Өт қабы және бауыр өтін ажыратады. Бауырдан шыққан өт өт қабында жиналған өттен 5 есе сұйық.
Тәулігіне 500-1500 мл өт түзіледі.
рН: өт қабынан шыққан өт – 6,0-7,0
бауырдан шыққан өт – 7,3-8,0
Меншікті салмағы – 1,008-1,015
Су – 86,6-97,4%
Құрғақ қалдық: 4 % бауыр өтінде, 20 % өт қабында
Органикалық заттар
|
Бейорганикалық заттар
|
Өт пигменттері: билирубин, биливердин
Өт қышқылдары және олардың тұздары: таурохол – 20%, гликохол – 80%
Холестерин.
Муцин.
Май қышқылдары, липидтер.
|
Na+, Fe2+, Mg2+, K+, Ca2+, аниондар: Cl-, HCO3-.
|
Ас қорытудағы өттің маңызы
Өт ұйқы безі сөліндегі ферменттердің, әсіресе липазаның әрекетін күшейтеді.
Майларды эмульсиялайды.
Май қышқылдары мен глицериннің мицеллалар түрінде сіңірілуіне ықпал етеді.
Тұз қышқылын бейтараптап, пепсиннің әсерін жояды.
Ішек қимылын күшейтеді.
Нәжістің қалыптасуына қатысады.
Майда еритін витаминдердің, холестриннің, кальций тұздарының сіңуін жеңілдетеді.
Бактериоцидтік әсер көрсетеді.
Өттің бөлінуі шартты және шартсыз рефлекстік түрде өтеді.
Өттің бөлінуін күшейтеді: өт қышқылдары, секретин
Тежейді: глюкагон, кальцитонин, ВИП, ПП
№6. Тоқ ішектегі ас қорыту ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |