1. Аналық малдың жыныс мүшелерінің анатомиясы – Сиырдың жыныс органдары


Аналық малдардың жыныстық жетілуім -



бет15/24
Дата04.12.2023
өлшемі109,36 Kb.
#194918
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
2 ВКЗ КАЗ



17. Аналық малдардың жыныстық жетілуім - Жыныстық жетілу - малдардың тұқым беру қабілеттілігі. Бұл аналық жыныс клетканың пайда болуымен, аналық малдарда жыныс циклының көрінуімен, жыныс гормондарының өндірілуімен, екінші жыныс белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Жыныс циклының басталуынан аталықтарда спермиогенез және аналықтарда овогенез олардың репродуктивті өмірі бойы байқалады. Малдар аталық және аналықтарға тән ерекшелікті белгілеріне (сырт келбеті, дене пішіні т.б.) ие болады.
Жыныстық жетілуі кезінде мал организмінде жаңа физиологиялық жағдайға әкелетін күрделі морфофункциональдық қайта құру процесі болады. Мысалы, тайыншаларда жыныстық жетілуінен бастап (6-7 ай) гонадотроптық гормондар саны көбейеді (А.А. Сысоев). Олардың әсерінен тек қана жыныстық жүйе ғана емес, сонымен қатар сүт безі де күшті дами бастайды. Жыныс циклының әрбір қозу сатысында сүт безінің безді паренхимасының секрециясы және клеткалардың пролиферациясы байқалады.
Жыныс циклының басталу мерзімі көп факторларға, әсіресе мал түріне, тұқымына, жынысына, ауа райына, асырауына, нейросексуальдық тітіркендіргіштерге, байланысты. Неғұрлым мал түрлерінің өмірі қысқа болса, соғұрлым олардың жыныстық жетілуі ерте басталады. Үй жануарларында жыныстық жетілу түз жануарларына қарағанда ерте келеді.
Малдардың жыныстық жетілуі әр мезгілде келеді (орташа жас, ай):
інген 9-12; Бие 18; Есек 12-15; Сиыр 6-9; Саулық және ешкі 5-8; Мегежін 12-15; Ит 6-8; Аналық қоян және мысық 4-8.


18. Ректоцервикальды қолдан ұрықтандыру - Көп мамандар малдарды қынап айнасынсыз пипеткамен тік ішек арқылы жатырды ұстап ұрықтандыруды қолайлы деп санайды. Бұл үшін бір қолмен тік ішек арқылы жатыр мойынын ұстап, ал екінші қолмен қынап арқылы пипетканы енгізеді. Бұл әдісте бір рет қолданылатын полиэтилен қолғаптар, полистироль немесе шыны пипеткалар қажет.
Бұл әдісті әсіресе жұқпалы аурулары бар шаруашылықтарда қолдану пайдалы. Бұл әдіспен ұрықтандыру үшін жуылған және спиртпен сүртілген құрғақ қолмен пакеттен полистироль пипетканы алады да, оған пластмасса ампуланы немесе резеңке баллонды қосады да, пипеткаға байланыстыратын муфтамен кішкентай капрон шприцті жалғайды, содан кейін 1 мл ұрық сорады.
Сулы тампонмен немесе қайнатылған сулы сықпамен сиырдың сыртқы органдарың сүрткен соң, оң қолмен пипетканы қынапқа оның жоғарғы енуінен (қабырғасынан) кіргізеді. Полиэтилен қолғап киілген бір қолды сабындап тік ішекке енгізеді, онан соң жатыр мойынынан ұстайды да пипетканың ұшын оған бағыттайды.
Пипетканы енгізгеннен кейін (бір әрекетте), оны әрі қарай жылжыту үшін жатыр мойынын қолдың барлық саусақтарымен ұстап жеңіл айналдырып, абайлап пипеткаға кигізеді. Аналық малды ұрықтандырғаннан кейін поиэтилен қолғапты және полистироль пипетканы жағып жібереді, ал шыны пипеткаларды сүртеді сосын стерильденгенше бөлек темір трубкада сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет