Құрамы және құрылымы



Дата28.11.2023
өлшемі14,68 Kb.
#193834
түріҚұрамы
Байланысты:
гликокаликс
ГИД ПО 1 КУРСУ МЕДА 3.0, Презентация (8), doc, spravka o ne trud, аманат фарм, Презентация, Жорабек Ақниет, Клинический случай CРОП КАЗ 2022-23, коронавирус, Biostat stud ЖМ 2021-22 kz, 1-топ Адырбек Гүлзат, Серік Арайлым эс срсп фарма 3-023 ОМ (копия), Серик Арайлым бх срсп, Гормоны СРСП ТФП 2022-23, LПеченьKZ

Гликокаликс
1.Гликокаликстің биохимиялық құрамы және құрылымы.
Гликокаликс - барлық жасушалар плазмолеммаларымен тығыз байланысып, олардың сыртқы жарғақ үсті қабатын (орташа қалыңдығы 3-4 нм) құрайды. Гликокаликс -- тарамдалған тым жіңішке күрделі көмірсулар -- гликопротеидтер мен гликолипидтер жіпшелерінен тұрады. Гликокаликсте жасуша плазмолеммасының сыртындағы күрделі молекулалы протеиндерді, майларды, көмірсуларды қорытып, оларды өздерінің қарапайым мономерлеріне айналдыратын ферменттер болады. Гликокаликсте арнайы рецепторлар неғұрлым көп болса, жасуша арнайы сигналды заттарға соғұрлым белсенді жауап қайтарады. Егер гликокаликсте сыртқы заттармен байланыстыратын арнайы молекулалар болмаса, жасуша ешқандай реакция бермейді. Сонымен, гликокаликс плазмалеммамен қатар, беттік кешеннің барьер қызметінде атқарады. Гликоликс ластанған кезде энтероцит беткейін тазарту үшін ол ажырайды. Гликокалистің бұзылысы жасушаға вирустардың енуіне себебін тигізеді.Патология кезінде жасуша гликокаликстен ұзақ уақыт ажырап, қабырғалық асқорыту үрдісі бұзылады.
2.Адам және басқа ағзалар жасушасындағы гликокаликстің қызметі.
Гликокаликс-бұл гликопротеиндер мен гликолипидтер құрамында плазмолемма сыртқы бетіне бекінген олигосахаридтер мен полисахаридтер молекулалары.Гликопротеиндер-бұл нәруыздардың көмірсулармен кешені,гликолипилтер липидтер мен көмірсулар.Гликокаликсрецепторлық және маркерлік қызмет атқарады,сонымен қатар заттар тасымалының таңдамалығын және қабырғалық ас қорытуды қамтамсыз етеді.Гликокаликстың болуы жануар жасаушаларына тән,өсімдіктер ,саңырауқұлақтар және прокариоттар жасушасы құрамында болмайды.
3.Гликокаликстің маңызы.
Гликокаликс рецепторлық және маркерлік функцияларды орындайды, сонымен қатар заттардың селективті тасымалдануын және париетальды (мембраналық) ас қорытуды қамтамасыз етуге қатысады. Гликокаликстің болуы Жануарлар жасушаларына тән, бактерияларда да кездеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет