1 Қазақ тіліндегі антропонимдердің тарихи-этномәдени тұРҒыдан қарастырылуы 6


ІІ тарау ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АНТРОПОНИМДЕР МЕН ЭТНОАНТРОПОНИМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ НЕГІЗІ



бет3/5
Дата15.09.2017
өлшемі1,06 Mb.
#32306
1   2   3   4   5

ІІ тарау

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АНТРОПОНИМДЕР МЕН ЭТНОАНТРОПОНИМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ НЕГІЗІ.

Анторпонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық, әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Біз зерттеу нысанымызда тікелей қатысы бар профессор Т.Жанұзақов зерттеулеріне ерекше назар аудардық. Профессор Т.Жанұзақов зерттеулерінен бастап, кейінгі Қ.Рысбергенова, С.Оңайбаева, Ұ.Ержанова, М.Мұсабаева, Б.Бияров, З.Жанғабылова, А.Арысбаев, Г.Мадиева, А.Жартыбаев, Б.Тілеубердиев т.с.с. ғалымдардың зерттеулері қазақ антропонимиясына тән бір ерекшелік ретінде оның тақырыптық шеңберінің өте кең екенін көрсетті.

Қазақ есімдерінің де өзіне тән тарихи, шығу пайда болу жолы бар. Кісі есімдерінің шығу, қойылу тарихы өте көне замандарға, алғашқы рулық қоғамға барып тіреледі. Әуелде ру, тайпа аттарының, сондан кейін кісі аттарын шыққаны күні бүгінде ғылымда белгілі болып отыр.

К.Маркс, Ф.Энгельс неке мен отбасы қалыптасуы туралы еңбегінде алғашқы қоғамдағы рулардың шығуын, олардың есімдерінің қойылу тарихын ғылыми түрде кеңінен сипаттайды:

«Әрбір рудың белгілі бір есімдері немесе бірнеше ұқсас есімдері болады, ол есімдермен бүкіл тайпа ішінде сол рудың өзі ғана пайдалана алады, ендеше әрбір мүшесінің есімі де оның қай рудың адамы екенін көрсетеді» - дейді Ф.Энгельс [41,47]. Осымен бірге, ертедегі рулар аттарының хайуандар аттарымен байланысты болғанын көреміз. Ол туралы Ф.Энгельс: «Кейбір рулардың аттары хайуандар аттарымен де аталатын болған. Сенеке тайпасында қасқыр, , аю, тасбақа, құндыз, бұғы, балықшы, көкқұтан, бүркіт деген сегіз ру бар екен. Халық аузындағы аңыз бойынша, басқа рулар аю мен бұғы атты рулардан тараған көрінеді»[41,49]. Бұл хайуандар аттары әрі сол ру басының есімдері ретінде жұмсалған. Кейінгі этаптарда осы ру аттары адам аттарына ауысып отырған.

Кейіннен адамдарды бір-бірінен ажырату үшін арнайы ат беріледі. Ол ат бала туғаннан соң жеті күннен кейін қойылатын. Бастапқы кездегі аттардың ана тіліміздің төл сөздерінен қойылғандығы байқалады. Мысалы: Бөрібай, Қойлыбай, Жетібай, Алтын, Күміс, Күмісбек, Бектай, Барыс, Құтжан, Темірбек, Күнбек т.б. Байқап отырғанымыздай, бұл есімдердің қойылуынан этномәдени уәж анықталады. Атап айтқанда, ай мен күнге, тау мен өзен, көлге табынып сыйынуға сәйкес мифтік таным негізінде қалыптасқан есімдер мыналар еді: Айсұлу, Айхан, Айдай, Күнай, Күнбек, Айкүн, Таутай, Таубай, Көлбай, Көлтай, Бөрібай т.б.

Бұл жай туралы түркімен онмастикасын зерттеуші З.Б.Мұхаммедова : «древнейшими , на наш взгляд, следует считать имена, восходящие к названиям атмосферных осадков, солнце, луны, растений, и животных» деп жазса [42,45], өзбек антропонимикасы туралы Э.Бегметов: «Имена, Тангриберген, Тангриберди, Тангриқүл, Қуанышбек, Ойзада, Ойкон связаны с культом неба, солнца, и луны, являются ярким свидетельством поклонения и почитания людьми этих небесных и наземных «божеств»», - дейді [43,18].
2.1 Антропонимдік жүйенің қалыптасып дамуы мен қызметі.

Қазақ ономастикасының негізін салушы ғалым-маман Т.Жанұзақовтың зерттеуінде қазақ есімдері туралы мақалалар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан шыға бастағаны, ондай алғашқы мақалаларға А.Е.Алекторовтың, А. Диваевтің көлемі жағынан тым шағын мақалалар жататыны көрсетілген [44,140].

Профессор Қ.Жұбанов «Қазақ сөйлеміндегі сөз тәртібінің тарихынан» деген тамаша еңбегінде біріккен тұлғалы кісі есімдерінің синтаксистік құрылысына ерекше назар аударып, жан-жақты талдау жасайды. Автор біріккен тұлғалы кісі аттары компоненттерінің орын тәртібін, синтаксистік құрылысын тексере отырып, олардың тілдік грамматикалық құрылысының даму жайын, өзгеру сатысын, сонымен қатар бұл жөнінде бірден-бір құнды материал болатындығын көрсеткен. Тіліміздегі Қойлыбай, Малдыбай тәрізді есімдер мен Жылқыбай, Сиырбай, Түйебай секілді есімдердің мағыналық әрі құрылымдық жағынан бірдей еместігін аса көрегендікпен байқаған [45,49-55]. Мұндағы лингвистикалық заңдылықтың сөз тәртібіне, олардың орналасу принципіне сай болатыны еңбекте терең талданады. Жоғарыдағы біріккен тұлғалы есімдердің компоненттеріндегі бай сөзінің, біріншіден, мағынасына байланысты, екіншіден, зат есім не сын есім ретінде қолдануына орай, бірінші иә екінші компонентте тұратынын көреміз.

Ғалымның бұл еңбегі қазақ антропонимика тарихында мәні зор тұңғыш еңбек санатына қосылады. Кісі аттары мен фамилиялары туралы алғашқы мақалалардың бірі академик І.Кеңесбаев қаламынан туған. Бірақ бұл мақалада қазақ есімдерінің таза лингвистикалық сипанты, атап айтқанда, дара, біріккен тұлғалары, араб-иран тілдерінен енгендер, фамилиялардың қосымшалары және олардың жазылуы, орфографиясы сөз болады. Ал, қазақ антропонимдерінің этномәдени әлеуметтік мәнін ашатын тілдік деректер академик І.Кеңесбаевтың «Фразеолгиялық сөздігінде» молынан кездесетіні белгілі. Ол жұмыс зерттеу барысында дәйек ретінде пайдаланылды.

Профессор С.Аманжоловтың мақаласы кісі аттарының сөздік қорға тәндігі, жеке зерттеу объектісі болатыны және оларды шығу, қойылу ретіне қарай топтастыру, жіктеу мәселелеріне арналған.

Бұл мәселенің нақты дәйектелген тұжырымын ғалым мақаласында былайша түйеді: «... жер мен су аттарын алсақ та, кісі аттарын алсақ та, олардың жасалуында белгілі бір заңдылықтың барын байқаймыз. Мұндағы кісі атының өзі тоғыз жол яки тоғыз мақсатқа тірелетіні көрінеді. Тоғыз жол дегендеріміздің бірі – адамзаттың жақсы өмір сүргісі келуіне байланысты. Бұл мақсатқа жету үшін ата-анаға өз баласына ең жақсы, ең белгілі, атақты адам сол діннің бастықтары, я сол дін үшін күрескендер болып көрінеді. Мысалы, ислам дінін қабылдаған жұрт үшін қадірлі, атақты адам сол дін үшін күрескендер болып көрінеді. Сондықтан мұсылман діндегілердің аты бірде таза Мұхамед, Ғали, Омар, Оспан, Ахмет, Садық... болып келеді (Мұхамедсадық, Сапарғали, Қожахмет т.б.)».

Халықтық танымның ең асқан көрінісі шын мәнінде, адамдардың есімдері, олардың қойылу тарихы. Сондықтан да сәбиге атты сол әулеттегі үлкен не болмаса аса беделді адамдарға қойдырудың себебі де этникалық салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың айғағы. «Тоғыз жолдың үшіншісі – баланың мінез-құлқы жақсы болуын тілеуден туатын аттар. Мысалы, жібектей болсын десе, қыздың атын Жібек қояды. Жомарт болсын десе, баласына Жомарт я Мырза деген ат қояды...» [46,368].

Профессор Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров еңбектерінде көне түркі есімдері, тілдегі сөздер мен кісі аттарының жасалу заңдылықтарындағы ұқсастық, ондағы кішірейткіш, еркелеткіш, ұлғайтқыш жұрнақтардың қызметі, өзіндік ерекшелік сипаттары берілген. Тілдегі осы өзекті мәселеге профессор Ғ.Мұсабаевтың «Қазақ тіліндегі кейбір кішірейткіш жұрнақтар» атты мақаласы арналған. Автор кісі аттарындағы еркелеткіш –ш, -қан, -жан, -тай тәрізді жұрнақтардың семантикасы мен функциясын саралайды[47].

Кішірейткіш, сыйлау, құрметтеу қосымшаларының кісі аттарын өзгертіп, түрлендірудегі ролі тым ерекше [48,570]. Бұл тілде жиі қолданылатын өнімді қосымшалар. Жалқы және жалпы есімдердің байланысы, бір-бірінен ерекшелігі және еміле, жазу, орфография мәселелері жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен мектеп грамматикаларында үнемі айтылып келеді. Бұларға берілген анықтама мен түсініктеме тым қысқа, шағын болғанымен оқушылар біраз мағлұмат алары сөзсіз. Оның емілесі, жазылу мәселелерінің негізгі әсері мектептерде орнықты өтеді. Антропонимика мен топонимика өзара тығыз байланысты. Олар жасалуы әрі семантикалық тегі жағынан бір-біріне көп ұқсас.

Бұдан әрі антропонимика саласының қазақ тіл білімнде дамуы оның табиғатын анықтауды тереңдете түсті. Қазақстан картасындағы көптеген елді мекендер, оронимия ( тау,шың, шоқы, төбе атаулары), гидронимия ( өзен, су, көл, құдық, бастау атаулары), микротопонимия ( сай-сала, жайлау, шабындық, қыстау атаулары) кісі аттары мен фамилиялардан қойылған атаулар. Бұл екі ғылым арасындағы ұқсастық пен тығыз байланыс ( антропономика+топонимика) А.Әбдірахманов, Ғ.Қоңқашбаев, Ғ.Қойшыбаев, В.Н.Попова, О.Султаньяев еңбектерінен анық көрінетіні қазақ ономастикасында атап көрсетілген. Мысалы, А.Әбдірахмановтың еңбегінде көптеген ортақ есімдердің этимологиясы талданып, тарихи мағынасы ашылады. Бүкілодақтық конференцияларда жасаған баяндамалары арқылы ғалым еңбегі кеңінен қолдау тапты, мәні анықталды.

Профессор Т.Жанұзақовтың қазақ антропонимдер құрлысының жаңарып, көбейе түсуіне әсер еткен деп көрсеткен әлеуметтік мәдени факторының бірі ислам дінінің тарауымен байланысты. Ғалымның атап көрсеткеніндей, Х ғасырдан бастап ислам діні қазақ даласының түкпір-түкпіріне тарп, мүмкіндігінше сіңісе бастайды. Сөйтіп, мұсылман дінінің ықпалы күшті болып, тұрмыстық, қоғамдық жағдаяттың барлық саласына әсерін тигізді.

Антропонимдердің этномәдени, әлеуметтік мәнін, мазмұнын сипаттайтын құжаттық қызметін анықтаудың қазіргі антропоөзектік бағыттағы зерттеулерде мәні ерекше.

Мысалы, қолданудан әлдеқашан шығып қалған, бірақ тілімізге тән, жалқы есім сөздер антропонимияда сақталып отыр. Мәселен, Ардақ, Байсал, Ораз, Жора, Жекен т.б. Демек, антропонимдер арқылы берілетін ақпаратта өзіндік ерекшелік болады. Балаға ат қою әр халықтың өзіндік дүниетанымымен, салт-дәстүрі мен наным-сенімдермен тығыз байланысты. Мысалы қазақ халқында: Абзал, Мақсат, Нұрлан, Айгүл, Азамат, Айбек, Дәулет, Дархан, Бексұлтан, Айнұр, Күнсұлу, Гүлім, Сұлушаш, Гүлнар, Назгүл, Айдана т.б. көптеген атаулар игі мақсатымен қойлған. Бұл атаулардың астарында ата-анасының, ат қойған адамның баланың бойында осы сөздердің мағынасында бар жақсы қасиеттері мол азамат болсын деген арман-тілегі, ниеті жатыр.

Кейбір есімдер баланың туған уақытымен нақты жағдайымен байланысты қойылады. Мәселен: Наурызбай, Майгүл, Маусымжан, Маусымбай, Қазанбек, Қаңтарбай сияқты есімдер баланың туған (уақытысымен) тікелей байланыстырып қойылған. «Наурыз» мейрамы, «Жеңіс күні» мерекесі күндері туылған балаларға да Наурызбай, Жеңіс, Жеңісхан, Жеңісбек сияқты ат қойылады. Ал Меңгүл, Меңсұлу, Қалдыгүл, Қалдыбек сияқты есімдерінің меңі, қалы бар нышанды балаларға қойылатыны белгілі.

Профессор Т.Жанұзақовтың қазақ есімдерін табиғат құбылыстармен байланысты есімдер, мал шаруашылығына байланысты есімдер, асыл металдарға байланысты атаулар, жеміс-жидек атаулары байланысты есімдер, туыстық атаулармен байланысты есімдер, жер-су аттарына қойылған есімдер, түрлі тағам аттарына байланысты есімдер, тағы аңдар мен үй хайуандары және құстарға байланысты есімдер деп, он лексика-семантикалық топқа жіктейді [44,40]. Осы еңбектің және содан бастау алған осы тектес зерттеулердің ( Ж.Смағұлова, Д.Керімбаева, Ж.Ағабекова, З.Жанғабылова т.б.) нәтижесінде қазақ антропонимдерінің лексика-семантикалық топтарына негіз болған мынандай дереккөздер мен этномәдени факторларды көрсетуге болады:


  1. Қазақ антропонимиясын байытудағы фольклордың орны ерекше. Кейбір фольклорлық жалқы есімдер жоғары образдылығымен, жоғары дәрежеде типтене отырып, жалпыұлттық символдарға айналады. Мұндай фольклорлық есімдер жалпыұлтқа танымал болады, ұлттық мәдениеттің негізгі тұжырымын білдіреді. Мысалы: Қобыланды батыр, Қыз Жібек т.б. ертегілер мен аңыз-әңгімелер кейіпкерлер аттары.

Қазақ ертегілеріндегі антропонимика құрамын шығыс фольклоры мен мәдениетінің ықпал еткендігін байқауға болады. Сондықтан мұнда Ескендір, Рүстем, Фархад, Шырын, Сүлеймен, Дәуіт т.б. шығыстық реңктегі есімдер қолданыс табады. Қазақ қиссалары мен дастарында араб-парсы тектес антропонимдер көптеп кездеседі.

2 . Қазақтың кең байтақ даласы, оның әр тасы мен бұлағына белгілеп ат қоюы – ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық дәстүрінің бірі. Осы жер, су, тау, өзен, қала аттарын зерттейтін ғылым топономика. Топонимдердің құрамында жеке есімдер мен фамилиялар өте көп кездеседі. Мысалы: Аякөз, Жамбыл, Нияз, Абай т.б. Көптеген кісі аттары мен фамилиялардың гидронимиялық ( көл, өзен, су, құдық) аттаулардан жасалған. Мысалы: орыс тілінде Донской, Невский, Азерин, Прудников, Волгин т.б. қазақ тілінде; Еділ, Есіл, Ертіс, Ілебай, Кегенбай, Орал т.б.

3 .Қай тілдің болсын антропонимиялық қазына байлығы тек төл есімдер ғана емес, басқа тілден енген антропонимдер де құрайды және олардың жалпы антропонимиялық қордағы үлесі мол болады. Қазақ тіліндегі араб текті есімдер арабтардың мәдениетінің, салт-дәстүрінің және дінінің енуімен байланысты. Жалпы араб текті қазақ есімдерінің қазақ антропонимия қорындағы жалпы саны – 2000 деп алсақ, оның 1000-нан астамы ерлер, 900- дейі әйелдер есімін құрайды. Алланың көркем есімдері мен пайғамбарлар аттарына байланысты есімдер: Аллаберген, Абдулла, Али, Мұқаммет, Кәрім т.б. мәліметтер Ж.Ағабекованың жұмысынан алынған.

4. Жабайы аңдардың , құстардың атаулары кісі аты ретінде қойылып отырған. Еркіндікте, бостандықта жүретін, қарулы әрі жүйрік саналған. Жабайы хайуандардың аттарын бала күшті, қарулы болсын және солардай еркін өмір сүрсін деп қойған. Мысалы: Арыстан, Бүркіт, Жолбарыс, Қарақат т.б. Ата-бабамыздың негізгі кәсібі мал шарушылығы болғандықтан да төрт түлік малға байланысты кісі есімдері жиі кездеседі. Түйеге, қойға немесе жылқыға бай болсын деген мақсатпен төрт түлік малға байланысты балаға ат қойған. Мысалы: Қойшыбай, Жылқыбек, Нартай, Малбағар, Жылқыайдар, Ақбота, Жанбота, Түйебай, Бурабай т.б.

5. Қазақ халқы ерте кезден-ақ аспан жұлдыздарын бір-бірінен ажырата білген, әрі мифтік танымға сәйкес табынған. Осымен байланысты аспандағы жұлдыздар сияқты жарық болсын деген мағынада кісі есімдері қойылған: Шолпан, Есекқырған, Үркер деп атаған. Табиғат құбылысына байланысты атаулары табынып сыйыну нәтижесінде шыққан есімдер .Мысалы: Нұрсұлу, Нұржан, Айсұлу, Күнай, Айжарық т.б. Осы құбылыстың болуына бастама болсын деген мағынаға байланысты: Таусоғар, Айтуар, Күнтуар т.б.

6. Тарихи қайраткерлердің, хандардың, белгілі ақын-жазушылардың, атақты батырлардың есімдері қазақ тілінде қолданыста. Осы әйгілі, беделді тұлғалар сияқты ақылды, парасатты, қайратты болсын деп ат қойған. Шынғысхан, Махамбет, Қазыбек, Сәкен, Жамбыл т.б. Сол батырлардың ақылшысы, өмірлік сүйген жарларының аттарын қыз балаға қояды: Назым, Айман, Жібек, Гүлдана т.б.

7. Көшпелі халықтың тұрмысы мен өмір тіршілігіне қажет заттарына байланысты есімдер: Киізбай, Тоқаш, Сүттібай т.б. Сондай-ақ материалдық игіліктер, үй бұйымдарына байланысты қойылған аттар да көп кездеседі. Ертеде байлық негізгі болғандықтан, бала бай, хан, мырза, бек, сұлтан болсын деген мағынада қойылған аттар: Баймырза, Бексұлтан, Асылхан, Сұлтанбек, т.б.

8. Ал қымбат металдарға байланысты қойылған аттар қазақ халқының өте ертеден-ақ алтын, күміс, болатпен таныстығын көрсетеді. Қымбат металдардың атаулары, зергерлік істер мен шеберлік өнерге байланысты кісі аттары: Алтын, Күміс, Моншақ, Маржан, Әшекей, Сырғабай, т.б. Қазақтың дәстүрлі қару-жараққа байланысты кісі аттары:Қылыш, Садақ, Айбалта, Найза т.б.

9. Әр түрлі ырымға байланысты қойылған аттар. Бала сұлу, көрікті сүйкімді, бойшаң, мінезі ашық, жомарт болсын деп Жамал, Сәуле, Ақылжан, Жомартбек т.б. Бала тұрақтасын, көз тимей өлімнен амал болсын, өмір жасы ұзақ болса екен деген мағынада аттар: Тұрар, Өмірзақ, Жанұзақ, Мыңжасар т.б. Көптен баласы болмай жүрген отбасында немесе көп бала болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Қуандық, Сағындық, Тілепберген, Сүйіндік, Жалғас, Ілес, Ұлас т.б.

10. Ру, ел, халық, ұлт атаулары негізінде жасалған есімдер; Дулат, Ноғай, Арғынбай, Қырғызбай т.б. Қазақ есімдерінің біразы көрші туыстас халықтар аттарынаң да жасалып отырған. Олар: Орысбай, Ойрат т.б. Адамға бұлайша ат қоюдың басты себебі – қазақ халқының аты аталып отырған халықтармен ұзақ ғасырлар мәдени байланыс, қарым-қатынас жасап, достық, туыстық ынтымақта болғанында.



Осымен байланысты М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының тілін жүйелеп зерттеген профессор Е.Жанпейісовтың «Этнокультурная лексика казахского языка» еңбегінің қазақ тіл біліміндегі этноантропонимия саласын қалыптастыруда маңызы ерекше [49]. Осы еңбектің негізінде «Абай жолы» эпопеясындағы кісі есімдері мынадай лексика-семантикалық топтарға бөлуге болады. Араб-парсы тілдерінен енген есімдер: Әбді, Әбдіғаппар, Әбдіжәміл, Әбдірақмат, Әбдірахман, Әбділда, Әбілқасым, Әнуар, Әлима, Әбілмансұр, Әбілмәжін, Әліш, Әлішер, Әлі, Әлім, Әлімбай, Әлімбек, Әліимжан, Әутәлип, Әріп, Әлімқан, Әлімқұл, Әлжаппар, Әли, Әлия, Әлизаде, Әлмағамбет, Әлмәмбет, Әсма, Әшім, Әшір, Әшірбай, Әсет, Әсия, Әлмен, Әсел, Ахмеди, Абдолла, Афрасияб, Афтап, Асхат, Ахмет, Бәтима, Бағила, Бісмілда, Бағлан, Гүлжәмила, Гүлқаныс, Ғаббас, Ғабдол, Ғабдолла, Ғабдулжаппар, Ғабитхан, Ғабиден, Ғазиз, Ғазиза, Ғани, Ғайни, Ғали, Ғалия, Ғайса, Ғұбайдолла, Данияр, Дәмежан, Дәулет, Дәуіт, Дәуітпай, Есдәулет, Есболат, Жамал, Жәмиля, Жауһар, Жаппар, Зурә, Зуһра, Зағира, Зариф, Зәуре, Зейнеп, Исләм, Камал, Камали, Камила, Кәдіржан, Кәктай, Кәмали, Кәмшат, Кәрім, Күлпаш, Күлпан, Күлиза, Күлия, Күлшат, Қабас, Қабден, Қабдеш, Қабдол, Қадір, Қадырәлі, Қадырқұл,Қали, Қалидолла, Қамза, Қанипа, Қасен, Қасым, Қасымбек, Қасымжан, Қасымқан, Құсайын, Құнапия, Мадияр, Мәлік, Мәлике, Мәли, Мәлікжан, Мәулен, Мекапар, Мекәлі, Мағауия, Мағрипа, Мұса, Мұстапа (Мұстафа), Мұхамбеткәрім, Мұхамедияр, Мұхамед Хайдар, Мұхаметжан, Мұхтар, Мүслім, Мүсірәлі, Насыр, Науаи, Науан, Нафиса, Нәзипа, Назым, Назымбек, Науан, Низами, Нияз, Нұрғали, Неғматулла, Нұрфолла, Ораз, Оразалы, Оразбай, Оразбақ, Оразке, Өмірәлі, Пәкизат, Пәрман, Пәрмен, Рабиға, Рамазан, Рахила, Рахман, Рахымжан, Рашид, Рашидад-дин, Рәш, Розахон, Рүстем, Сафиат, Сахип, Саяділ, Сәбит, Сәду, Сәдуақас, Сәкен, Сәлім, Сәлімжан, Сәлімқан, Сәмен, Сеит, Сеитқали, Сейіт, Сейтбаттал, Сеитқан, Сейполла, Сләм, Смайыл, Таһир, Уәли, Уәлихан, Уәсила, Үмбетәлі, Файзырахман, Фархад, Фатима, Фзули, Фирдоуси, Хадиша, Хайдар, Хакима, Хакімжан, Халил, Халима, Халиолла, Хамит, Хасан, Хасен, Хасейін, Хәмза, Хисрау, Хожа Хафиз, Хұсайын, Шағидулла, Шаймардан, Шара, Шарапат, Шарафия, Шарипа, Шахмет, Шаяхмет, Шәкір, Шәмил, Шәмші, Шәмси, Юсуп.

Ай, нұр, күн сөзімен тіркескен есімдер: Ай, Айбала, Айшат, Айшуақ, Айбарша, Айбас, Айбек, Айғыз, Айдапкел, Айдар, Айдарбек, Айдос, Айжан, Айни, Айкүміс, Айман, Айманкүл, Айпара, Айса, Айсұлу, Айша, Айшакүл, Күнсұлу, Күнту, Күнбала, Күнекей, Күнікей, Нұралы, Нұрбай, Нұрғали, Нұрғаным, Нұрбай, Нұреке, Нұржан, Нұрила, Нұрке, Нұрқан, Нұрқара, Нұрқат, Нұрқожа, Нұрлан, Нұрлыбек, Нұрмағанбет, Нұрмұқамбет, Нұрпейіс, Нұртаза, Нұртай, Нұртас, Нұршайық.

Бек, бей, бай, мырза, сұлтан, хан, батыр, ер сөздерімен тіркескен есімдер: Бек, Бекбай, Бекбау, Бекберген, Бекбол, Бекболат, Бекежан, Бекей, Бекет, Бекқадір, Бекмағамбет, Бектас, Бектен, Бектоғай, Бекхожа, Бейғазы, Бейсек, Бейсембі, Бейсембай, Бейімбет, Бейсен, Байәділ, Байбосын, Байбөрі, Байбұлан, Байғара, Байбұлақ, Байдалы, Байділда, Байжан, Байжұман, Байжігіт, Байкөкше, Байқадам, Баймағамбет, Баймұқамет, Баймұрат, Баймұрын, Байназар, Байсал, Байсары, Байсүгір, Байтас, Байтоқа, Байторы, Байтөре, Байтұяқ, Байұзақ, Байшуақ, Байымбет, Байып, Байсыбай, Мырзабай, Мырзабек, Мырзағұл, Мырзатай, Мырзахан, Сұлтан, Сұлтанмахмұт, Ханзада, Батырбай, Батырхан, Батыраш, Ербол, Ералы, Ерғазы, Ерден, Ержан, Ержігіт, Еркімбек, Еркін, Ерман, Ермұса, Ерімбет, Ертөстік.

Жан, тай, сөздерімен тіркескен есімдер: Жанай, Жанйдар, Жанбота, Жанғазы, Жанғайша, Жандарбек, Жандос, Жанкісі, Жансаейіт, Жансүгір, Жантас, Жантемір, Жантөре, Жанұзақ, Жаныс, Жанысбек, Тайбала, Тайқар, Тайлақ, Тайлақпай, Тайман, Тайша, Тайыр.

Қымбатты метал, ру атауына байланысты кісі есімдер: Алтын, Алтынай, Алтынбек, Алтынсары, Айдос, Ерболат, Есболат, Жаппас, Керей, Дулат, Қамбар, Қарабас, Қожа, Қуандық, Қуатжан, Қызай, Мамай, Найман, Олжай, Сүйіндік, Топай, Төре, Шор, т.б.

Осымен байланысты жоғарыда атап көрсетілген антропонимия мәселесін тіл мен ұлт, тіл мен мәдениет сабақтастығында зерттейтін жаңа бағыт, жаңа сала – этноантронимика. Оның алғашқы ғылыми негіздері профессор Ә.Қайдар, Е.Жұбанов, Қ.Өміралиев, Е.Жанпейісов сияқты ғалымдардың еңбектерінен басталады. Нақты айтқанда, этнонимдер (ру, тайпа аттары) мен атропонимдермен жасалған есімдерді ғалымдар этноантропонимия (ТЖанұзақов) дап атайды.

Бұл термин антропонимияның бір тармағы болып саналады. Тіліміздегі ру, тайпа, халық аттары мен кісі аттарының өзара байланысты, ауысу процесі тарихи – дәуірлермен ұштасып келе жатқан құбылыс.

Профессор Е.Жұбановтың тұжырымдауынша: «тілдің сөздік құрамының алуан түрлі салалары секілді антропонимдік атаулар мен этнонимдерді, әлеуметтік топтардың жыр-дастандарда сақталған жинақ аты іспетті «қара қыпшақ Қобыланды» тәрізді этнонимдерді, яғни, эпос қаһармандарының генеалогиялық тегін танытатын есімдерді зерттеп, олардың көркемдік сырына, табиғатына зер салу әлеуметтік лингвистиканың бүгінгі таңдағы міндеті»[50,126].

Тіл білімінде жалқы есімдерді зерттеу барысында әлеуметтанымдық тіл білімінің гендерологиялық саласын, негізінен, мынадай бағыттарды қарастыру қажет:


  1. Семантикада бір тілді басқа тілдермен салыстырғанда ер адамдар және әйел есімдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  2. Ер және әйел адамдар есімдерін статистикалық тұрғыда талдау.

  3. Бейресми есімдерді жынысқа қатысты зерттеу.

Гендерология мәселесі – тіл білімінде жаңадан зерттеліп жатқан сала. Бұл туралы И.Г.Ольшанский, А.В.Кирилина : «Гендер: лингвистические аспекты» атты мақаласында «Гендерные исследования это новое направление в гуманитарной науке, находящийся сейчас в процессе становления. В центре его внимания – культурные и социальные, а также языковые факторы, определяющие отнощение общества к мужчинам и женщинам, поведение индивидов в связи с пренадлежностью к тому или иному полу, стереотипные представлния о мужских и женских качествах – все то, что переводит проблематику пола из области биологии в сферу социальной жизни и культуры» деп жазады [51,133].

Соңғы жылдары жалпы тіл білімінде тілдік бірліктерді антропоцентристік бағытта зерттеуге көп көңіл бөлінуде, яғни негізгі ғылыми бағыт адамға, адамның қасиеттерін анықтауға қарай бағытталуда. Гендрлік зерттеудің басты ерекшелігі - қоғамдағы ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасындағы мәдени және әлеуметтік факторларды, ерекшеліктерді анықтау, белгілі бір жынысқа жататын индивидтердің өздеріне тән мінез – құлықтары, олардың қасиеттерінің стереотиптік сипаттарын ашу.

Әйел адамдардың ассоциативті ойлау жүйесіне көбінесе адамгершілік, ізгілік, жылылық, күнделікті күйбең тіршілік жақын да , ер адамдардың ассоциативті ойлау жүйесіне ерлік жасау, батырлық көрсету, кәсіппен шұғылдану т.б. жақын болады. Сәби балаға ат қою кезінде оның жыныстық ерекшелігі ескерілетіні сөзсіз.

Ұл мен қызға қойылған аттарды саралағанда оларды былайша жіктеп көрсетуге болатынын байқадық:



  1. Тек ұл балаға қойлатын есімдер: Абылай, Қабанбай, Бөгенбай т.б.

  2. Тек қыз балаға қойылатын есімдер: Айна , Айгүл, Әсем т.б.

  3. Ұлдар мен қыздарға бірдей қойылатын есімдер: Жанат, Дидар, Асыл т.б.

Кісі есімдерінің гендрлік жүйесінде кей сөздер тірек сыңар ретінде келіп тек қыз баланың, не ұл баланың есімдерін жасайтын сөздер болып келеді. Олар: шаш, көз, гүл, сұлу, бике, бибі, батыр, бала, берген, берді, ер, бай, бек, мырза, сұлтан, ғали, хан, жан, тай, ақ, ай, нұр, т.б. Мысалы: Шаш сөзі арқылы жасалатын кісі есімдерінң барлығы да қыз балаға қойылады. Өйткені шаштың әдемі, ұзын, бұрымды болуы негізінен қыз балаға тән деп есептелінеді. Шаш себепші негізі арқылы жасалған екіншілік мағыналы кісі есімдерінің парадигмалық сипаты мынадай болады: Алтыншаш, Сүмбілшаш, Сұлушаш, Қарашаш т.б.

Туынды сөздің себепші негізі сан есімдермен байланысты болып келгенде дерлік көбі ұл балаларға қойлатын есімдер болып келетіндігін байқадық.

Қыз баланың есімі: Ұл баланың есімі:

Бірғаным Біржан

Үшкемпір т.б.

Бірлік сандар тобынан жасалған кісі есімдерімен қатар ондық және жүздік, мыңдық сандар тобынан жасалатынын да ескеруіміз керек.

Қыз баланың есімі: Ұл баланың есімі:

Елубай, Алпыс, Жетпіс, Мыңбай

Т.Жанұзақовтың «Қазақ есімдері» анықтама сөзігі мен «Есімдер сыры» еңбегінде туынды сөздің себепші негізі сан есімдермен байланысты қыз балаларға қойылған бірде-бір есім кездеспейді.



Бірханым сөздерінің алғашқы мағыналары Бір+ханым мағыналық деңгейде дамумен қатар, бір сөзі жалғыз, жалғанда жалғыз атаудың метафораланумен тығыз байланысты. Қыз балалардың аттары бала тірек сөзімен қойылуы басымырақ болса, ұл балалардың есімі бала тірек сыңарына қарағанда , ұлан, жігіт сөздерімен тіркесе қойылуы кең тараған.

Гүлдің, көздің, шаштың, сұлудың, бикенің, нұрдың, айдың, күннің, жұлдыздың т.б. қыз бала есіміне негіз болуының мәнісі халық дүниетанымының әлем бейнесін таңбаланумен байланысты. Өздері таныған сұлулық пен әдеміліктің, жақсылық пен биіктіктің, ұлылық пен кішіліктің метафоралы қолданысы қыз есімін таңбалаған.

Ұл баланың да, қыз баланың да есімдерінің метафораланып, атауға айналуы сөйлеуде, лебізде іске асады. Есімдердің гендрлік жүйесін саралауда халықтың дүниетанымдық, ментальдық ерекшелігімен бірге, қоғамдағы өзгерістерді, мәдени, әлеуметтік өзгерістерді ескермеуге болмайды.

Қазіргі таңда қыз балаларға ат беруде шет елдік аттарға еліктеу ер балалармен салыстырғанда мол ұшырасады. Мысалы: Анель, Анеля, Аида, Адель, Жанна, Жанель, Элеанора, Диана, Тахмина, Альбина, Альмира т.б

Бұған керсінше, ұл балаларға ат қоюда қазақ халқының бұрынан келе жатқан есімдерін беру, батырлардың, хандардың , үлкен ғалымдар мен жазушылардың аттарын беру етек алған. Мысалы: Ерасыл, Мағауия, Бекболат, Нұрсұлтан, Абылай, Кенесары, Қазыбек, Міржақып, Мұстафа, Шыңғыс, Олжас, Мағжан, Сұлтан, Абай, Жамбыл т.б. болып келеді.

Мұның өзі егемендік алған еліміздің ертеңін халық өз тарихымен байланыстырып, жаңа бір жарқын белестерге жетуге үлкен ұлттық үмітпен қарайтынын анықтаса керек.

Т.М.Абдрахманованың зерттеуіне қарағанда лақап есімдері қазақ, орыс, неміс тілдері бойынша олардың көбі ер адамдарға қойылады. Бұл әр тілдің өзіне тән ерекшелігі бар екенін көрсетеді. Неміс және орыс тілдеріндегі лақап атаулар жынысқа байланысты өзгешеленеді, ал қазақ тілінде бұл ерекшелік байқалмайды, себебі род категориясы тек орыс, неміс тілдеріне тән. Бұл ерекшелік дейді автор: «ер адамдар мен әйел адамдардың мінез құлқына байланысты болуы тиіс. Кез келген елде әйел адамдар ер адамдармен салыстырғанда жұмсақ мінезді, нәзік жанды, инабатты болады, сондықтан да әйел адамдарға көп лақап аттар қойылмауы керек». Осы зерттеуде қазақ , орыс, неміс есімдері қарастырылған, соның нәтижесінде ер адамдардың бейресми есімі – 70-пайыз, ал әйел адамдардың бейресми аты – 30- пайыз. Сонымен, қарастырылып отырған тілде лақап аттарының саны әйел адамдарға қарағанда ер адамдарға біршама көп қойылады. Қорта келгенде, бұл ерекшелік тек бейресми есімдерге ғана тән емес, ер адамдар мен әйел адамдардың ресми есімдеріне де тән [52].

Демек, антропонимдер жүйесінің қазіргідей ежелгі заманда да ерекше әлеуметтік-мәдени мәні болған. Бурят тіліндегі антропонимдерді зерттеген ғалым А.Э.Митрошкина мұны былай деп көрсетеді: «Имя рождалось как слои и их предметных атрибутов. Имя не только имеет функцию обозначения индивидов для удовлетворения практической необходимости общения а пределах определенных социумов, но и сложным образом отражает, фиксирует состояние их культуры» [53,3].

Бұл сонымен бірге антропонимияның динамикалық сипатын да дәлелдейді. Түркі антропонимикасын зерттеуші ғалым В.У.Махпировтың еңбегінде ол туралы былай тұжырымдалған: «Для исследования основных закономерностей формирования и функционирования древнетюркской ономастики необходимо рассмотреть этнокультурную и политическую историю древних тюркоязычных народов, поскольку многие факторы данной истории оказывали решающее влияние на ономастическую систему, которая живо реагировала на различные изменения в этносоциальной, экономической жизни тюркского общества, четко фиксируя в своей стуктуре смену территорий, характер изменений в политической и социальной сфере, культурные и экономические метаморфозы, коими богата история тюркоязычных народов древности и средневековья»[54,4].

Антропонимдік жүйенің қызметі әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени өрісінің дамуымен ұштасып жатады және жан-жақты ақпаратқа ие.

Осымен байланысты «Қазақ онмастикасы. Жетістіктері мен болашағы» атты осы саладағы зерттеу нәтижелерін қортып, болашағын бағдарлаған Т.Жанұзақов пен Қ.Рысбергеннің еңбегінде антропонимияның әлеуметтанымдық зерттеу нысанын былайша анықтаған: «1) тіліміздегі анторпонимдік жүйенің қалыптасып дамуы мен қызмет аясының жалпы мәселелерін теориялық әрі методологиялық тұрғыдан зерттеудің жалпы проблемалары; 2) антропонимдерді тұтас бір жүйе ретінде зерттеу; 3) кісі аттарын әлеуметтік-қоғамдық, тарихи категория ретінде қарастыру; 4) кісі аттарының пайда болу, жойылу заңдылықтарындағы тарихи-әлеуметтік жағдайлардың себеп-салдарын анықтау; 5) кісі аттарының сөйлеу тілі мен жазба тілдегі қызметін, қос тілдегі орны мен мәдени қарым-қатыстағы мән-маңызын зерттеу; 6) кісі есімдерінің экспрессивті-эмоционалдық қызметін тексеру (көркем әдебиетте, баспасөзде, күнделікті тұрмыста қолданылу ерекшеліктері) ; 7) антропонимдер жүйесіндегі интернационалдық, ұлттық ерекшеліктерді, олардың өзара байланыс, бірлігін зерттеу; 8) қазақ антропонимдерін байытудағы басқа ұлт антропонимдерінің әлеуметтік мәні: а) көпұлтты Қазақстан Республикасында қазақ антропонимдерінің қолданылуы мен қызмет аясының әлеуметтік сипаты; 10) антропонимдерді тілдік және тарихи тұрғыдан топтастыру»[55,43-44].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет