1. Қандай ақауда беттерінің көкшіл қызаруы кездеседі


Төс сүйегінің төменгі жағында қыжыл сезімінің болуы неге байланысты?



бет37/135
Дата19.05.2022
өлшемі0,78 Mb.
#143886
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   135
Байланысты:
4 пән жинақ

12. Төс сүйегінің төменгі жағында қыжыл сезімінің болуы неге байланысты?
А. өңештегі Рh-тың сілтілі болуына
В. өңештің төменгі сфинктрінің тонусы жоғарылауына
С. он екі елі ішектегі химустың ас қазанға кері өтуіне
D. ас қазан сөлінің өңешке өтуіне
E. өттің өңешке өтуіне
13. Функциялық дисфагияға қандай белгі тән емес:
А. ұстама тәрізді басталады
B. психоэмоциональдық жағдай ықпал етеді
C. алдымен құрғақ-қою, сонан соң жартылай сұйық, соңында сұйық тағамның
өтуі қиындайды
D. сұйық тағамға қарағанда құрғақ астың өтуі жеңіл
E. седативті дәрілермен басылады
14. Түнгі және аш қарынға іштің ауырсынуы қай ауруға сипатты?
А. ас қазанның қатерлі ісігіне
В. созылмалы холециститке
С. эзофагитке
D. он екі ішектің жара ауруына
E. гипоацидті гастритке
15. Шіріген жұмыртқа иісімен кекіру қай жағдайға тән?
А. он екі елі ішектегі химустың ас қазанға кері өтуіне
В.пилоростеноздың нәтижесінде ас қазанда тағамның ұзақ уақыт тұрып қалуына
С.өттің өңешке өтуіне
D. асқазан сөлінің гиперсекрециясына
E.асқазан сөлінің өңешке өтуіне
16. Мелена дегеніміз не?
А. іштің кебуі
В. сілекейдің көп бөлінуі
С. қара май тәрізді нәжістің болуы
D. іш өту
E. іш қату
17. Өңештік құсықтың ерекшеліктері қандай?
А. лоқсымай құсады, тамақ өзгермеген
B. лоқсумен құсады, ауызда қышқыл дәм сезеді
C. ас жартылай қорытылған болады
D. қышқыл иісі болады
E. бірнеше күн бұрын жеген тамағын құсады
18.Асциттіанықтайтын белгілерге қайсысы жатпайды?
А. науқасты тікесінен тұрғызып қарағанда іш төмен қарай салбырайды
B. науқасты шалқасынан жатқызғанда іштің пішіні «бақа іші» сияқты болады
C. іштің алдыңғы іргесіндегі веналары білеуленеді
D.іш домалақ пішінді, кіндік ішіне түсіңкі
E. кіндік шығыңқы болады
19. Метеоризмнің пайда болу себебі қандай?
А. ішекте газдың көбеюі
B. ішектің тегіс бұлшық етінің тонусы жоғарылауы
C. ішек қабырғасымен ауа сіңірілуінің жоғарылауы
D. ішектің перистальтикасының күшеюі
E.ішектің секрециялық қызметінің бұзылуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет