4. Ақпаратты қабылдауда адамның сезім мүшелерінің рөлі Қоршаған ортадан адамның ақпаратты түйсіну проблемасын талдағанда адам көптеген түйсік каналдарға ие екенін, солар арқылы оның миына (жады) ақпараттың түсетінін, оқушылардың назарын аудару қажет. Бұл каналдар - біздің сезім мүшелеріміз. Олар бесеу: көру, есту, дәм, иіс және сезу. Алғашқы екуінің, яғни көру және есту түйсіктерінің рөлі айқын болса, қалғандары түсіндіруді талап етеді. Біз есімізде таныс заттардың иістерін, таныс тағамның дәмдерін сақтаймыз. Сипалау арқылы кейбір заттарды танимыз. Есімізде бар нәрсе - біздің жадымызда сақталып тұрады. Яғни, ол біздің біліміміз, сондықтан - ақпарат болып табылады.
Ақпарат қандай процестерге қатысады, мұндай процестерде ол қандай өзгерістерге ұшырайды? Біздің әрқайсымыз ақпаратты жинауға, сақтауға, тасымалдауға, өңдеуге және пайдалануға болатынын естідік. Жүріп келе жатқан жолымызға қарап, біз көру мүшеміз арқылы ақпарат жинаймыз. Көздің нерв талшықтарында ақпарат өте күрделі түрлендіруден өтіп мидың көру бөліктеріне беріледі. Бұл жерде ол одан әрі өңделеді де, өңделудің нәтижесі бірден пайдаланылады: біздің бұлшық еттерімізге сигналдар (ақпарат) келіп жетеді, сондықтан біз шалшық суларды айналып, ал тастардан аттап өтеміз.
Біздің организмдегі ақпарат жинау мен өңдеу жүйесінің тағы бір жүйесі - жылу реттеу жүйесі. Біздің терімізде 300 мыңға жуық сезімтал клеткалар бар, олар дененің температурасы туралы ақпарат жинайды. Жиналған ақпарат мидың белгілі бір бөліктерінде: атап айтқанда, жылу қайтару орталықтарына (денені суытуды басқаратын) және жылу өндіру орталығына (денені жылытуды басқаратын) беріледі. Бұл орталықтарда ақпарат өңделеді де, қажетті жағдайларда, мысалы жылыту керек болса, тамырларға қан үдемелі түрде жіберіледі, ал суыту керек болса, тер шығару процесі күшейтіледі. Егер жылу шығару орталықтарына <<жалған ақпарат>> жіберілсе (мысалы, оларды электр тоғымен тітіркендіріп), онда олар денені өте қатты қыздырып, өлу температурасына дейін жеткізуі мүмкін. Адамзаттың қолымен жасалған әр алуан құрылғылар мен жүйелердің әрқайсысында қандай да бір дәрежеде ақпарат жинау мен өңдеу жүргізіледі.
1.3. Ақпаратты өлшеудің мағыналық жолы
Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
Қарастырылатын сұрақтар:
-адам қабылдайтын хабардың ақпараттылығы (орысш. - информативность) неменеге тәуелді;
-ақпараттың өлшем бірлігі;
-хабардағы N теңықтималды оқиғалардың ішінен біреуіндегі ақпарат саны.
2. Қазіргі компьютерлер қандай ақпараттармен жұмыс істей алады? Компьютер адам қолданатын кез-келген ақпаратпен жұмыс істей алады деп тұжырым жасауға бола ма?
« Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда « есептеуіш» , яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын- ала көрсетілген нұсқаулық –бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.
Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізгі 1943 жылы « Марк-1» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар ЭЕМ, содан кейін –интегралды сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ және ең ақырында қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.
Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен сандық есептеулер жүргізіліп қана қоймайды, баспаға кітаптар әзірленеді, музыка, суреттер, кинофильмдер жасалады, заводтар мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге асырылады және т.б.
Қазіргі замаңғы компьютер –бұл ақпаратты іздеуге, жинауға сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.
Бүгінде компьютерлердің бесінші буыны ЭЕМ-нің суперкомпьютерлер, мейнфреймдер, серверлер және дербес компьютерлер сияқты негізгі түрлерін ұсынады.
Алғашқы дербес компьютер , яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді 1981 жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM РС стандарты пайда болды. Құрылысы бойынша компьютерлер бірнеше түрлі болады: үстел үстінде тұратын (Desk Top ) ұтқыр (NoteBook) қалтаға салуға келетін (PocketPC ) алақанға сыятын (Palm Pc) және т.б (1.1-сурет).
3. ЭЕМ-нің құрылымы мен жұмысы туралы «архитектура» ұғымында не қолданылады, не қолданылмайды ?
Компьютер – деректерді құру, сақтау және тасымалдауды автоматтандыруға арналған электрондық құрал. «Архитектура» сөзін ЭЕМ үшін қолданғанда, ол пайдаланушыға қажет компьютер сипаттамаларының жиынтығы деп түсінуге болады. Олар – ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары мен блоктары және олардың арасындағы байланыстар құрылымы.
ЭЕМ құрудың жалпы принциптері:
ЭЕМ жадының құрылысы
60-ж. ортасынан бастап есептеуіш машиналарды жасау үшін, аппараттарды және математикалық қамтамасыздандырудың кейбір құралдарын тәуелсіз құрастырудың орнына, аппараттық (hardware) және бағдарламалық (software) құралдардан тұратын жүйе жобалана бастады. Мұнда алдыңғы жоспарға олардың өзара әрекеттестік концепциясы қойылды. Осылай жаңа түсінік – ЭЕМ архитектурасы – пайда болды.
ЭЕМ архитектурасы деп сәйкес есептер класстарын шығару үшін, ЭЕМ-нің функционалдық мүмкіндіктерін анықтайтын, аппаратты-бағдарламалық құралдар мен олардың сипаттамаларын ұйымдастырудың жалпы принциптерінің жиынтығын айтады. ЭЕМ архитектурасы апараттық және бағдарламалық құралдар комплексін құру және көптеген факторларға көңіл қоюмен байланысты кең шеңбердегі проблемаларды қамтиды. Осы факторлар ішінде маңыздылары: бағасы, қолдану саласы, функционалдық мүмкіндіктері, пайдалануға ыңғайлылығы, ал архитектураның ең басты компоненттерінің бірі аппараттық құралдар болып табылады. ЭЕМ архитектурасының компоненттерін келесі суреттегі үлгідей көрсетуге болады
4. ЭЕМ-нің құрылысын түсіндіргенде адам мен компьютердің арасындағы аналогияны қолданудағы әдістемелік идеяның мәні неде?