1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400



бет17/71
Дата29.09.2023
өлшемі371,61 Kb.
#182995
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71
Байланысты:
1. Атауы Аксолотльдің бауыры Бояуы Гематоксилин-эозин. Х 400-emirsaba.org

2) Бояу әдісі: Схема
3) Құрылыс ерекшелігі: Қалыңдығы шамамен 10 нм, құрамы 40%
липидтерден, 5—10% көмірсулардан (гликокаликс құрамында), және 50—
55% ақуыздардан тұрады. 3 бөлімнен тұрады: Гликокаликс; Қарапайым
биологиялық мембрана; Мембранаасты (тіректік-жиырылғыштық
құрылымдар) қабаты. Гликокаликс бұл плазмалеммамен байланысқан
гликопротеинді жиынтық болып табылады. Көмірсулар ұзын, тармақталған
полисахарид тізбектерінен тұрады, олар плазмалемманың ақуыздары мен
липидтерімен байланысқан. Биологиялық мембрана негізінде - амфифильді
липидтердің қос қабаты жатыр. а) Бұндай липидтер молекуласынының 2
бөлімі болады: гидрофобты (май қыш-ң екі көмірсутекті «құйрықтары») және
гидрофильді (көмірсудың спирт қалдығы, азотты негізі). б) Сулы ортада бұл
молекулалар өздігінен қос қабатты құрайды, онда гидрофобты бөлімі бір-
біріне, ал гидрофильді бөлігі – сулы ортаға бағытталған. Интегральді
ақуыздар мембрананың липидті қос қабатына толық терең еніп тұрады. Ал
перифериялық ақуыздар мембрана беткейінің бірімен байланысады.
Мембранаға жартылай еніп тұратын ақуыздар – жартылай интегральді деп
аталады. Ал ішкі бетінен (цитоплазмаға қараған беті) биологиялық
мембранаға субмембраналық қабат жанасады. Бұл қабат жасуша
цитоқаңқасының тығыздалған бөлімі болып табылады. Мембранаасты қабат
микрофиламенттер мен микротүтікшелерден тұрады. Ол жасушаға пішін
беріп, қабықшаның қозғалғыштығын қамтамасыз етеді.
4) Функция: 1.Тіректік 2. Рецепторлы 3. Басқа жасушалармен байланыс 4.
Барьерлі 5. Тасмалдау
5) Организмде орналасуы: жасуша сыртында





1) Тін: Жатыр түтігінің бірқатарлы кірпікшелі эпителийі
1 – цилиндр тәрізді жасуша;2 – жасушалық кірпікшелер;3 – базальді
мембрана;4 – дәнекер тіні.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет