21. Маноцервикальдықолдан ұрықтандыру - Әдісті Ф.И. Осташко және В.А. Чирков ұсынды. Бұл әдісте стерильді бір рет қолданылатын аспаптарды: полистироль катетер мен полиэтилен және полиэтилен қолғап қолданады. Ұрығы бар ампуланы термостан алып шығып, 70°-дық спирт сіңірілген тампонмен сүртеді, ұрықтар араласу үшін сілкеді, содан кейін стерильді қайшымен қақпашасын кеседі, ампуланың мойынына полистироль катетерді салады, сосын зат шынысының үстіне ұрықтың бір тамшысын сығып оның белсенділігін тексереді. Ұрықтың сапасын тексерген соң оны жатыр мойынына енгізеді. Ол үшін сиырдың сарпайын және құйрық түбін фурацилин ерітіндісімен сүртеді, полиэтилен қолғап киілген және физиологиялық ерітіндімен суланған оң қолды абайлап қынапқа енгізеді, сосын жатыр мойынының қынап бөлігіне массаж жасайды. Қолды қынаптан шығармай екінші қолмен дайындалған ұрығы бар ампуланы береді. Қолдың бақылауымен катетерді жатыр мойынына кіргізеді, ампуланы көтеріңкірейді, сосын ампуланың ішіндегі ұрықты жатыр мойынына ол босаңсысымен баяу сығып жібереді.
Ұрықты жібергеннен кейін ампуланы қолмен босатпай, аспапты жатыр мойынынан алып шығып, қынап түбіне қояды да қолмен жатыр мойынына массаж жасайды, бұл ұрықтың жатыр қуысына жылжуын қамтамасыз етеді. Содан кейін қолды қынаптан абайлап ампуламен катетерді қоса алып шығады.
Бұл әдісті тек ірі сиырларға ғана қолдануға болады. Ұсақ сиырларды және қынабы тар құнажындарды ұрықтандыруға бұл әдіс жарамсыз, өйткені мұндай малдың жыныс органдары микробтармен зақымданып, микробтармен ластануы және қабынуы мүмкін.
22. Шәуетті тасымалдау -Қазіргі уақытта малдарды тасып әкелетін ұрықтармен ұрықтандырады. Ұрықты қандай қашықтықтан әкелгені ешқандай рөл ойнамады, олардың малды ұрықтандырғандағы нәтижесі табиғи ұрықтандырудағыдан кем болмау керек.
Тасымалдау кезінде ұрықты қабылдап алғаннан ұрықтандыруға қолдану кезіне дейін ұрықтың тіршілігін сақтайтын тәртіпті қатаң қадағалаған дұрыс. Ұрықты термоспен тасымалдайды.
Ұрықты сұйық азотта сақтап тасу үшін арнайы тоңазытқыш жабдықтарды қажет етеді: азотты тоңазытқыш камералар, азоттық термостар. Көбінесе ұрықты сақтау үшін Дьюар ыдысы қолданылады.
Бұндай жағдайда ұрығы бар ыдыстардың істен шықпауын қадағалау қажет. Аз мерзімді уақытқа сақтауға қойылған ұрықты температураның ауытқыуынан сақтау керек.
Тоңазытылған ұрықты Дьюар ыдысымен тасымалдайды. Егер ұрық жерде жүретін көліктермен тасымалданса онда ыдысты мықтап бекіту керек, өйткені ішінде азоты бар ыдыс құлаған жағдайда жарылуы мүмкін. Егер ішінде азоты бар Дьюар ыдысын ұшақпен тасымалдаса, ыдысты азотпен жартысына дейін толтырады.
Әрбір жіберілген ұрық топтарына ордер беріледі, оған ұрықты алған тәулікті және сағатын, аталық малдың атын, ұрық бағасын және мөлшерін жазады.