1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"



бет87/214
Дата30.04.2020
өлшемі0,98 Mb.
#65217
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   214
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

Терезенің негізгі элементтері:

· Тақырып жолағы – бұл құжаттың атауы және терезені басқару атырмалары

· Бас мәзір. Әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан тұрады:

· Стандартты құралдар үстелі – Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою сияқты:

құжатпен жұмыс істеуге арналған негізгі стандартты батырмаларды қамтиды.

· Пішімдеу құралдар үстелі – мәтіннің қажетті параметрлерін және оның құжатта орналасатын орнын (туралауды) белгілеуге арналған:

· Айналдыру сызықтары – құжат ішінде қозғалуға (құжаттың түрлі бөліктерін қарап шығу үшін) мүмкіндік береді

· «Алдын ала қарап алу» – бұл файлды басып шығарылатын күйінде қарап шығу.

Әдепкіде әрбір Excel кітабындағы парақтар Парақ1, Парақ2 және Парақ3 деп аталады. Кітапқа ерекше атау беру – оның не туралы екенін есте сақтап қалуға көмектесетіні сияқты, парақтың атауын өзгерту де оның мазмұнын есіңізге салады.

Парақты қайта атау үшін Парақ1 қосымшасын екі рет шертіңіз. Парақ1 мәтіні ерекшеленеді. Жаңа атау, мысалы Кіріс деп енгізіңіз де, пернесін басыңыз. Қосымшада Кіріс атауы пайда болады.

Ашық тұрған Microsoft Excel қосымшасында жаңа құжат жасау үшін мына әрекеттердің бірін орындау қажет:

· Стандартты құралдар үстелінде Жаңа батырмасын шерту;

· + пернелер тіркесімін басу;

· Файл мәзірінің – Жаңа, содан кейін Жаңа бөлімінде оң жақта қалқып шығатын үстелде Таза кітап әмірін орындау.

Осыдан кейін сіздің көз алдыңызда жұмыс істеуге әзір жаңа Excel құжаты ашылады. Бағдарлама жаңа құжатқа Кітап1 деген ат береді, бірақ сіз құжатты сақтау кезінде оған айрықша есім беруіңізге болады.

Бар құжатты ашу үшін Файл мәзірінде Ашу бұйрығын таңдаңыз немесе пернелер тіркесімін басыңыз, сонда бейне Ашу сұхбат терезесі пайда болады.

Екі рет шертіп қажетті файлды көрсетіңіз. Егер ол файл жұмыс аймағанда жоқ болса, Ашу әмірінің сұхбат терезесін пайдаланып, оны басқа қалтадан немесе дискіден іздеп көріңіз.

Кітапты сақтау үшін Файл мәзірінен Сақтау әмірін таңдаңыз немесе пернетақтадан бір мезгілде пернелерін басыңыз, егер сіз бұл құжатты бірінші рет сақтап отырсаңыз, бағдарлама Басқаша сақтау сұхбат терезесін ашады (8.4-сурет).

Содан кейін файл атауын енгізіп, осы сұхбат терезесін пайдаланып, файлды сақтау жолын нұсқаңыз. Файлдың атауы мен сақтау орны сіздің талаптарыңызға сай келетініне көз жеткізіп алып, Сақтау батырмасын басыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет