1 – сыртқы митохондриялық мембрана; 2 – ішкі митохондриялық мембрана;
3 - митохондриялық айдаршықтар (кристалар).
2) Бояу әдісі: Электронды микросурет. х77000
3) Құрылыс ерекшелігі: Электрондық микроскоп арқылы зерттеген
жағдайда, митохондрияның қабырғасы, арасында мембранааралық кеңістігі
бар екі- сыртқы және ішкі мембраналардан тұратындығы көрінеді.
Қабырғасының ішкі жағындағы митохондрия қуысы біркелкі ұсақ түйіршікті
сұйық зат- матрикске толы. Митохондрияның сыртқы мембранасы арқылы
гиалоплазмадан мембранааралық кеңістікте көптеген ұсақ және ірі
молекулалар өтіп отырады. Ол үшін мұндағы орналасқан белок
молекулалары кең гидрофилді каналдарды және сәйкес заттармен
байланысатын мембраналық рецепторларды қалыптастырады.
Митохондрияның ішкі мембранасы матрикске қарай қыртыстаркристалар
құрайды. Кристалардың бетінде ,пішіні саңырауқұлақтарға ұқсаған- дөңгелек
келген басы және қысқа аяқшаларынан тұратын элементарлы түйіршіктер
орналасады. Митохондриялық матрикс- митохондрия қуысын толтыратын,
жүзден астам ферменттерге ие гомогенді және ұсақ түйіршікті, ортасында
ДНҚ молекуласының жіпшелері бар сұйық зат.
Достарыңызбен бөлісу: