Қазақ тіліндегі жалқы есімдердің морфологиялық құрылысы
Жалқы есімдердің марфологиялық құрылысын Лингвистикалық бағдарда зерттеу өзекті мәселелердің бірінен болып саналады. Сондықтан да адам аттарының грамматикалық құрылысы бірқатар тілші ғалымдардың ғылыми еңбектерінде әр түрлі тілдердің материалдарында ашып көрсетілген.
Э. Бегматов өзбек тіліндегі жалқы есімдерді марфологиялық құрылысы бойынша дара, күрделі және қысқарған жалқы есімдер,- деп үшке бөледі [25; 120-125]. Ол өзбек тіліндегі жалқы есімдерді морфологиялық, лексикалық, синтаксистік тәсілдерден жасалатыны дәлелді мысалдар арқылы сипаттаған.
Т. Жанұзақов өзінің кандидаттық диссертациясында жалқы есімдерді грамматикалық құрылысына қарай түбір және туынды тұлғалы деп екіге бөліп қараса [26; 14-14]. Кейінгі еңбектерінде дара, туында және біріккен тұлғалы жалқы есімдер- деп үшке бөліп қарайды [13; 129-133]. Татар ғалымы Г. Саттаров татар тіліндегі жалқы есімдерді құрылысына қарай етістіктерден және зат есімдерден жасалғандар деп екі топқа бөліп қарайды да, татарша есімдерді фонетика-морфологиялық жүйесіне және диалектілік ерешеліктеріне жан-жақты лингвистикалық талдау жасалған [28; 20-44].
Азербайжан тіліндегі антропонимдерді зерттеген ғалым З. Садықов азербайжан жалқы есімдерін түбір, туынды және күрделі деп үшке бөліп қарайды. Олардың морфологиялық, лексикалық және семмантикалық жасалу тәсілдерін ашып көрсеткен[29; 20-28].
Түркі тілдеріндегі кісі есімдерінің құрылысы бойынша осындай пікірлер Т. Кусимова [30], А. Шайхулова[31], В.У. Махпиров [32], О. Сайымбетов [33] еңбектерінде ұшырасады.
Шындығында да қайсыбір тілдегі адама аттары жүйесін алып қарасақ та, құрылысы жағынан жай және күрделі болып келеді. А.В. Суперанская әр түрлі үнді- европа тілдеріндегі есімдерді құрылысы жағынан күрделі және апелятивтік болады деп анықтайды. [34; 63].
К.Мусаев түркі тілдеріндегі антропонимдер құрамы жағынан дара және күрделі болып келетінін қарастырады [35;219]. Дүние жүзіндегі тілдерде есімдер грамматикалық құрылысы жағынан осындай бірдей классификацияға ие болғанымен,әрбір тілдегі кісі аттары сол тілдің ішкі заңдылықтарына бағынады .
Орта Азия халықтарымен қазақ халқы ортақ қолданылатын есімдердің өзіндік тарихы мен алуан түрлі сыры бар.
Қазақ тіліндегі есімдер тарихының құрылысы мен құрамына тарихи тұрғыдан кең түрде толық пікір келтірген ғалым .проф.Т.Жанұзақов [13;31-37].
Проф.Т.Жанұзақов ,С.Е Малов ,И.А Батманов А.Н Кононов ,В.В Радлов айтқан пікірлерге сүиене отырып , қазақ есімдерінің шығу тегін Ү-Х ғасырлардан бастап пайда болғанын дәлелдейтін фактілерді келтіреді .
Жалқы есімдерде ,оның ішінде антропонимдерде қазақ тілінің сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысының сөз жасау ,өзгерту тәсілінің ізі бар екені көрінеді. Сөз жасау, өзгерту тәсілдері, сөз жоқ, тілдің грамматикалық құрылысының ерекшелігіне байланысты.
Қазақ антропонимдерінің жасалуы негізінен тілдік заңдылыққа, оның нормасына сай бағынады. Антропонимдер бірнеше жолмен жасалады. Олардың ішінде дара тұлғадан жасалу амалдары бар. Бұл ежелден белгілі қалыптасқан тәсіл. Дара тұлғаға қосымшалар қосу арқылы жаңа мағыналы есім жасалады. Оны тума ат деп атаймыз. Мысалы: Тілек деген антропонимге қосымша қосу арқылы жаңа тұлғалы антропоним жасалады. Антропонимдердің жасалуындағы өнімді жолдың бірі- екі сөзден біріктіріп жасалған кісі аттары. Мұндай антропонимдік типке тән арқау сөздер, көбіне, ақ, сары, бай, бек, хан, болат, тас, жан сияқты компонеттер. Антропонимдердің түрленіп, тұлғаларының өзгеріп отыруында аффикстердің рөлі зор.
Кішірейткіш яки еркелету жұрнақтары арқылы абревиатуралық немесе деминутивтік есімдер жасалады. Осы антропонимдік аффикстер арқылы шет елден енген есімдердің өзі жаңа өң, келбет алып жасалып отырады. Аффикстік тәсіл арқылы үстеу, сын есімдік антрополексималар жасалады. Мысалы: Асаншылап, Асандай, Асаншы, Асансынды т.б.
Антропоноимдер тілдегі жалпы есім сөздерден жасалады. Сондықтан да олардың басым көпшілігінің мағынасы айқын, ашық тұрады. Осындай антропонимдерді мәнді антропоним деп атаймыз. Осының керісінше жалқы есімдер (антропонимдер) жалпы есімге ауысады. Мысалы: шығанақшы, жақаевшы т.б. Антропономдер қосымша қосу арқылы грамматикалық мағынаға ие болады. Мысалы: Мақыш, Сәрсен, Омарлар келе жатыр. Асандар жұмыс істейді. Мұндағы көптік жалғау арқылы ол адамдардың өздерінен басқа да жолдастары барын білеміз.
Антропонимдер топонимдерден, сондай-ақ этнонимдерден де жасалады.
Профессор Т. Жанұзақов қазақ тіліндегі антропонимдерді тұлғасына қарай үш түрге бөліп қарайды, және оларды төмендегідей мысалдармен дәлелдейді. [13;131-133].
Профессор Т. Жанұзақов қазақ тіліндегі дара тұлғалы кісі есімдеріне төмендегідей мысал келтіре отырып, өте нанымды етіп дәлелдейді. Сонымен қатар ол есімдердің шығу тегіне де этимологиялық талдау жасайды. Жасалу жағына және тұлғасына қарай, қазақ тіліндегі кісі аттары өте ерте заманнан- ақ түбір және күрделі тұлғалы болып келеді. Қазақ тіліндегі басқа сөздер тәрізді жеке тұрып түпкі мағынаны бере алатын да, бере алмайтын да кісі аттары бар .Ондай кісі аттарын бөлуге, яки бөлшектеп айтуға болмайды. Өйткені, олар тұтасқан дара түбірден тұрады. Ондай кісі аттары, негізінде, жалпы есімдерден жасалады. Мысалы: Дос, Нұр, Сая, Сәт, Тана, Шал, Өмір, Ырыс, Бәтес т.б.
Егерде осы айтылған кісі аттарын буынға бөліп немесе бөлшектеп қарасақ: (Са-я, С-а-я, Д-о-с т.б.), бұлардан еш нәрсені түсінбес едік те, мәнде шықпас еді. Олай болса, түбір тұлғалы кісі аттары, көбіне, төл сөзден жасалып, орнықты болып келеді. Ана тіліміздің байырғы сөздерден жасалған түбір тұлғалы кісі аттары өте көп. Мысалы: Асыл, Алма, Асқар, Асау, Арай, Бақыт, Серік, Есет, Жібек, Күміс, Сәуле, Шекер т.б.
Осылармен қатар, басқа да тілдерден енген түбір тұлғалы аттар бар. Олар қазақ тіліне сіңісіп оның заңына бағынып, төл атауымызға айналып отыр. Мысалы: Асан(ир.жеңіл,оңай),Дидар(ир.түр,өң,жүз, шырай), Дихан (ир. Ауыл старостасы, егінші, шаруа), Жомарт(ир. ақкөңіл, кең пейіл, мырза, қолы ашық адам), Қатифа (ар. барқыт), Қырмызы (ир. ашық қызыл түс) Мұқым (ар, тұрақты, мықты) Көдек (ир. бала, сәби), Манап (ар. орынбасар), Маржан (өмір, жан) [13;130].
Профессор Т. Жанұзақов аффикстер арқылы жасалған кісі есімдерін туынды антропонимдер деп санайды. Туынды есімдерді жасайтын жұрнақтарды өлі және тірі жұрнақтар деп екіге бөліп өлі жұрнақтармен жасалған есімдерге төмендегідей мысал келтіреді.
Тіліміздегі басқа да сөздер сияқты антропонимдер де қосымшалар қосылу арқылы туынды тұлғалы болып келеді. Ондай жолмен жасалған есімдер өте көп. Сондықтан, бұндай тәсілмен жасалғандарды тума ат деп атауға болады.Бір түбірден болмаса бір негізден өрбіген антропонимдерді көрсетеді [13;132].
Ер компонентінің қосылуы арқылы жасалған антропонимдер: Еркін, Ерлен, Ерлан, Ерден, Ерлік, Ерміш т.б. Антропонимдік қосымшаларды екі жікке (өлі және тірі жұрнақ деп) бөлуге болады. Мысалы: Ерміш, Жармыш, Тілеміс, Жасамыс, Өтеміс, Малсақ сияқты антропонимдегілер көне жұрнақтар. Бұлар қазіргі тіліміздегі сөздерге жалғана бермейді. Тірі жұрнақтар бір сөз табына тән сөздерден, екінші сөз табына жататын сөздерді және антропонимдерді жасайды. Ол жұрнақтардың атқаратын қызметі, өзіне тән мағыналары тән. Мысалы: -лан жұрнағы зат есімнен етістік тудырады да зат есімге айналады. Мысалы: Нұрлан, Ерлан, Ербосын т.б. – лы, -лі, -ды, - ті жұрнақтары зат есімнен сын есім туғызып, қайтадан субстантивтенеді. –Лық жұрнағы есім сөзге жалғасып, зат есім тұлғалы сөз тудырады. Мысалы: игілік, жақсылық, аналық, аталық, сағындық, сүйіндік т.б. Бұл сөздерден қайтадан антропонимдер жасалады.
Сонымен, қатар туынды тұлғалы антропонимдер негізінен аффикстік жол арқылы жасалатыны байқалады.
Ғалым біріккен тұлғалы есімдерге түрколог Е.В. Севортян т.б. тәрізді ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып төмендегідей қорытындыға келеді.
Қазақ тілінде сөз тудырудың, жаңа сөз жасаудың бір амалы екі түбірді біріктіріп айту. Бір сөзді екінші сөзге біріктіріп жаңа сөз тудыру тек кейінгі кезде ғана шыққан тәсіл емес, арғы заманнан келе жатқан, әбден орнығып қалыптасқан, үйреншікті тәсіл.
Тіліміздегі кісі аттарының басым көпшілігі екі сөзден біріккен, яғни біріккен тұлғалы болып келеді. Олар, әдетте, сын есім мен зат есім, етістік пен зат есімдердің бірігуі арқылы кісі аттарына айналып отырады.
Біріккен тұлғалы кісі аттарына үш түрлі қасиет тән.
Олар:
Аффикстік тәсіл. Бұл тәсіл бойынша, түбір сөзге қосымша жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Қойшыбай, Қойлыбай, Малдыбай, Аналық, Аталық, Жақсылық, Игілік, Сағындық т.б.
2) Дербес мағыналы сөздердің бірігуі арқылы жасалатын есімдер. Мысалы: Бекайдар, Базарбай, Нұрсұлу, Айсұлу, Күлімхан, Сағынғали, Қозыбай, Асанхан, Ақжолтай, Қаракөзайым, Бәдігүлжамал т.б.
3) Эпитеті алды-артында келіп бірге айтылатын кісі аттары. Бұлардың екі сыңары да бірдей айтылып, бір адамның есімін білдіреді. Бірақ бөлек жазылады. Мысалы: Қозы Көрпеш, Баян сұлу, Қыз Жібек, Ер Төлеген, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Қобыланды батыр, Ақан сері, Біржан сал, Алдар көсе, Жиренше шешен, Асан қайғы т.б..
Кейбір кісі аттарының екі сыңары немесе бір сыңары басқа тілдерден енген болып келеді. Мысалы: Ахметқали, Мұхаметқали, Сейтқазы, Сұлтанәлі, Аббас, Жамалхан, Қожабек, Гүлзира, Қожабек, Әбдірахман, Әбдіқадыр, Әбдікерім, Абдолла, Хабиболла, Әзизолла, Рахметолла, Құдыретолла, Лутфолла, Нұролла т.б.
Бұл есімдердің әрбір компонентінің шығу тарихы, түпкі мағынасы бар. Абд (ар. құл- раб) сөзімен тіркес келеді де: Абд-оль-керим, Абд-оль-рахман, Обдоль-рахим, Абд-оль-кадер, Абдолла формасында айтылады.
Ал иран тілінде хабиб – «сүйікті», «сүйкімді», олла – «құдай», азиз – «сүйкімді», рахмет - «мейірімділік, рахымдылық», кодрет –«күш, қуат», лотф - «сүйкімділік» - нұр, «жарық, сәуле».Иран тіліндегі бұл зат есімдер алла (құдай) сөзіне қосылғанда Рахметолла, Құдыретолла, Лутфолла, Нұролла сияқты кісі аттары жасалады. Бұлар қазақ тіліне енгенде, тіліміздің заңына бағынып, фонетикалық ерекшелікке ұшыраған. Олардың арасындағы шектес дыбыстар өзгеріп, яки қысқарып барып бірігіп, әрі кірігіп контаминацияға түскен.
«Абай жолы » романындағы антропонимдердің жасалу жолдары
түбір тұлғалы есімдер
М.Әуезовтің «Абай жолы » романындағы кездесетін антропонимдердің жасалу тәсілдері қазақ тілінің грамматикалық құрылысы мен тілдік нормаларына байланысты болып келеді .
Әдетте, сөз жасалу тәсілі және сөздің тұлғалары тіл білімінің морфологиялық саласының обьектісі. Түркі тілдеріндегі бұл сөз жасаушы тәсілдер ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан тәсіл.
Романда түбір тұлғалы да,біріккен тұлғалы да ,туынды тұлғалы да есімдер мол кездеседі .
Романдағы кездесетін түбір тұлғалы есімдер бұл өте ертеден келе жатқан есімдер болып саналады .
Романдағы түбір тұлғалы есімдерді біріншіден –байырғы қазақтың төл сөзінен жасалған есімдер .Екіншіден- өзге халықтардың тілінен енген есімдер деп бөлеміз.
Біріншіден байырғы қазақтың төл сөзінен жасалған есімдер:Т о п а й, М а қ а, М ә к і ш, Қ и қ ы м ,И і с , А б а й , Д а р қ а н , Ж а б а й ,С а р қ ы т , Қ о д а р , Д а л б а й , С е й і л , Қ а ң б а қ , Т о қ с а н, М а р қ а .Өмірінде «жазыла- жазыла қожа ,молдадан да ұят болды ,енді өлмесек болмас » деп кеткен Т о н т а й [12].
М а р қ а ,сен астыңдағы ақбозыңмен қазір жарқ беріп ауылға қарай шап [ІІ;461].Апырмай мына И і с шешемалғысы қандай жақсы еді [І;334]. Жасы елуге тақалған С е й і л қайықтың тез жылжуына қайрат етеді [ІІ;326] . Қ о д а р –жақыны жоқ ,жалғыз үйлі бір Борақ .[І;21]. Өзі айтқан «Құнанбайдың бөлтірігі» Абай екен [ІІ;5].Тағы бір малмен осы ауылдың биешісі –Т о қ с а н еді [ІІ;12]. О с п а н мен Д а р х а н қорық бойындағы мал жайын , көктемнен бері бағып жүрген тәжірибелері бойынша , тез таниды [І;372]. Қ а ң б ақ қарыспышағын шапшып тұрған қасқырдың жүрегіне қорс еткізіп салып –салып алды [ІІ;83]. Шай ыдыстарын шәйіп , жинастырып жүрген С а р қ ы т өз үйіне Абайдың қонғанын ырзалықпен қабылдаған .[І;506]. Жер тырмалаған боп ,тат-бабамыз деп М а қ а күлісті [ІІ;192]. Бөжейдің балаларының бірі –Ж а б а й [І;351] . Мал суарып жүрген Оразбайдың ағайшасы ұры Қ и қ ы м [ІІ;506].
Араб –парсы тілінен енген түбір есімдер
И с а, О м а р, М ұ с а, Ә д і л, М а н ас, Ә б д і, М ы р з а, О с п а н , Қ а с е н, А с а н, Ү с е н, Б а я н, т.б.
И с а әлі ашулы болатын. Қысқа ғана жауап қатты /ІІ: 17/
О м а р дөң басында тұрған қалың топқа жетті /ІІ;510/
Кішкене інісі О с п а н кіріп келді /І;13/ Ә д і л сияқты бірнеше семіз қой көзді М о т ы ш а р бар./І;536/ Қасапшы Қ а с е н бүгін ызаланған күйде /11;318/ Базаралының әйелі - Ө д е к /ІІ;186/. Б а я н өдерінің ән тыңдауға бара алмаған өкінішін үлкен бір армандай айтады /І;320/. И с а н ы ң екі жетім баласы – А с а н мен Ү с е н /ІІ; 127/. Өзінің зорлығынан зор жол бар ма? – деп Ә б д і тістене түсіп, кейіп келеді /ІІ;14/. А й ш а самауырды пеш жанына көтеріп қоя салды /ІІ;370/. М а н а с тоқта! былай жүр!-деп бұйрық етті./І;342/.
Бұл романдағы келтірілген есімдерді түбір тұлғалы дейтініміз. Бұларды буынға бөлуге, бөлшектеуге болмайды. Екіншіден -бұл төл сөздер қазақ тілінен болсын не басқа тілден енген төл сөздер болсын, әрі қарай жұрнақтар қабылдап жаңа есімдер туғыза алады.
Бұндай жалаң, күрделі есімдер түркі халықтарының ХІҮ ғасырдағы жазба ескерткіштерінде кездеседі. Мысалы: А с а н , О с п а н, И с а т.б [12] . Бізге белгілі қазақ есімдері нің ішінде толып жатқан туынды есімдер бар. А с а н б а й, А с а н ә л і, О с п а н ә л і , А с а н қ а л и, О с п а н ха н, И с а б а й, И с а қ ұ л , И с а т а й т.б.
Осыларды ескеріп романдағы кейбір араб-парсы тілінен енген есімдерді түбір есімдер деп алдық.
«Абай жолы » романындағы біріккен тұлғалы есімдер
Романдағы көп кездесетін антропонимдердің бірі біріккен тұлғалы түрі. Б и б і с а р а, Т о й с а р ы, Т а ң ж а р ы қ, М ы ң ж а с а р, М а м ы р қ а, Т а ң ш о л п а н, Т о ғ ж а н , А қ ш о л а қ, Ә к і м қ о ж а, С а д у а қ а с , А қ б ас, Д ә у л е т к е л д і, Е с қ о ж а, Е с б е р г е н, Т ө л е п б е р д і, Е р ж а н, Е р б о л, Е с б и к е, С а р м о л л а т. б.
С а р м о л л а ішкі үйдегі Б и б і с а р а деген қызын шақыртып алды /ІІ; 343/. Керей ішінен Т о й с а р ы сияқты пысық болатын /І; 526 /.Семей қаласының күнбатыс жақ шетіндегі Т а ң ж а р ы қ саудагердің үйі /І; 576 / Т ө л е п б е р д і бағанадан бір ақыл ойлап еді /І; 62 /. Мына шешелерің сыбаға әкеп тарағалы отыр,- деді Т а ң ш о л п а н /І; 47 /. Тағы бір жеңгесі – ызғуттының әйелі Т о б ж а н /І;10/. Өткен қыста осы М ы ң ж а с а р тағы бір жазықсыз ауылдарды қанқақсатқан екен /ІІ;133/.
Бұл тәрізді біріккен тұлғалы кісі есімдері тек ғана қазақ тіліне характерлі емес, жалпы түркі халықтарының баршасына ортақ. Керек десеңіз біріккен тұрғалы есімдер ҮІ-ХІ ғасыр жазба ескерткіштерінде [13; 135 ]. Қала берсе түркі халықтарының эпостық жырларында да К ұ н с у л у, Қ ы з ж і б е к, Т а ң с у л у, Е р т а р ғ ы н, Б ө р і б а с а р т.б. кісі аттары жиі кездеседі. Романдағы біріккен тұлғалы кісі есімдеріне талдау жасағанымызда кейбір есімдер мағыналы екі сөздің бірігуінен жасалған.
Д ә у л е т к е л д і, Е с б е р г е н, Қ ұ д а й б е р д і, Т ө л е п б е р д і т.б. есімдер зат есімімен етістіктің жасалуынан тұрса. Қ а р а б а с, Қ а р а т а й , А қ б а, А қ қ о з ы т.б. деген сөздер сін есімнен зат есімнің бірігуінен жасалған.
Ер деген сын есім бірде жан сөзімен қосылып Е р ж а н есімін жасаса, бірде бөлестігімен қосылып Е р б о л есімін жасайды.
Романдағы бұл айтылғандардан басқа да біріккен тұлғалы есімдерге кіретін көптеген антропонимдер бар. Соның ішіндегі көбірек көзге түсетіні «бай» сөзімен келетін кісі есімдері. Бұл есімдердің алдына да, артына да жалғамайды.
А л ш ы н б а й, А л т ы б а й , А с ы л б а й, А т а м б а й, А с а у б а й, Ә з і м б а й, Б ө к е м б а й, Б е с б е с б а й , Б е р к і м б а й , Б ү р к і т б а й , Б е й с е м б а й , Д у т б а й , Д ә н д і б а й , Д а л б а й , Д у б а й , Е ң с е б а й, Ж ұ м а б а й , Қ а л д ы б а й , Қ а з а қ б а й , Қ о р а б а й , Қ а д ы р б а й , Қ а м ы с б а й, Қ ұ н а н б а й , Ке ң г і р б а й , М а р қ а м б а й , М а қ ұ л б а й, М а с а қ б а й,
Мұ с а б а й , М о л д а б а й , М ұ з д ы б а й , О р а з б а й , О р а л б а й , Тұ р ғ а н б а й , Ш а я н б а й , С ер і к б а й , С а л т а б а й , С а д ы р б а й , С а м а р б а й , Б а й м а ғ а м б е т , Б а й г ө б е к , Б а й д а л ы , Б а й с ү г і р , Б а й м ұ р ы н , Б а й к ө к ш е , Б а й т а с , Ба й қ ұ л а қ , Б а й т о р ы , Б а й с а л , Б а й т ұ я қ т.б. есімдерінің мағынасы ҮІ ғасырда түркі жазба ескерткіштерінде, Қ о ж а , Ә к і м , б а с т ы қ » болса, ал қазақ тіліндегі мағынасы « малы көп, дәулетті адам» дегенді білдіреді. Жоғарыда көрсетілген есімдердің ішіндегі М а х м ұ т б а й , Ә б д і л д а б а й , Т о қ с а н б а й , Құ н а н б а й сияқты есімдер үстем тап екендігін көрсету арқылы қойылған есімдер.
Романдағы « Бек» сыңары арқылы көрсетілетін есімдер Орхон- Енисей ескерткіштерінде князь, бастық деген ұғымды білдіріп бөлек жазылған .15.Ал, романдағы « Бек» сыңары кісі аттарының сыңары ретінде бірігіп жазылған.
Мысалы: Қ ұ с б е к , А с ы л б е к , Ә л і м б е к, Ә л і п б е к , Б а й г ө- бе к , Ж а н г ө б е к , О р м а н б е к , Т і н і б е к , С а м а л б е к , Қ о й ш ы б е к, Б е к т о ғ а й , Б е г д а л ы т.б. осы сияқты есімдерде, қарапайым жұмысшылардың да есімдері көрсетілген. Мысалы: былғары заводының жұмысшысы Ә л і п б е к / ІІ;531/ . Семейде кеңселерге енді түсе бастаған С а м а л б е к , О р м а н б е к деген жас қаратаяқтар /ІІ;330/. Ә л і м б е к тілмаш /ІІ;397/. С ү й і н д і к т і ң үлкен баласы А с ы л б е к /І;53/. Бұрын аға сұлтан болған Қ ұ с б е к /І; 81/. Ә д і л б е к жаман бөлініп жеңгелерін де , малшыларын да, көршілерін қатты бүрікті. / І;215/.
Романдағы тай сәнімен жасалған есімдер еркелету жұрнағы ретінде көрсетіледі.
Е с е н т а й, Қ ы с а т а й , Қ а р а т а й , Қ ұ л ж а т а й , М ы р з а т а й, Н а й м а н т а й , Т о н т а й , С а т а й , К ә к і т а й .
Ой тәңір-ай, жеріне жетпей К ә к і т а й жығылмайды /ІІ; 6/. Зор денелі сары кісі –Е с е н т а й / ІІ,355/. Тобықтының белгілі үлкендерінің бірі- Қ а р а т а й . /І;12/.Мықты атанған Құлжатай /ІІ;459/.
Романдағы біріккен тұлғалы « ай»-ға байланысты есімдер: А й ғ ы з , А й ш а , А й с а , Қ о н а й , Тұ р с ы н а й , Е р е н а й , Ж а б а й , Ж а қ а й , А ғ а й , С а т а й т.б. сияқты есімдер көне түркі заманда Ү-ҮІІІ ғасыр шамасында балаларының есімдерін аспа «тәңірге» табынып ай, күнге байланысты қойғандығын ғалымдар айтқан болатын [16;158] .
Романдағы « жан » сөзі арқылы жасалған біріккен тұлғадағы есімдер көбінесе еркелету формасында көрсетіледі. Бұған мысал ретінде төмендегі есімдерді көрсетуге болады. А х м е т ж а н , Ә л і м ж а н , Б і р ж а н , Д ә м е - ж а н , Қ а р а ж а н , К ә р і п ж а н , С е р ж а н , С ә л і м ж а н , Т ә к е ж а н , То қ ж а н , Ұ л ж а н т.б. Д ә м е ж а н н ы ң он бес жасар С ә л і м ж а н мен он екі жасар кенже інісі Ә л і м ж а н / ІІ;299/. Солардың ішіндегі ең көрнектісі әсем ән мен ұйытқан Б і р ж а н с а л /І;324/. Бүгін өз түсінде Қ ұ т ж а н ы жалғызы кірген еді /І;22/. Бұлардың арасында бірер бурыл сақал қарттан басқа С е р ж а н сияқты азаматтар да көрінеді /ІІ;14/.
Хан жұрнағына байланысты романдағы кісі есімдері романда жиі ұшырайды. Ғалымдардың айтуына қарағанда, көне түркі заманында үстем тап өкілдеріне тән болғандықтан, мұрагерлік сипат алып, нәсіл қуа бастаған Мысалы: хан, сұлтан, мырза атанып сол титулдарды иемденіп жалғастырып отырған.
Сөйтіп, олар біріккен тұлғалы кісі аттарын жасауда белгілі компонент болып қалыптасты.
Қорыта айтқанда, бұл сөздің ертедегі көне түркі тілінде ертедегі феодалдық мемлекет кезінде қолданылған титул екенін білеміз. Бұл сөз өзінің шығу төркіні жағынан түркі тілінде де, монғол тінде де ортақ, ол екі тілдің де көне ескерткіштерінде бар деген пікірді Т. Жанұзақов жоғарыдағы еңбегінде айтады [17;52].
Абай романында кездесетін, хан сөзі арқылы жасалған есімдер бастапқы мағынаға ие емес, дыбыстық өзгеріске ұшырайтын есімдерт екенін байқаймыз.
Мысалы: Ғ а б и т х а н, Д а р х а н, Ж ұ м а қ а н, Қ о ж а қ а н, К е н ж е х а н, М ы р з а х а н , С о й қ а н , Ә з і м х а н .
Ғ а б и т х а н жас та болса молдалығы жетік кісі саналып, соңғы күндері үй ішіне « Мың бір түн » хикаясын айтып береді /І;73/. Бет пішіні нұрлы, қызғылт, балғын денелі К е н ж е х а н әрі балуан, әрі жау түсірген ер болатын /І;448/.Бұлардың көбін Ә з і м х а н төре жүз –жүзге бөліп, талай руларын атап берді /ІІ; 472/. М ы р з а х а н бұл уақытта бар қағазды құшақтап апарып, отқа тығып жатыр /І:168/.
Романда ман, мен аффикстері кісі аттарында сиректеу ұшырасады. Тек қана мынадай күйде. Мысалы: Ш ү к і м а н, Қ а у м е н, Ә б д і р а х м а н , Д ә р м е н т.б. кейіпкерлер де байқалады. М а н , м е н аффиксімен келетін кісі аттары Европа, Орта Азия және Қазақстан халықтарының тілдерінде кездесе береді. Бұған қарағанда – м а н аффиксі барлық түркі тілдеріндегі төркіні бар сияқты. Бұл аффиксті Т. Жанұзақов былай деп келтіреді. « О, бастағы лексикалық мағынасы: неміс / мапп/, ағылшын / мап/ араб / мап/ тілдерінде « адам», « кісі».І.
М. Әезовтің «Абай жолы» романындағы –келді, - гелді аффикстері қатысқан есімдерге шолу жасағанымызда тек ғана осы біріккен тұлғада жұмсалып тұрған.
Д ә у л е т к е л д і , Ө т е г е л д і сияқты есімдерді ұшыратамыз. Д ә у л е т к е л д і әңгімесін тостырмай іле айта жөнелді / ІІ;532/. Ойнақы сауықшыл жігіт Ө т е г е л д і ноғай ауылының өз кісісі боп кеткен адам / ІІ;137/.
Романдағы - далы қосымшасы жалғанған кісі есімдері санаулы ғана. Мысалы: « Бег» сөзіне жалғанған –далы қосымшасы арқылы Бегдалы есімі.
Сондай – ақ романдағы біріккен тұлғалы есімдерге « қожа», «молла» қосымшасы жалғау арқылы жасалған есімдер « Қожа» қосымшасы мен « молла» қосымшасы. Бұл титулдар үстем тап балаларына есім ретінде қойылып отырған. Бұл есімдер қоғам дамуына сай өзгеріп, түрленіп отырған. Үстем тап өкілдеріне тап болғандықтан мұрагерлік сипат алып нәсіл қуа қатысқан есімдерден: Ә к і м қ о ж а , Ә ш і м қ о ж а , Б е р д і қ о ж а , Қ а л и д о л л а , Х а с е н м о л л а т.б.
Бұдан басқа есімдердің ішінде тек ғана санаулы -қын, - ін аффикстері қатысқан антропонимдер Ж а р қ ы н , Т ү с і п сияқты есімдер.
Е р, е с – деген сөздерге бол – болат қосымшаларының жалғану арқылы жасалған есімдер. Астында құнанша күзеген күрең биесі бар . Бұл Е р б о л деген жігіт болып шықты /І;118/.
Е р, е с компоненті анықтауыш екінші сыңарлары анықтағыш мүшелер.
Осы романдағы қазақ есімдерінің ішінде - ын, - дік қосымшалары санаулы түрде. Мысалы осы аффикстерге байланысты қатысқан С ү й -і н -д ік деген есімдерде етістіктің бұйрық рай түрінде –ін қосымшасы арқылы жұмсалып тұр.
Кісі аттарындағы аффикстер сөз таптарына дерлік қатысты.Олардың ішінде есімдердің, етістіктердің үстеу, есімше, етіс сөздердің жұрнақтары.
« Абай жолы» романындағы антропонимдердің сөз таптарына қатынасы
« Абай жолы» романындағы біріккен тұлғалы антропонимдерді құрамына қарай мынадай топтарға бөліп қараймыз.
І. Зат есім мен зат есімнің бірігуінен жасалған есімдер:
Мысалы: Ә б д і р а х м а н , Б и б і с а р а, С а д у а қ а с , Ә к і м қ о ж а, Ә л і м қ о ж а , Б а л а ғ а з , А б ы л ғ а з ы т.б.
Түн ішінде елеусіз бір адырларға А б ы л ғ а з ы жылқы әкелді / І;225/. Сармолланың қызы Б и б і с а р а /ІІ;343/. Кішкентай, ақ сарылау келген Ә б д і р а х м а н /І;280/
Бір сөзді екінші сөзге біріктірп жаңа сөз тудыру тек кейінгі кезде шыққан тәсіл емес, ерте заманнан- ақ қалыптасқан [22]
Негізінде зат есімдерге мағынасы жағынан заттық ұғымды білдіретін сөздердің бәрі де енеді.
2. Сондай- ақ сөз таптарының ішінде зат есімдер мен сын есімдер де бір- бірімен тығыз байланысты. Зат есім мен сын есімнің біреуі арқылы жасалған есімдер:
А қ қ о з ы , А қ б а с, А қ ш о л а қ, Қ а р а б а с , Қ а р а б а т ы р , С а р ы м о л л а , Ж а м а н т а й , Н ұ р ғ а н ы м , Н ұ р қ о ж а т.б.
Сын есімдер мағынасы мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сапалық сын және қатыстық сын деп екі топқа бөлінеді. Сапалық сын есімдер заттың тікелей қабылданатын белгілерін яғни заттың түр-түсін ( көк, ақ, қызыл, қара, сары) білдіреді. Көлемдік белгісін ( үлкен, кіші) заттың салмағына байланысты Қ а б а н қ а р а , М е с қ а р а есімдері бар. Өзіне танытқан талпақ қара баласы М е с қ а р а бар екен /ІІ;23/ .
Адамның мінез-құлқы және т.б. білдіретін есімдер: Т о р ы м б а л а, К е р і м б а л а т.б.
Сапалық сын есімдер өзінің лексикалық мағынасы бойынша заттың әртүрлі белгісін көрсетеді.
Ендігі бір байқағанымыз, есім атауын жасауға зат есімдерден кейінгі актив келетін сөз табы етістік.
Әрине көбінесе етістіктер өзі тіркесетін сөздерден кейін келіп бір топ есімдерді жасайды.
Романдағы зат есім мен етістіктен жасалған есімдер: Д ә у л е т к е л д і , Е с б е р г е н , Т ө л е п б е р д і, Б ө р і б а с а р , Ж о р т а р , К ө р е р , Қ ұ д а й б е р д і , Ө т е г е л д і т.б.
Ал кейбір етістіктер зат есімнің алдында қолданылатын есімдер де бар: Т ұ р ғ а н б а й , Т ұ р с ы н а й т.б.
Етістіктер мағынасы жағынан қимыл, іс- әрекетті білдіреді.
Етістік - қыр -сыры мол, ең күрделі сөз табы болып табылады.
“Абай жолы” романдағы сан есімдерге байланысты антропонимдер
Романдағы сан есім арқылы жасалған кісі есімдері болса, баланың туған күніне , мерзіміне оны қоршаған ортаға, өмір тіршілігіне байланысты болса, енді біреулері сандардың қасиеттеріне сену идеясына байланысты қойылады. Осы романдағы сан есімге байланысты есімдерден, А л т ы б а й , Т о қ с а н , Б е с- б а й , Ж е т п і с , М ың ж а с а р сияқты есімдері бар.
А л т ы б а й жас жылқышыларға « іңірге шейін тыныс алып, ес жиыңдар » деге н /ІІ;580/. « Алты» сан есімдерді түркі тілінің тарихында баланың қол аяғы алтау болыр туылуына байланысты қойылатын болған. Мәселен, өзбек ономастикасын зерттеуші З. Бешатов былай дейді: «Балалардың қолы яки аяқтарының саусақтары алтау болып туылса, О р т и қ , О р т и қ б а й, О л т и- б о й ,» сияқты есімдер қойылған.
Алтыбай жиі ұшырасатын сөз тіркестері алты ай жаз, алты ай қыс. Демек « алты» сан есімнің сөздік қорымызда кеңінен қолданылып, түрлі лексика – семантикалық қасиетке ие екенін байқаймыз. Жақсы сауыншы Т о қ с а н үйленсе, кетіп қалмақшы, сол үшін жібермес болып, жіпсіз жүр /ІІ; 122/.
М ы ң ж а с а р ғ а жаманшылық жасап жүрген оның туысы емес, түп себебін айтсам- жоқшылық.
Ал, жетпіс, тоқсан сан есімдері арқылы жасалған кісі есімдері баланың әкесінің осы жасқа келгенде туылғандығын немесе сол жасқа жетемін деген сеніммен қойылғандығын көрсетеді. Онымен қатар М ы ң ж а с а р есімімен қою баланың өмір жасы ұзақ болсын деген тілекке байланысты қойылған есімдер.
Жалпы сан есімдер түркі халықтарында фразеологиялық тіркесулер жасауға бейім тұратыны белгілі. Қазақ тіліндегі кісі есімдерінің шығу тарихы жоғарыда атап көрсеткеніміздей сан есімдердің есім жасау қасиеті. Түркі халықтарының ішінде қазақ тілінде актив қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |