* асқазан кардиясының ойық жарасы
* асқазан денесі ойық жарасы
* +постбульбарлы ойық жара
* эзофагит
168. 56 жастағы әйел, қарау кезінде фалангааралық буындар ісінкі, «веретен тәрізді көрініс» бар, оларды қозғағанда ауырсыну және қозғалысы шектелген. Қан талдауы: гипохромды анемия, ЭТЖ жоғарылаған, лейкоцитоз, диспротеинемия, фибриногеннің, серомукоидтің, гаптоглобиннің, сиал қышқылдарының деңгейінің жоғарылауы. Иммунологиялық зерттеу: ревматоидті фактор анықталды, Ваалера-Розе реакциясы оң, титрі 1: 32-те болды, латексті сынау кезінде 1:20. Буын рентгенографиясы: буын маңы эпифиздік остеопорозы, буын қуысының тарылуы, шеттері эрозия. Ең ықтимал диагноз қандай.
* Ревматикалық артрит
* +Ревматоидты полиартрит
* Деформациялаушы остеоартроз
* Бехтерев ауруы
* Подагралық артрит
169. Науқас Б., 37 жаста, дәрігерге шырышты-іріңді қақырықты жөтелге,ентігуге шағымданып келді. Жағдайының нашарлауы 5 күн бұрын басталған. 5 жыл бойы ауырады, күзгі-көктемгі кезеңде асқынады және жиі суықтаумен байланысты. Шырышты-іріңді қақырық асқыну кезінде бірнеше ай бойы аз мөлшерде бөлінеді. Пациент тәулігіне 1 қораптан 20жыл бойы шылым шегеді. Объективті: температурасы 37,5 ° С. Перкуссияда анық өкпелік дыбыс. Тынысы әлсіреген, везикулярлы, екі жағынан құрғақ, ысқырықты сырылдар анықталады. ТАЖ 22 рет минутына Жүректің тоны анық, ырғақты. ЖСЖ 72 рет минутына. АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Ең ықтимал диагноз.
* Пневмония
* Өкпенің қатерлі ісігі
* +Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
* Бронхиалды астма
* Туберкулез
170. Науқас 38 жаста. Көптеген жылдар бойы теріде және ауыз қуысының шырышты қабығына петехиалды қан құйылу, мұрыннан қан кетуі алаңдатады. Идиопатиялық тромбоцитопения диагнозы қойылған. Преднизон терапиясының ұзақ мерзімді курстары қан тромбоциттерінің санын 80-90х109 / л дейін арттырады. Алайда геморрагиялық синдром сақталады. Емдеудің қандай тактикасы дұрыс емес *!
Достарыңызбен бөлісу: |