Сандық – компьютерлік кезең. ХХ ғасырда компьютерлік техника заманы туғанда π санынының дәл мәнін тез есептеу одан да қарқынды дамыды.
Джон фон Нейман және де басқалары 1949 жылы алғашықы ЭНИАК деп аталатын компьютерлерді пайдаланып π санының дәл 2037 цифрын тапты. Келесі онжылдықта тағы да мыңға жуық цифрлары анықталды. 1973 жылы π санының сәйкес 1000000 \миллион\ цифры анықталды.
Мұндай ауқымды нәтижелерге жету үшін тек қана техникалық аппаратардың көмегіне ғана жүгінген жоқ, сонымен бірге тиімді формулалар мен алгоритмдерді ойлап табудың нәтижесі болды.
20-мыңжылдықтың басында үнділік математик С.Рамануджан π анықтау үшін бірнеше формулалар ойлап тапты, солардың кейбірі өте тиімді және тез есептеуге лайықты деп танылды.
формула бір жүріс жасағанда бірден 14 цифрды анықтайды. Чудновскийлер бұл формуланы жаңа рекордтар жасау мақсатында пайдаланып, 1989 жылы миллардтан астам \1 011 196 691\ цифрын анықтады.
Токиолық Ясумаса Канада 2002 жылы компьютердің көмегімен π санының үтірден кейінгі 1,24 триллион таңбасын есептеп шығарды.
2009 жылы тамызда Жапонияның Цукубо университетінің ғалымдары 2 триллион 576 миллиард 980 миллион 377 мың 524 ондық разрядын анықтады.
31 желтоқсан 2009 жылы француздық программист Фабрис Беллар компьютер көмегімен π санының үтірден кейінгі 2 699 999 990 000\екі триллион 699 миллиард 999 миллион 990 мың \ ондық таңбасын анықтаған.
2 тамыз 2010 жылы американдық студент Александр Йи және жапондық зерттеуші Сигэру Кондо үтірден кейінгі 5 триллион цифрды есептеді.
19 қазан2011 жылы Александр Йи және Сигэру Кондо π санының үтірден кейінгі 10 триллион цифрын анықтаған.