1 Қазақ халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы


Адамзат тарихындағы төрт жазудың даму жолы



бет22/36
Дата25.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#199217
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Байланысты:
Бакыт жазган жауаптар (копия)

32. Адамзат тарихындағы төрт жазудың даму жолы
Таңбаларының мағынасына қарай адамзат тарихындағы жазу төрт түрге бөлінеді: 1) пиктографиялық жазу- жазудың ең көне түрі. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді.Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Суретін салуға болмайтын абстракт ұғымдарды беру үшін басқа заттардың суреті қолданылған. Мысалы, бақыттылықты, олжаны- тасбақаның, махаббаты-сызықшамен қосылған екі жүректің, достықты –ұстасқан екі қолдың, соғысты садақ оғының суретімен белгіленген; 2) идеографиялық жазу- жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет арқылы немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады.Идеографиялық жазудың бір түрі- иероглиф жазу; 3) буын жазуында -сөз құрамындағы әрбір буын жеке таңбамен белгіленеді; 4) дыбыстық жазу (әріп жазуы)- жазудың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Дыбыстық жазулардың ең көне түрлері- финикия, армей және грек жазулары. Көне түркі жазуы да дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне жатады. Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен ҮІ-Х ғасырларда үлкен аймаққа таралған. Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:Енисей ескерткіштері.Талас ескерткіштері.Орхон ескерткіштері.Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Монғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.


33. Көне түркілік руникасы: жазуы мен графикасын оқыту тәсілдері
Түрік руна жазбалары
Түрік әлеміне рухани қажеттілік керек, біз оны сактардың, ғұндардың материалдық мәдениетінен іздейміз. Ал, жазба деректері түріктердің тек тарихы ғана емес, сонымен қатар мәдениетін толықтай зерттеуге мүмкіншілік береді. Түрік елдерін ерте орта ғасырларда әлемге танытқан олардың ерлікке толы мәрт мінезі, батырлық әфсаналары мен жырлары, жазу мәдениеті, тәңіршілдік дүниетанымы, балбал тастары болды. Қашанда ұлы дала тұрғындарына тән берік және жасампаз рух бұл дәуірде өзге елдерге үлгі шашты болды. Рухани мәдениет түрік тілінің, әдебиеттің, дүниетанымының, салт-ғұрпының Еуразиялық әлемге тарауына жол ашты. Екінші жағынан Еуразиялық құрылықтың негізгі бөлігін біріктірген алып түрік мемлекеттері, олардың берік шаруашылық-әлеуметтік негізі рухани мәдениеттің серпілісін туғызды. Оның ішінде көне түріктердің жазу мәдениетінің алатын орны ерекше. Түріктердің жазуы туралы ең алғашқы мәліменттерді қытай деректерінен кездестіре аламыз. Негізінен түрік жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда түріктер I V ғасырдың екінші жартысында өзі жазуларын кең ауқымды қолданған. Түріктер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда өзі жазуларын қолданғаны жайлы көптеген мәліменттер бар. Мысалға алғанда Византия императорына түрік елшісі қағанның жазған хатын алып барған. Мұны Менандр Протектор өз естелегінде көрсеткен. Жалпылама ерте орта ғасырда алғанда түріктердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамында 35 әріп бар. Ал көне түрік жазуы – рунанемесе сына жазуы деп аталған. Көне түрік жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағында көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түріктердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің аңғарынан да көне түрік жазуының ескерткіштері табылған. Түріктің жазба ескеткіштерінің көп кездесетін жері — Сібір өлкесі Енесей өзені бойы. Жазулар құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып жазылған. Осыдан шығатын қорытынды, VII – IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында ортағасырлық ортағасырлық мемлекеттерде көне руналық түрік жазуы қолданылу аясы біршама зор болған. «Түрік руна жазбалары» – бұл ұғым тюркологиямен айналысатын адамдардың бәріне таныс. Бірақ барлығы қазіргі ғылымда жиі естілетін «руна», «рунология» сөздерінің қандай мағына беретінің ағара қоймайды. «Руна» «әріп» және «белгі» дегенгі білдірмейді. Оны – «құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды. «Руна» сөзі –латыннын «арканум» (мысалға «Таро арқаны») немесе грекше «мисmерион» (мистерия) сөздерінің аналогы. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы құнды дәлелдер береді. Руналар – ежелгі герман әліпбиінің белгілері (II в. кейінгі ортағасырға дейін), Скандинавия, Исландия, Гренландия, Англия, Солтүстік Еуропа, Солтүстік Причерноморье, Ескі Ладога және Новгород елді-мекендеріндегі тастардағы, металлдардағы, ағаштардағы, сүйектердегі қаушаулар, белгілер. Руналардың нақты шығу тегі бүгінгі күнге дейін анықталмаған. Норвеж ғалымы К. Марстрандердың ойынша рунадар солтүстік италийлік әліпбидің модификациясы болып табылады. Руна жазбалары /футарк/ көбінесе бір немесе бірнеше сөздерден тұрады. Мысалы, зат есім, қабылдану немесе магиялық брактеатта /алтыннан жасалған дөңгелек ілгіш/ сиқырлау. Бірнеше жолдардан тұратын жазулар сирек кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет