Геодезияның пәні және міндеттері
Геодезия деп –Жер пішіні мен өлшемдерін анықтау әдістерін, оның бетіндегі өзгерістер мен құбылыстарды карталар мен планға түсіру мақсатында атқарылатын жұмыстарды, сонымен біргеәртүрлі инженерлік істерді шешетін ғылымды айтады.Қазіргі кезде бұл бағытта шешілетін ғылыми және іс жүзіндегі жұмыстардың ауқымының кеңдігіне байланысты, геодезия бірнеше салаға бөлінген.Топография кіші аумақты жер көлемін карта мен планға кескіндеу мақсатында, оның әдістерімен, түсірумен шұғылданады.Картография барлық Жер бетінің біршама үлкен аумағын, әр түрлі бағыттағы карталар түрлерін құрастырумен, сонымен бірге олардың жаңа технологиясын, өндірісін және көбейтілуін зерттейді.Жоғарғы геодезия Жердің пішінін, өлшемдерін анықтау әдістерімен, жер қыртысының ойысуларын, өзгерулерін, сонымен бірге керекті нүктелердің координаталарын жоғарғы дәлдікпен анықтаумен шұғылданады.Космостық геодезияжасанды Жер серіктерінен, басқарылмалы орбиталық станциялардан, планетааралық кемелерінен бақылау нәтижелерін қолдана отырып, әр түрлі геодезиялық жұмыстарды шешумен шұғылданады. Айдың бетін және планеталарды зерттеумен арнаулы бөлімдер -селенодезия, планетодезия шұғылданады.Теңіз геодезиясы картографиялау және табиғи құрылымдармен шұғылдану мақсатында мұхит, теңіз қойнауында атқарылатын өлшемдер жүргізумен және оның арнаулы әдістерін құрастырумен айналысады. Фототопография топографиялық пландар мен карталарды құрастыруда жер бетінен, ауа кеңістігінен және космостан алынған фототүсірістердің нәтижелерін пайдалану әдістерімен шұғылданады.
Қолданбалы геодезия көп қырлы сала, ол ізденіс, жобалау, салу және әр түрлі инженерлік құрлыстарды пайдалану кездерінде, арнаулы геодезиялық жұмыстарды жүргізу әдістерімен шұғылданады. Геодезиялық өлшемдер әр түрлі арнаулы аспаптармен атқарылады, сондықтан олардың теориясына, құрлыстарына, түзетулеріне және тексерулеріне көп көңіл бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |