының қынап бөлігіне массаж жасайды. Қолды қынаптан шығармай екінші қолмен дайындалған ұрығы бар ампуланы береді. Қолдың бақылауымен катетерді жатыр мойынына кіргізеді, ампуланы көтеріңкірейді, сосын ампуланың ішіндегі ұрықты жатыр мойынына ол босаңсысымен баяу сығып жібереді.
Ұрықты жібергеннен кейін ампуланы қолмен босатпай, аспапты жатыр мойынынан алып шығып, қынап түбіне қояды да қолмен жатыр мойынына массаж жасайды, бұл ұрықтың жатыр қуысына жылжуын қамтамасыз етеді. Содан кейін қолды қынаптан абайлап ампуламен катетерді қоса алып шығады.
Бұл әдісті тек ірі сиырларға ғана қолдануға болады. Ұсақ сиырларды және қынабы тар құнажындарды ұрықтандыруға бұл әдіс жарамсыз, өйткені мұндай малдың жыныс органдары микробтармен зақымданып, микробтармен ластануы және қабынуы мүмкін.
3. Жатыр әдісімен ұрықтандыру. Тек жатыр арқылы ұрықтанатын малдарда (бие, мегежін) қолданылады. Биелерді ұрықтандыруға көбінесе эбонит катетерді қолданады. Көздің бақылауымен катетерді қынап айнасы арқылы тікелей жатыр ішіне 10-15 см, тереңдікке кіргізеді. Жұмсақ резеңке катетерді қолданғанда оның бір ұшын қолмен ұстап, қынапқа кіргізеді, сосын саусақтармен оны жатыр мойынының жолына бағыттайды.
Мегежіндерді екі әдіспен ұрықтандырады: фракциялық және фракциялық емес. Фракциялық әдісте А.В. Квасницкий ұсынған универсальды зонд УЗК-5, ал фракциялық емес әдіс С.И. Сердюк пен А.А. Белов ұсынған ПОС-5 аспаптарын қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет