1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"



бет131/217
Дата07.02.2022
өлшемі0,98 Mb.
#96062
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   217
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

Жасау қойындысындағы Пішіндер тобынан Пішін параметрін таңдаңыз.

  • Access бағдарламасы пішінді жасап, оны орналасу көрінісінде көрсетеді. Орналасу көрінісінде пішін деректерді көрсеткенде, оған жоба өзгертулерін енгізуге болады. Мысалы, қажеті болған жағдайда, деректерге сәйкестендіру үшін мәтін ұяларының өлшемін дұрыстауға болады.Егер Access бағдарламасы пішінді жасауға пайдаланылған кестесімен немесе сұрауымен бірге көпке-бір қатынасы бар бір кестені тапса, Access бағдарламасы деректер кестесін қатысты кестеге немесе сұрауға негізделген пішінге қосады. Мысалы, «Жұмысшылар» кестесіне негізделген қарапайым пішін жасалып, «Жұмысшылар» кестесі мен «Тапсырыстар» кестесі арасында анықталған көпке-бір қатынасы болса, деректер кестесі ағымдағы «Жұмысшы» жазбасына қатысты «Тапсырыстар» кестесіндегі барлық жазбаларды көрсетеді. Егер деректер кестесін қажетсіз деп шешсеңіз, оны пішіннен жоюға болады. Егер пішінді жасауға пайдаланылған кестеге көпке-бір қатынасы бар бірнеше кесте болса, Access бағдарламасы пішінге ешқандай деректер кестелерін қоспайды.

    Пішін шебері
    Пішінде пайда болатын өрістерді қосымша таңдау үшін, жоғарыда айтылған әртүрлі пішін құрастыру құралдардың орнына пішін шеберін пайдалануға болады. Сондай-ақ, деректердің қалай топталуы және сұрыпталуы керектігін анықтауға және кестелер мен сұраулар арасынан қатынастар көрсетілгенде, бірнеше кестедегі немесе сұраудағы өрістерді пайдалануға болады
    1 Жасау қойындысындағы Пішіндер тобынан Пішін шебері параметрін таңдаңыз.
    2 Пішін шеберінің беттеріндегі нұсқауларды орындаңыз.
    Егер пішінге бірнеше кестелер мен сұраулар өрістерін салғыңыз келсе, пішін шеберінің бірінші бетіндегі бірінші кестедегі немесе сұраудағы өрістерді таңдағаннан соң, Келесі немесе Дайын түймешігін баспаңыз. Оның орнына, кестені немесе сұрауды таңдау үшін қадамдарды қайталап, пішінде қамтылатын кез келген қосымша өрістерді таңдаңыз. Жалғастыру үшін Келесі немесе Дайын түймешігін басыңыз.

    1. Шебердің соңғы бетінде Дайын түймешігін басыңыз.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   217




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет