Имплантация - жатырдың кілегейлі қабығына – ендометрийге ұрықтың енуі.
Адамда өтетін имплантация ұрықтанудан кейінгі 6- 7 тәуліктерде
басталып, 9-10
тәуліктерге дейін жалғасады. Ұрықтың имплантациясы жиірек
жатырдың
жоғарғы бөлігінің алдыңғы немесе артқы қабырғасына өтеді.
Адам ұрығының имплантациясы. Дамудың екінші аптасы бойы имплантация
процесі жалғасып, аяқталады; трофобласт
екі қабатқа ажырайды; гаструляция
процесі басталып, ішкі жасушалық масса (эмбриобласт) екі қабатқа – эпибласт
және гипобластқа бөлінеді. Сонымен бірге, ұрықтан тыс құрылымдар – амнион
қуысы, сарыуыз қапшығы, хорион және дәнекертінді аяқша қалыптасады
Достарыңызбен бөлісу: