1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"


Microsoft Office қосымшалары арасындағы байланыс



бет89/214
Дата30.04.2020
өлшемі0,98 Mb.
#65217
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   214
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

60. Microsoft Office қосымшалары арасындағы байланыс.
Деректер қоймасы дегеніміз – машиналық ақпарат тасушыларда орналасқан, өзара байланыстағы деректері бар жиымдар кестесі. Excel –де жұмыс парағы – кестенің, баған – өрістің, жол - жазбаның ролін атқарады. Деректердің қоймасын жасауда жұмыстардың төмендегі кезеңдері орындалады:

1. кесте өрісінің атауларын анықтау;

2.кестелерге тікелей енгізу немесе пішімдердің көмегімен деректер кестесін толтыру;

3.кестелер арасындағы байланысты сілтемелер мен формулалар арқылы орнату.

Деректер қоймасымен тікелей жұмысқа төмендегілер кіреді:

1. Деректерді реттеу;

2.Фильтрлеудің көмегімен қажетті деректерді алу;

3.Деректерді экрандық түрде қарап шығу.


Microsoft Office қосымшасымен жұмыс істесеңіз, Сервис менюінде Microsoft Office-нің басқа қосымша-ларымен байланысты жүзеге асырады (Связи с Office). Кестелермен байланыс – сыртқы файлдардан байланысқан кестелермен кестелер құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кестелер импорты – сыртқы файлдан ағымдағы деректер қорына кестелер импортын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

EXCEL электронды кестесімен импорттау оңай жұмыс емес. Оның жұмыс парағы да бағандардан тұрғанымен, олар ДҚ бағандар сияқты емес. Өйткені, олар әр түрлі типтегі берілгендерді сақтай алады. Мұндай импорттау кезінде қолданушыға бірнеше қосымша сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға жауап бере отырып, импорттау жұмысын орындауға болады. Бірақ, оның өзінде берілгендер толық көшірілмеуі мүмкін. Ақпараттық жүйелер қолданылатын берілгендерден тұратын текстік файлдарды импорттауға болады. Мұндай файлдардың ерекшелігі оларда берілгендер белгілі бір ретпен жазылады.

Деректерді импорттау арнайы Шебер арқылы орындалады. Оның жұмысы параметрлерді анықтаудан басталып, алты қадамнан тұратын Шебер терезелерінде қажетті таңдауларды орната отырып, ең соңғы терезедегі Дайын батырмасын басумен аяқталады. Сонда бастапқы алынған файлдағы деректер Access ДҚ – ның деректеріне айналады. Сонымен, импорттау процесінде Access кестесінің өрістері анықталып, ондағы деректер сырттағы басқа файлдан алынады.

ДҚ–ның Access – те қолдау табатын бірнеше форматтары бар. Сондықтан кейбір жағдайларда ДҚ – нан импорттаудың орнына файлмен байланыс орнату жеткілікті. Бұл тәсіл әр түрлі ДҚБЖ–де құрылған екі ақпараттық жүйені интегралдауға мүмкіндік береді. Сонымен кестелермен байланыс режимінің алгоритмі мынадай:


  1. Жаңа кесте сұхбаттық терезесінде кестелермен байланыс тәсілін белгілеп, ОК батырмасын басу керек.

  2. Пайда болған Байланыс терезесінде байланыс жасайтын файл және оның типі таңдалады.

  3. Жабу батырмасын басып, байланыс процедурасын аяқтау керек.

Осы қадамдардан кейін ағымдық қатынаста байланысқан ДҚ жайында ақпарат сақтау үшін, INF типтегі файл құрылады да, атауы байланыс файлы атауымен аттас кесте пайда болады. Байланысқан кестеде жаңа өріс құруға болмайды, бірақ жазбалар қосу мүмкіндігі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет