5. Геодезияның салалары
Топография кіші аумақты жер көлемін карта мен планға кескіндеу мақсатында, оның әдістерімен, түсірумен шұғылданады.
Картография барлық Жер бетінің біршама үлкен аумағын, әр түрлі бағыттағы карталар түрлерін құрастырумен, сонымен бірге олардың жаңа технологиясын, өндірісін және көбейтілуін зерттейді.
Жоғарғы геодезия Жердің пішінін, өлшемдерін анықтау әдістерімен, жер қыртысының ойысуларын, өзгерулерін, сонымен бірге керекті нүктелердің координаталарын жоғарғы дәлдікпен анықтаумен шұғылданады.
Космостық геодезия жасанды Жер серіктерінен, басқарылмалы орбиталық отырып, әр түрлі геодезиялық жұмыстарды шешумен шұғылданады. Айдың бетін және планеталарды зерттеумен арнаулы бөлімдер - селенодезия, планетодезия шұғылданады.
Теңіз геодезиясы картографиялау және табиғи құрылымдармен шұғылдану мақсатында мұхит, теңіз қойнауында атқарылатын өлшемдер жүргізумен және оның арнаулы әдістерін құрастырумен айналысады.
Фототопография топографиялық пландар мен карталарды құрастыруда жер бетінен, ауа кеңістігінен және космостан алынған фототүсірістердің нәтижелерін пайдалану әдістерімен шұғылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |