ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар жүйесі
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жанаспай жатуы арқылы жасалынады. Олардың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- дауыстылардың жасалатын орны - тамақ тұсы;
- дауыстыларды айтқанда, фонациялық ауа сыртқа - біркелкі, баяу шығады;
- дауыстылардың ішкі сапасы - таза үннен тұрады;
- дауыстылардың үн сапасында - жаңғырық (резонация) мол болады;
- дауыстыларды жан-жақты құбылтуға болады;
- дауыстылар сөз ішінде буын жігін құрайды және дауыссыздармен тіркесе алады.
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, ы, і.
Дауыстылар құрамына қарай жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |