3. Тұлғааралық өзара әрекеттесу кеңістігі. Тұлғааралық өзара іс-қимыл сипаттамаларының бірі тұлғааралық қатынастар болып табылады ... Тұлғааралық қатынастарға- отбасы, мектеп сыныбы, спорт ұжымы, жұмысшылар ұжымы және т.б. Бұл жағдайларда олар адамдар бірлескен іс-шаралар атқарып, қарым-қатынасқа түседі.
Тұлғааралық қатынастар - бұл адамдар арасындағы өзара іс-қимыл процесінде бір-бірінің тәжірибелік, жеке маңызды эмоционалды-когнитивті көрінісі.
Тұлғааралық қатынастар - бұл адамдар бір-бірін қабылдайтын және бағалайтын қатынастар, бағдарлар, күту, стереотиптер және басқа да бейімділіктер жүйесі. Тұлғааралық қатынастар шағын топ шеңберінде қарастырылады, өйткені адамдар арасындағы байланыс олардың пайда болуы үшін қажет. Кез-келген байланыс, әдетте, сыртқы көріністі, басқа адамдардың белсенділігі мен мінез-құлқының ерекшеліктерін нақты, сезініп қабылдаудан басталады. Осы сәтте, жеке адамдардың бір-біріне деген эмоционалды-мінез-құлық реакциялары басым болады. Қатынастар мимика, ым-ишара, қалып, көзқарас, интонация, қарым-қатынасты тоқтатуға немесе жалғастыруға деген ұмтылыста көрінеді.
Тұлғааралық қатынастарда адамдардың бір-бірін қабылдауында тағы да зерттеу саласы болып табылатын түрлі «эффектілерді» де есепке алу қажет. Үш түрлі «эффектілер» көбірек зерттелген: ореол эффектісі (ореол – құрмет, даңқ), жаңа мен алғашқылық эффектісі және стереотип эффектісі.