1 Қазақ халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы


Төте жазудың әліпби құрамы мен емлесі



бет21/36
Дата25.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#199217
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
Бакыт жазган жауаптар (копия)

31. Төте жазудың әліпби құрамы мен емлесі
Төте жазудың (Байтұрсынұлы әліпбиінің) әліпби құрамы мен емлесі А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу-мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен дүнияның бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білу-ге, қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне бірі қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады. Һәр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды». «Араб әліппесі қазақ арасына дінмен бірге жайылған. Дінмен байланысқан әліппені тастап, қазаққа басқа әліппе алдыру қиын жұмыс. Бұлай болған соң, араб харіп-терін қазақ дыбыстарына жеткізу амалын табу керек» деді. А.Байтұрсынұлы әліпбиінде 24 әріп, 1 дәйекше болды. Ал дыбыстың саны, ғалымның өзі айтқандай – 43. Графеманың бесеуі (а, о, ұ, ы, е) дауыстының, 17-і (б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н) дауыссыздың, 2-і ( у, й) жарты дауыстының таңбасы. Ал фонеманың 9-ы (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е) дауысты, 34-і (б, б ’ , д, д ’ , п, п ’ , т, т ’ , ж, ж ’ , ш, ш ’ , р, р ’ , з, з ’ , с, с ’ , ғ, қ, к, г, ң, ң ’ , л, л’ , м, м ’ , н, н’ , у, у’ , й, й’ ) дауыссыз. Сөйтіп, ғалым тіл дыбыс-тарын бір жарым есе аз әріп таңбаға сыйдырып, өз кезеңінде ең үнемді әліпби түрін жасады. Әліпби теориясында әріп саны фо-нема санынан аз әліпби жетілген жазу сипатын көрсетеді деген қағиданы қалыптастырған А.Байтұрсынұлының төте жазуы деп атауға болады. Сонда А.Байтұрсынұлының әліпбиі: Дауысты дыбыстар: а (ا(, о (و(, ұ (وو(, ы (ى(, е (ه (Дауыссыз дыбыстар: б (ب(, п (پ(, т (ت(, ж (ج(, ш (چ(, д (د(, р (ن) н ,)م) м ,)ل) л ,)ک) ң ,)گ) г ,)ك) к ,)ق) қ ,)غ) ғ ,)س) с ,)ز) з ,)ر) Жарты дауысты дыбыстар: у (و..(, й (ي( «А.Байтұрсынұлы ұсынған әліпбидегі әріптердің 18-і араб таңбалары, 3-еуі парсы таңбасы (گ ,چ ,پ(, екеуі түркі таңбасы 190 191 ک) ңе), و) ве), 1-і өзгертілген әріп (ұ و و )» болды. Ал әліпби ش, ث, ژ, ه, ف, ع, ط , ظ, ص, :таңбалар мына шығарылғаны қатарынан .ض , ذ, ح, خ «А.Байтұрсынұлы дауыстылардан қадим жазуынан қолданылып келе жатқан 4 әріпті қалдырып, ұ дыбысы үшін уау ( таңбасына өзгеріс енгізген: алиф (ا> ( a>, һа (ه> (e>, иа (ي> (ы>, уау (و> (o>, уау ( و و ) . Ал қадим жазуының басты ерекшелігі болып табылатын харакаттардың қолданылуы А.Байтұрсынұлы жүйесінде тек ы, і дауыстыларында берілген, оның өзінде сөздің мағынасына нұқсан келмейтін болса ғана» дейді Г.Мамырбекова. Жазу дәстүрі төте жазуда да көбірек ескерілген. Оған мысал: а) п орнына б әрпінің жазылуын; ә) еріндіктердің екінші буында жазылуын; б) сөз басында келетін ы, і дауыстысының алиф арқылы берілуін; в) сөз ортасы мен аяғындағы мадда белгісі жоқ алифтің дыбыстық мәні болуын айтуға болады. Сүйеніш таяқ туралы А.Байтұрсынұлы: «Меніңше сөз басын-да дауысты дыбыстар келсе, ол сөзді жазарға басына сүйеніш таяқ қоямыз. Оны керек қылғаным, халық әуелі жатсынбас үшін еді, екінші басқа түріктерден тым оқшау кетпес үшін еді. Онан басқа керегі бар деп өзім де айтпаймын» деген. Г.Мамырбекованың зерттеуінше, А.Байтұрсынұлының 1914 жылы Орынбордан жарық көрген «Қазақша әлифба» оқу құралында «сүйеу таяқ» сақталған, ء چوا – үш ,قابقوا – ұқбақ , واجوا – ожау ,мысалы , ء ىنهگزوا – өзгені , ал 1924 жылы жарық көрген «Сауат ашқыш» оқу құралында үнсіз алиф қолданылмаған, мысалы: үш – ء شؤ .بيت ه – етіб , نهكلؤ – үлкен , نيشؤ – үшін , وت هريؤ – үйрету Осы әліпбиде < ұ>, , дыбыстарының фонемалық мәртебесін анықтау қиынға соқты. Бұған араб графикасындағы ұ, ү, у, о, ө дыбыстарына бір таңба арналуы себеп еді. Дыбыстардың еріндік, қысаң интегралауыш белгілерінен бөтен, өзара жуан-жіңішкелік (ұ-ү, о-ө) дифференциалды белгісі және еріндік реңкі күшті, әлсіз, орта, орталау белгілері бар. Сондықтан олар сөзайырымдық, сөзтанымдық қасиетке ие фонема деңгейінде қарала алатынын айқындаған А.Байтұрсынұлы бұл бес фонемаға үш таңба арнайды. Олар жуан-жіңішкебелгісіарқылыажырайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет