25. Етістіктердің даму тарихы Етістік біздің қазақ тілімізде өте құнды әрі күрделі сөз табы. Қазақ тілі білімінің ірге тасы салына бастағаннан бері бар,сонымен қоса даму үстіндегі сөздер тобы.Етістіктің өзіне ғана тән сөз тудырушы және түрлендіруші тұлғалары бар. Ал басқа сөз таптарынан ерекшелендіріп тұратындары етістікке қатысты “рай,шақ,етіс”категорияларының болуы.Ғалым Ахмет атамыз “етістік” деген атау беріп,осы етістіктің онға жуық етіс түрін танытқан.
Ескі ескерткіштердің бірі 1069 жылы Юсуф–хас–Хадисиб Баласағұнның «Құдтағу білімінде шартты райлы, қалау райлы, бұйрық райлы, көсімшелі, есімшелі сөздер кездеседі».
Түркі тіл білімінде етістіктер туралы нақтылы ережелер жазылған зерттеулердің ең алғашқысы, ең көлемді де құндысы түркі әулетінен шыққан Төрт томдық салыстырма сөздіктің дені етістік деуге болады. Олай дейтін себебіміз, екінші том – түгелімен етістік және осы сөз табына қатысты ерезелер. Үшінші том мен индекстіе де етістіктер басым. Бұл айтылғанның бәрі етістік сөздердің реестр болып берілуіне байланысты.
Автодың реестр сөз етіп берген етістіктері тап, теп, қаш, сын т.б. негізгі түбірлерден
басталады. Оларды дауыстылардың ғана санына қарай екі әріптілер деп тоқтайды.
М.Қашқаридың етістікке қатысты мұнымен шектелмейді. Онда, әсіресе өткен шақтың жедел түрі – ди, - ды, - ді афлексі негізге алынады. Олар жүйе «Сөздіктің» етістікке тиісті өн бойында қатаң сақталады.
Етістік туралы зерттеушілер қыпшақ тіліне тікелей қатысы бар еңбектің бірі - 1343 жылы египетте жазылған «Китаб мажму таржуман турки ва ғажали ва мағули» (түрікше, монғолша, арабша, таржуман) деп аталатын еңбекте кездеседі. Біраз ғалымдар сөздіктің туындыгері белгісіз десе, П.Мелиоранский «Араб – филолог о турецком языке» атты еңбегінде сөздіктің туындыгері Мұхаммед ибн Қайса дегенді айтады. Еңбектің екінші бөлімі етістікке арналған. Етістіктер бұйрық рай формасында берілген. Үшінші бөлім етістіктің жіктелуіне, төртінші бөлім қоымшаларға арналған.
Етістіктің жіктелуін сөз еткенде оны үш жаққа, үш шаққа бөліп, болымды, болымсыз түрлерін сөз етіп, жекеше, көпше айтылатыны сөз болған.ғалым Махмуд Қашқари «Диуани – лұғат ит – түркі сөздігі».