Сабақтың тақырыбы: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: * Планиметрия мен стреометрия арасындағы пәнаралық байланыс пен ұқсастықты қолданып, оқушылардың « тікбұрышты координаталар жүйесі» туралы түсінігін кеңейту;
*«Координаталар жүйесі», «координаталар осі», координаталық жазықтық», «координаталардың бас нүктесі», «октанттар» секілді кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесінің негізгі ұғымдарын меңгеру;
*Тікбұрышты координаталар жүйесін сала білу;
*Жазықтықта және координаталар осьінде жатқан нүктелердің координаталарын тани білу және кеңістіктегі нүктелердің координаталарын анықтай білу;
Дамытушылығы: Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелілігі: Оқушылардың дәлдік, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық
қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, Рене Декарт портреті, кеспе қағаздар, бағалау бетшесі
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы, білім алудағы жаңа әдіс – тәсілдер
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу
2. Сыныпты топқа бөлу ( х, у, z )
Бағалау бетшесі
№
|
Оқушының аты - жөні
|
Үй тапсырмасы
|
Білу ( жаңа тақырып бойынша өздеріндегі білім базасы
|
Түсіну (жаңа тақырыпты түсінуі)
|
Талдау (жаңа тақырып бойынша ойларын айту)
|
Қолдану (алған білімдерін есеп шығаруда қолдана алу)
|
Жинақтау ( жаңа тақырыптан білгендерін жинақтау)
|
Бағалау ( алған білімдеріне бір - біріне баға беру)
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІ. Үйге тапсырманы “Ой шақыру” әдісі бойынша тексеру
1. Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр дегеніміз не?
2. Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық дегеніміз не?
3. Перпендикуляр түзу мен жазықтықтардың қасиеттерін айт
ІІІ. “Еске түсіру” әдісі бойынша жаңа сабаққа дайындық .Білу
1. Тік бұрышты координаталар жүйесі дегеніміз не?
2. Координаталық жазықтық дегеніміз не?
3. Қай ғалымның құрметіне декарттық координаталар жүйесі деп аталған?
4. Координаталық осьтер дегеніміз не, қандай остерді білесіңдер?
ІV. Топтарға тапсырма. Түсіну.
Х тобы У тобы Z топтары
1. Кеңістіктегі тікбұрышты координаталық жазықтықты қалай түсінесіңдер?
2. Кеңістіктегі нүктенің координатасын қалай табуға болады?
Ойларыңды постермен қорғаңдар Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесін өмірмен байланыстыра суреттеңдер
V. Жаңа тақырыпқа теориялық шолу. Талдау
Z координаталық түзуі
Оху жазықтығына перпендикуляр
О нүтесінде қиылысатын өзара перпендикуляр х, у, z координаталық түзулері координаталық осьтер, ал О нүктесін координаталардың бас нүктесі дейміз.
Әрбір координаталық осьті О нүктесі оң және теріс жарты оське бөледі.
Координаталық жазықтықтар кеңістікті сегіз бөлікке бөледі. Оны октанталар деп атайды
VІ.Миға шабуыл стратегиясы қолдану
Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
І топ тапсырмалары
Координаталары бойынша нүктелерді салыңдар: А(3; 1; 2), В(- 1; 4; 0), С(0; 0; 5)
ІІ топ тапсырмалары
Координаталары бойынша нүктелерді салыңдар: А(8; 0; 0), В(0; 6; 0), С(0; 0; 7)
ІІІ топ тапсырмалары
Координаталары бойынша нүктелерді салыңдар: А(- 6; 0; 0), В(0; 10; 0), С(0; 0; 3)
ІІ деңгей тапсырмалары
Төбелері А(4; 2; 1), В(3;- 1; 0), С(- 6;- 2; 5) D(- 5; 1; 6) болатын АВСД төртбұрышының параллелограмм екенін дәлелдеңдер.
Төбелері А(2; 1; 2), В(4;- 4; 0), С(0;- 3;- 4) D(- 2; 2;- 2) болатын АВСД төртбұрышының ромб екенін дәлелдеңдер.
Төбелері М(- 3; 2; 0), N(1;- 6; 4), P(3; 4;- 2) K(7;- 4; 2) болатын MNPK төртбұрышының параллелограмм екенін дәлелдеңдер.
ІІІ деңгей тапсырмалары
М(2; 4; 6) нүктесі берілген. Осы нүктеден координаталық осьтерге және координаталық жазықтарға түсірілген перпендикулярдың табандарының ұзындығын табыңдар
V. Қорытындылау.“Ой толғаныс” стратегиясы.
Семантикалық карта
Жазықтықтардың атауы Оху
Ох осінде Oyz Оу осінде
A(2, 0, 3)
В(5;- 3; 0)
С(0; 2; 0)
D(3;- 6; 0)
Е(0; 0;- 10)
F(0; 9;- 7)
VI. Венн диаграммасы ( топтарға тапсырма)
Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі мен кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көрсет
Білім ағашы арқылы оқушы өзінің білімінің қай деңгейде екенін көрсетеді
VII. Бағалау.
( Оқушылардың «бағалау бетшесі» және «Білім ағашы» арқылы бағалау, бір - біріне баға беру, анализ жасау)
VIII. Үйге тапсырма
§19 оқу, ережелерді жаттау. №5 есеп
Достарыңызбен бөлісу: |