97. Жергілікті есептеу желілерінің тағайындалуы жəне сипаттамасы. Жақын орналасқан ғимараттар кешенінде бір бөлмеде ғимаратта егер де пайдаланушылар қандайда бір мәселені бірігіп шешуге , мәліметтер алмасуға немесе ортақ мәліметтерді пайдалануға тиісті бірнеше компьютер бар болса, онда осы компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру орынды болады. Жергілікті желі - бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылатын кабельдер арқылы өзара қосылған бірнеше коьмпьютер тобы. Жұмыс үстелінде жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған желілік орта қалтасының белгішесі лөрініс табады . Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін , әрбір компьютерді желілік бейімдеуіш немесе желілік тақта орнатылған болуы тиіс. Компьютерлердің қазіргі заманға сай модельдерінде әдетте желілік бейімдеуіш аналық тақташа бірге орнатылған болады. Басқа пайдаланушылар сіздің басып шығарғышыңызға қатынауын ашу үшін мына әрекеттерді орындаңыз . Бастау – Басып шығарғыш пен факстер әмірін орындаңыз сіздің компьютеріңізге қосылған барлық басып шығарғыштар мен факстардың белгішелері бар сұхбат терезесі ашылады.