1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"


Мəтіндік редактор туралы жалпы түсінік



бет67/217
Дата07.02.2022
өлшемі0,98 Mb.
#96062
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   217
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

45. Мəтіндік редактор туралы жалпы түсінік.
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланылады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.
Біріншіден, компьютердег мәтінді түзетуге, оған мәтін үзнділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр-түрлі құжаттарды бір-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарды экранның ортасына келтіруге (центрлеуге), құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді , суреттерді , графиктерді көрсетуге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, "көлемді " пішін беруге, көлеңкелеуге және т.б.) орналасытуға болады.
Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т.б.) сканер арқылы өткізіп, танымдық программасын көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанға дайын үлгілерді пайдалануға болады.
Бұл айтылғандарды жүзеге асыру үшін, WortPad мәтіндік редакторы қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   217




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет