1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"



бет214/217
Дата07.02.2022
өлшемі0,98 Mb.
#96062
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   217
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

Мемлекетті басқару жуйесі- мемлекеттегі жоғары егемендік биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара жəне халықпен байланысын сипаттайды. Басқару нысаны мемлекет нысанындағы ең басты жетекші элемент болып табылады. Басқару формасы бойынша монархия ж\е ресмублика болып бөлінеді
Монархия – мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы болады жəне атадан балаға мұра (мирас) ретінде беріледі (өтіп отырады). Монарх (патша, король, перғауын (фараон), қаған, хан жəне тағы басқалар) ешкімнің алдында жауапты болмайды. Ол тек құдайдың алдында ғана жауапты.
Монархияның үш түрі болады: а) Шексіз (абсолюттік) монархия. Бұл жерде монарх мемлекеттің бірден бір жалғыз, ең жоғары органы. Оның қолында заң қабылдау, атқару, жəне сот биліктері шоғырланған. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны СаудАравиясы, Біріккен Араб Əмірлігі елдерінде орын алған.
б) Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия, басқарудың мұндай нысанында елдегі билік (өкімет) монарх пен басқа органдарға бөлінген болып келеді. Мысалы, парламентке. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны Ұлыбритания, Бельгия, Норвегия, Швеция мемлекеттерінде бар.
в) Дуалистік монархия. Басқарудың бұл нысанында елдегі мемлекеттік билік монарх пен парламент араларында тең бөлікке түскен болып келеді. Мысаля, өикен замандардағы Пруссия, Австрия, Италия, Румыния, Ресей елдерінде монархтың қолында атқарушы билік (өкімет) болған.
Республика. Басқарудың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік (өкімет) сайланбалы органдарға тиесілі болып келеді. Мұндай органдар белгілі бір мерзімге ғана сайланады жəне олар сайлаушылар алдында жауапты болады.
Республика билігінің екі жолы бар: президенттік жəне парламенттік. Президенттік республикада Президентті тікелей халық сайлайды жəне Президент мемлекет басшысы бола тұрып, негізінен, Үкіметті өзі құрады. Қазақстан мемлекеті – Президенттік басқару нысанындағы республика.
а) Президенттік республика басқарудың бұл нысанында президенттің жеке өзі, парламенттің қатысуымен үкіметті құрады. Үкімет өзінің қызметтері бойынша президент алдында жауапты болады. Басқарудың мұндай нысаны қазіргі заманда Америка Құрама Штаттарында жəне Қазақстанда орын алған.
б) Парламенттік республика. Мұндай басқару нысаны бар елде парламент заң қабылдайтын ғана емес, сонымен бірге үкіметті бақылайтын да орган болып табылады. Мұндағы президент – мемлекет яғни ел басшысы, ол үкімет басшысы емес. Мұнда үкіметті партиялар құрады. Үкіметке премьер-министр жетекшілік етеді (басқарады) (премьер-министр лауазымы басқаша аталуы мүмкін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   217




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет