1. Атом ядросының құрамы, зарядтары, массасы


Кварктар. Элементар бөлшектердің кварктік моделі



бет52/56
Дата16.12.2022
өлшемі3,96 Mb.
#162957
түріҚұрамы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Ядеркаааааааааааааааааа

57.Кварктар. Элементар бөлшектердің кварктік моделі.
1960-жылдары белгілі бөлшектердің массалары 2-3ГэВ-тен аспайтын және кәдімгі бөлшектер мен оғаш адрон-дар ғана белгілі болатын. Оларды u,d,s үш кваркты қолданып құрастыруға болатын. Егер кварктар масса бойынша азғындалған, олардың өзара әсерлесулері бірдей болса, онда квактар үштігі SU(3) тобының іргелік бейнеленуін (өлшемдігі 3-ке тең) түзеді. Мезондардың құрамына кварк пен антикварк кіреді. Бариондарды кварк-антикварктық үштіктерден құрастыру мүмкін болмай шықты. Бариондарға жартылай бүтін спин тән. Осыдан кварктардың да спиндері жартылай бүтін болуы керек. Олардың спиндері 1/2 деп қабылданған. Осыдан бариондардың құрамындағы кварктардың саны тақ болуы тиіс. Осыдан, барионның құрамына екі барион мен бір антибарион ( ) кіруі керек. Бірақ, екі кварктық және антикварктық триплеттерден құрастыруға болатын мультиплеттер: ( )3=3+3+6+15=27(12.19) екі триплет, бір секстет пен бір 15-плет табиғатта кездеспейді. Есесіне 3 кварктық триплеттердің көмегімен табиғатта кез-десетін мультиплеттерді ( )3=27=1+8+8+10(12.20) оңай алуға болады. Бірақ, бұл жағдайда кварктарға бөлшек бариондық және электрлік зарядтар телуге тура келеді. Осылайша таңдалған кварктардың қасиеттері 12.3-кестеде берілді. Мұндағы кварктардың таңбалары-ағылшынның uр (жоғары, электр зарядына сәйкес), down (төмен) және strange (оғаш) сөздерінің бірінші әріптері . u,d,s-кварктар өзара қош иістерімен айнытылады деп есептеледі. Кварктардың барлығына 1/2-тең спин мен 1/3-тең бариондық заряд тән. u-кварктың электр заряды +2е/3-ке, ал d және s кварктардың электр зарядтары –е/3-ке тең. u-кварк пен d-кварктың оғаштықтары S=-B=0, ал оғаш кваркқа S=-1 оғаштық тән. Кварктар үшін де, барлық адрондар сияқты (12.15) формуласы орындалады: (12.15)С ипаттамалары 12.3-кестеде келтірілген кварктардан кезкелген адронды құрастыруға болатынына оңай көз жеткізуге болады. Тағы бір тіркес -кварктарға қатысты толық симметриялы. Ол жеке мультиплет-унитарлық синглет құрады. Бұл бөлшек -мезон делінеді. Векторлық мезондардың құрамы дәл осылай анықталады, тек кварк пен антикварктың спиндері параллель, орбиталық моменттері деп алу керек. кейбір бөлшектердің бірдей кварктардан құрылатыны көрінеді. Екінші жағынан кварктар фермиондар, бір күйде екі кварк болуы мүмкін емес. Осыдан, әр таңбаға ( ) кварктердің үш күйі сәйкес келеді деп есептеледі. Әр күй өзара түсімен айнытылады. Кварктардың түстері олардан құрылатын әр адрон түссіз немесе ақ болатындай таңдалады. Осыдан кварк пен антикварктың түсі өзара қарсы (екеуі қосылғанда ақ бөлшек беретіндей) болады. Әр кварктың үш түсі болуы ықтимал: “қызыл”, “көк”, “сары”. Кварктың түсі оның зарядының бір түрі болып есептеледі. Кварктардың түстік заряды олардың күшті әсерлесу қарқынын анықтайды деп есептеледі. Табиғатта, түстік заряды нөлге тең емес, бақыланатын еркін бөлшек болмайтын сияқты. Түстен басқа кварктарға оның кәдімгі бақыланатын қасиеттерін (изоспин, оғаштық, тәнтілік ж.т.т) анықтайтын бақыланатын зарядтар тән. Оны қош иіс деп атайды. Күшті әсерлесулерде қош иіс сақталады. Қош иіс кварктардың санын анықтайды. Әзірге олардың саны, белгілі адрондардың түрінің саны мен Ұлы Біріктіру теориясына сәйкес алтау болу керек деп есептеледі. Ұлы біріктіру теориясына сәйкес лептондар мен кварктардың сандары бірдей және олар өзара түрленетін болуы тиіс.
Кванктар да, лептондар сияқты жоғары және төменгі болып жіктеледі, олардың да үш ұрпағы бар:

Жоғары кварктардың электр зарядтары- 2/3, ал төменгілердікі-1/3 тең.
Қазіргі белгілі кварктардың сипаттамалары 12.6-кестеде берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет