2. Адам білімін саралау мәселелері. Сонымен, сөз адамның білімін саралау мәселесіне ауысты. Білімді саралау - өте күрделі мәселелердің бірі. Бұл мәселемен <<Жасанды интелект>> ғылымы айналысады. Оның басты мақсаты - адамның білімін саралау және модельдеу болып табылады.
Информатиканың базалық курсы шеңберінде білімді - декларативті (баламасы - мәлімдемелік) және процедуралық (баламасы - орындау тәртібі) деп бөлуімен шектелсе жеткілікті.
Декларативті білімнің сипаттамасын мынадай сөздерден бастауға болады: <<Мен не екенін білемен>> (орысш. - <<Я знаю, что...>>). Ал, процедуралық білімнің сипаттамасын мынадай сөздерден бастауға болады: <<Мен қалай орындауды білемін>> (орысш. - <<Я знаю, как...>>). Мұнда, осы сипаттама негізінде, оқушылар білімнің екі түріне де мысалдарды сенімді келтіре білуін талап ету қажет. Келешекте оқушыларды компьютердің жұмысымен және құрылғыларымен таныстыру үшін білімді осылай бөлінуін алдын ала (проподевтикалық) талдап алу өте қажет екенін мұғалім жақсы түсінуге тиіс.
Компьютерде адамға ұқсас ішкі - жедел және сыртқы - ұзақ уақытты жады болады. Компьютердегі ақпарат туралы сөз қозғалғанда оқушылар ондағы барлық ақпаратты - деректер және бағдарламалар деп екіге бөлінетінін білетін болады. Яғни, деректер - декларативті, ал бағдарламалар - процедуралық ақпаратқа жатқызылады.
Компьютермен адамның ақпараттық қызметі арасындағы ұқсастықты, дидактикалық тәсілмен салыстыру, оқушыларға ЭЕТ- ның жұмысы мен мағынасы тиімдірек жеткізіледі.