53. Кітапты құру. Бетпен жұмыс. Жұмыс кітабының парақтары. Жұмыс кітабының парағымен жұмыс жасаған кезде бірнеше кестені бірге пайдаланып, кітаптың бірнеше парағын бір уақытта қатарластыра отырып қолдану қажеттілігі туады. Экранның төменгі жағында кестелер, яғни парқта жарлығы көрініп тұрады. Егер бір жарлықта тышқанның бір жақ батырмасын сырт еткізсе, онда соған сәйкес кесте екпінді етіліп, ол ең үстіңгі парақ боп шығады. Жарлықта тышқанның оң ақ батырмасын сырт еткізу кестені өшіру, оның атын өзгерту тәрізді әрекеттерді орындайтын менюді экранға ығарады. Экранның сол жақ төменгі бұрыштарында жарлықтарды ауыстыру батырмасы бар, олар арқылы бір парақтан екінші параққа жылдам көшуге болады. Ауыстыру батырмасында тұрып, тышқанның оң жақ батырмасын сырт еткізсе, онда керекті кез келген парақты таңдап алуға мүмкіндік беретін контекстік-тәуелді менюді шақыруға болады.