Күрделі сын есімдер деп ең кемі екі сөзден құралып, бір сындық ұғымды білдіретін сөздер аталады: күрең қызыл, қара ала, қара сұр, ақ сақалды т.б.
Күрделі сынның жасалу жолдары:
Сапа сындарының бір-бірімен тіркесуі арқылы күрделі сын жасалады: қызыл ала,қоңыр күрең,қара сұр, қара көк , көк алат.б.
Сапа сыны мен қатыстықсынның тіркесуі арқылы жасалады: қалың қамысты (көл), ақ қанатты (құстар) , кең маңдайлы көк көйлекті(қыздар) т. Б.
Есім сөз бен қатыстық сын есімнің тіркесіарқылы жасалады: түлкі тымақты (кісі), қос ішекті( домбыра), былғары етікті (жігіт), қасқыр ішікті(азамат) т б.
Қатыстық сын менқатыстық сынның тіркесі арқылыкүрделі сын есім жасалады: қазақы мінезді (жігіт), толықша денелі(әйел), сәнді киімді(қыз), өткір көзді)жігіт), сапалы білімді(азамат) т. Б.
Сын есімдердің қосарлануы арқылы күрделі сын есім жасалады: үлкен-үлкен, жақсылы- жаманды, үлкен-кіші.
Достарыңызбен бөлісу: |