Геодезияның басқа ғылымдармен байланысы
Геодезияның басқа пәндермен байланысы. Геодезиялық өлшемдер нәтижелеріне есептеулер жүргізу –жауапты жұмыстардың бірі, сондықтан олардың нәтижелерін қазіргі заманғы есептегіш машиналармен математикалық өңдеуден өткізу, олардың теориясымен, орындау әдістерін құрастырумен шұғылдануға тура келеді.
Геодезияөзініңдамукезеңдеріндеқазіргізаманғыбірнешеғылымдарғасүйенеді, еңбіріншіматематика, физика, астрономия. Соңғы шыққан геодезиялық аспаптар радиоэлектроника, автоматика және телемеханика негіздерінеден қоя құрастырылған.Геодезияныңдамутарихы. Геодезиясөзігректіліненаударғанда“жердібөлу”дегенмағынабереді. Қазіргі заманда бұл сөздің аудармасы біздің геодезия туралы түсінігімізге дәл келмейді, тек қана оның тарихи даму мағынасын ғана береді. Геодезия сөзінің қазіргі мағынасы өте кең, ауқымды, оның негізінде бірнеше ғылым салалары мен техникалары қалыптасқан.Геодезия ежелгі ғылымдардың бірі. Оның әдістері жерді бөлу кезінде және жер иеліктерінің арасындағы шекаралық қатынастарды реттеуде қолданылған. Біздің жыл санауымызға дейін мыңдаған жыл бұрын,ірі құрылыстар-сарайлар, храмдар, қабір үстіндегі құрлыстар, тоғандар, Ежелгі Шығыстағы су құбырлары салынған. Бұл құрылыстарды жер бетінде, тек қана жетілдірілген өлшеу әдістерін білгенде ғана іске асыруға болатын еді. Ежелгі Қытайда және Индияда біздің эрамызға дейін бүкіл аймақты қамтамасыз ететін суармалы жүйе және ретке келтірілген құрылысты қалалар болған, мұның бәрі ерте заманнан жер
бетінде өлшемдер жүргізудің жоғарғы деңгейде болғанын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |