1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400



бет11/71
Дата29.09.2023
өлшемі371,61 Kb.
#182995
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71
Байланысты:
1. Атауы Аксолотльдің бауыры Бояуы Гематоксилин-эозин. Х 400-emirsaba.org

5) Организмде орналасуы: жасушалар беткейінде және субжасушалық
бөлшектер беткейінде





1) Тін: Жасушаның ультрамикроскопиялық құрылысы.
1 – жасуша қабықшасы; 2 – пиноцитозды көпіршіктер; 3 – центросома; 4 –
гиалоплазма; 5 – гранулярлы эндоплазмалық тор: а – альфа-
цитомембраналар; б – рибосомлар; 6 – ядро; 7 –альфа-цитомембраналардан
тұратын қуыстардың перинуклеарлы кеңістікпен байланысы; 8 – ядролық
саңылаулар; 9 – ядрошық; 10 – жасушаішілік торлы аппарат; 11 – секреторлы
вакуольдер; 12 – митохондриялар; 13 – лизосомалар; 14 –фагоцитоздың
фазаларының реттілігі; 15 – жасуша қабықшасының альфа-цитомембранамен
байланысы; 16 – микробүрлер.
2) Бояу әдісі: схема
3) Құрылыс ерекшелігі: Ядро-эукариоттық жасушаларда болатын
құрылым.Жасуша цитоплазмасында орналасады. Екі мембраналы
оргоноид.Көбеюге, ақуыз синтезіне, тұқым қуалау ақпаратының сақталуына,
РНҚ синтезіне қатысады.
Ядролық қабығы- ядроны жасуша цитоплазмасынан бөліп тұрады. Ядро
қабығы ішкі және сыртқы деп жіктеледі. Олардың арасындағы кеңістікті
перинуклеарлы кеңістік дейді. Ядролық саңылаулар- ядро мен жасуша
цитоплазмасы арасында үнемі күрделі зат алмасу жүріп отыруына
байланысты, ядро мембранасында саңылаулар болады. Бұл саңылаулар-
саңылау комплексі деген құрылымдардан тұрады. Мұндай саңылаулардың
құрамында глобулярлы және фибриллярлы ақуыз молекулалары болады.


Ядрошық ядрода бір емес бірнешеу болуы мүмкін. Ең тығыз құрылым.


Ядрошық рибосомалардың түзілуіне және РНҚ синтезіне жауап береді.
Электронды микроскопия кезінде аморфты компонент, перинуклеолярлы
хроматин, гранулярлы компонент, фибриллярлы компонент ядрошықтан
байқалады.
Түйіршікті эндоплазмалық тор- тұйық мембранамен қоршалған қапшықтар
мен түтікшелер түрінде көрінеді.Мембрана беткейіне көп рибосомалар
бекінген.Құрамындағы рибосомалары ақуыздың синтезіне қатысып,
синтезделген ақуыздарды жасушалардан шығаруғада қатысады. Ақуыз
синтезімен қоса, синтезделген заттарды тасымалдау қызметіне де белсенді
қатысады.
Жасуша қабықшасы қалыңдығы шамамен 10 нм, құрамы 40% липидтерден,
5—10% көмірсулардан (гликокаликс құрамында), және 50—55%
ақуыздардан тұрады. 3 бөлімнен тұрады: Гликокаликс; Қарапайым
биологиялық мембрана; Мембранаасты (тіректік-жиырылғыштық
құрылымдар) қабаты.
Лизосомалар экзогенді және эндогенді макромолекулалар ыдырауының
ақырғы кезеңдерін ішіндегі қышқыл гидролазары арқылы атқаратын
мембраналық көбікшелер. Олардың ішкі ортасының қышқылдығы (рН 5,0
және төмен) үстем болғандықтан, лизистік ферменттердің белсенділігі артып,
заттар толық ыдырайды.
Митохондрия жасуша және бүкіл организмнің тіршілік әрекеттеріне қажет
энергияны (қуатты), цитоплазмаға түскен заттарды аэробты тотықтыру
арқылы өндіріп, АТФ молекуласының фосфаттық байланыстары түрінде
жинақтайтын мембраналы органелла. Сондықтан митохондрияны
жасушаның “энергияалық станциясы” немесе тыныс алу органелласы деп
есептейді.
Жасушалық орталық(центросома)- центриольдерден және олармен
байланысқан микротүтікшелерден-центросферадан тұрады. Центроильдер
интерфазалық жасуша ядросының жанында орналасады.Әрбір центроиль-
цилиндр пішінді, диаметрі 150 нм, ұзындығы 500 нм, қабырғасы
микротүтікшелердің 9 триплеттерінен(үш микротүтікшелер) тұратын,
ортасында микротүтікшесі жоқ құрылымдар.Центроильдердің атқаратын
қызметі: митоз ұршығын қалыптастыру
Гиалоплазма - бұл әр түрлі биополимерлерді: белоктарды, нуклеин
қышқылдарын, полисахаридтерді және т.б. қамтитын күрделі коллоидты
жүйе. Бұл жүйе зол тәрізді (сұйық) күйден гель тәрізді күйге және кері
айналуға қабілетті. Гиалоплазманың ұйымдасқан, реттелген көпкомпонентті
жүйесінде жекелеген аймақтар жағдайларға байланысты немесе


функционалды жағдай бойынша өзінің агрегаттық күйін өзгерте алады: көзге


құрылымсыз гиалоплазмада ақуыз молекулаларының әр түрлі фибриллярлы,
жіп тәрізді комплекстері пайда болып, ыдырауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет