1. Аналық малдың жыныс мүшелерінің анатомиясы – Сиырдың жыныс органдары


Аталық малдардың жыныс мүшесінің анатомиясы -



бет13/24
Дата04.12.2023
өлшемі109,36 Kb.
#194918
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
2 ВКЗ КАЗ

14. Аталық малдардың жыныс мүшесінің анатомиясы - Аталық малдарың жыныс аппараттарының физиологиялық жағынан атқаратын қызметі: ұрық бөліп, оларды жыныс органдарынан шығарып, аналық малдың жыныс жолдарына кіргізу. Осы процестер аталық мал аппараттарының құрылыс өзгешіліктерімен, малдың түр ерекшеліктері және жыныс актісі динамикасына байланысты құбылып отырады.
Аталық малдың жыныс органдары аталық жыныс бездерінен /ен/, олардың шығаратын тармақтарынан /ен сағағы, ұрық жолы, несеп-жыныс жолы/, қосалқы жыныс бездерінен, және жыныс мүшесінен тұрады.
Аталық жыныс бездерінен /testis, orchis, didymis/ - қос жыныс бездері, сопақ немесе дөңгелек пішінді, күрделі, құбырлы без болып келеді. Басқа сол сияқты бездерден айырмашылығы, ол аталық безден бөлінетін секрет сұйықтан емес, тек клеткалық элементтерден /ұрықтардан/ тұрады. Сырттан аталық жыныс бездері ұма қабығымен жабылған (осы орын пішіні мен орналасқан жағдайы малдардың түріне байланысты әртүрлі болып келеді).
Текеде, қошқарда және бұқада ұма екі сан арасында орналасқан, бірақ вертикальді жағдайда, оның мойыны айқын байқалады. Қабанда ұма санның артында, горизонтальді жағдайда орналасқан. Артқа қатты жылжыған, мойыны жоқ, нашар салбыраған. Айғырда ұманың орналасуы сан арасында, бірақ ол горизонтальды орнығады, ал мойыны нашар байқалады.
Тері астында бұлшық ет эластикалық қабық болады ол ұма терісімен жабысып өсіп кеткен, сондықтан жылтыр бұлшық ет жиырылғанда ұма терісі бүріседі де қатпарланады.
Бұлшық ет эластикалық қабық, ұманы екі жартыға бөлетін көлденең қалқасын құрайды. Бұлшық ет эластикалық қабық астында жалпы қынаптық қабық жатыр (осы жердің әрбір жартысының ішінде жалпы қынаптық қабық аталық жыныс безінің айналасында қынаптық қуыс құрайды). Соңғысы жіңішке шап жолына өтеді, қынап тесігі арқылы құрсақ қуысымен қатынасады.
Аталық малдардың жыныс бездерінің пішіні, көлемі және салмағы жағынан бірдей емес. Қошқар мен бұқада эллипс, айғырда жұмыртқа тәрізді, қабанда сопақ бұршақ сияқты, аталық итте сопақша болып келеді. Ұзындығы жағынан ең ұзыны бұқада 12-14 см, ал қалған аталықтарда 10-12 см аралығында, салмағы жағынан ең салмақтысы қабандарда, олардың әрбіреуі 400-500 г жетеді.
Аталық жыныс бездері 300-ден 400-ге дейін үлестерге бөлінеді. әрбір үлесте 4-5 иреленген жолдар бар, олардың ұзындығы 50 см-ден 80 см-ге дейін. Жыныс бездері жолдарының ұзындығы, айғырда 86 см, қабанда 64 м, бұқада 30 м.
Жыныстық жағынан жетілген аталықтардың жыныс бездерінің иреленген жолдарында аталық жыныс клеткалары - ұрықтар пайда болады
Ен сағағы /epididymis/ бұқада, қошқарда және текеде аталық жыныс безінің каудальдық шетіне тығыз, ал айғырда, қабанда және итте жыныс безінің дорсалатеральдық бетінде жатады. Ен сағағының басын, денесін және құйрығын ажыратады. Текеде, қошқарда, бұқада ен сағағының басы жыныс безінің дорсальды шетінде жалпақ қабат түрінде орналасқан. Ен сағағының денесі жыныс безіне оның каудальды шетіне көлденең жатады. Текеде, қошқарда, бұқада ен сағағының құйрығы вентральды, қабан мен итте аталық жыныс безінің дорсальды шетінде жатады. Ен сағағының басы 13-15 жолдардан тұрады. Осы жіңішке жолдар жалпақтығы 0,1 мм-ден 0,3 мм қатты иреленген ен сағағының жолына құйылады. Ен сағағының құйрық бөлімі секрет және ұрықтармен толған. Бұл жерде ұрықтар жетіледі, қорғаныс қабығымен жабылады және анабиоз жағдайына өтеді, осы процесстің арқасында ұрықтар екі айға дейін ұрықтандыру қасиетін сақтайды.
Шәует бауы /funiculus spermaticus/ шырыш қабатымен жабылған, ұрық жолынан, қан тамырларынан, жүйке және бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Ол аталық бездің сағағынан басталып, шапқа дейін созылады.
Ұрық жолы /тұқым жолы/ ductus, deferens ұзын түтікшеден тұрады, олар оң және сол ұрық жолдарына бөлінеді. Ұрық жолдарының әрбіреуі ең сағағының құйрығынан басталады да шәует бауымен шап жолы арқылы құрсақ қуысына өтеді, содан кейін қуықтың дорсальды бетіне жетеді. Осы жерде айғыр, теке, қошқар, бұқа ұрық жолдары айқын көрінетін ұрық жолының құтысы деп аталатың кеңейткішін құрайды. Бұқада олар тік ішек арқылы жақсы байқалады. Қабан мен итте бұндай құты болмайды.
Ұрық жолының қабырғасында қатты тарамдалған сұйық секрет бөлетін эякуляция кезінде ұрықтармен араласатын бездер /олар итте жоқ/ болады.
Қуық мойынының үстінде екі ұрық жолдары жалпы несеп шығаратын жолдың бас жағына құйылатын кішкентай шығаратын тармаққа қосылады.
Қосалқы жыныс бездері
а/ Көпіршік безі ұрық жолының бойына шығаратын тармақтармен ашылатын қуық мойынының жанында орналасқан. Бұлар қошқар, бұқа және айғырда жақсы дамыған, итте жоқ.
б/ Простата безі денеден және тарамдалған /бытыраған/ бөлімнен тұрады. Денесі қуық мойына көлденең жатады. Тарамдалған /бытыраған/ бөлімі несеп-жыныс жолының жамбас жағының қабырғасында орналасады. Аталық итте және айғырда өте жақсы қабан мен бұқада кішкентай денесінен басқа көп санды ұсақ без топшалары бар нашар дамыған, қошқар және текеде олар тек безді топпен келтірілген.
в/ Томпақ немесе куперов безі несеп-жыныс жолына екі тармақтармен әрбір жағынан біреуден ашылады. Айғыр мен қабанда осы бездер жақсы дамыған бұқа, қошқар, текеде онша үлкен емес аталық итте жоқ. Уретраның кілегей қабығының қатпарларында, жыныс жолдарының бойында түткішелі уретральды бездер орналасқан.
Жыныс мүшесі /penis/ шағылысу органы болып саналады, ол түбірден, денеден және бастан тұрады. Басты бір венозды, ал дененің негізін екі үңгірлі артериальдық немесе кавернозды қан тамырларының өзгерілген денесін құрайды.
Осы екі үңгірлі денелердің арасында жыныс мүшесінің басында ашылатын уретраны қоршаған несеп жолының, каверналық денесі орналасады, қошқарда жыныс мүшесінің басында өсінді секілді шығып тұрады. Айғырда жыныс мүшесінің басы жуандаған, бұқа мен қошқарда ұзарған, қабанда – тығын тәрізді, ал иттердің жыныс мүшесі негізінде сүйек болады.
Жыныс мүшесінің тері қатпары /күпек praeputium/ барлық аталық малдарда /айғырды санамағанда/ жыныс мүшесінің краниальдық бөлігі орналасатын тері қуысы болып саналады.
Аталық жыныс органдарының қан және жүйкемен қамтылуы.
Ұманы өте нәзік сыртқы ен артериясы қамтиды. Оны арт жүйесі, мықын-қарынасты, мықын-шап жүйесінің тармақтары иннервациялай-ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет