1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет8/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Дауыстың ұшқыштығы, бұл оның басқа дыбыстарлың, шудың арасында еш нәрсемен араласпай, жоғалмай, сақталып қалуы.

Шыдамдылығы – бұл дауыстың ұзақ уақыт сөйлегенде өзінің негізгі қасиеттерін жоғалтпай, көпке шыдап, аз шаршауы. Арнайы жаттығулар жасай отырып, дауысты жаттықтыруға, оны көп жүктемелерге шыдамды етіп қалыптастыруға болады. Жүйелі түрде жаттыға отырып, оны дамытуға, диапазонын кеңейтіп, резонаторларды дыбыстауға мәжбүр етіп, тембрін жақсартуға болады.

Дыбыс пен әріп.
Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріп — жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба.
Қазіргі казақ тілінде 38 дыбыс көрсетіліп жүр. Олар: а, ә, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, қ, о, ө, п, р, с, т, (дауысты), у (дауыссыз), ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э. бұл жерде мына бір нәрселерді ескерту керек.

1. Жазуымызда қолданылып жүрген е, ю, я таңбалары білдіретін дыбыстар қоса (дифтонг) болып келеді, олар жеке-жеке саналатын й+о(е), й+у(ю), й+а(я) дыбыстарының қосындысы, сондықтан олар жеке дыбыс деп каралмайды.

2. Бірақ орыс тілінен енген сөздерде ғана кездесетін ц(т+с), ч(т+ш), щ(ш+ш) дыбыстары жеке дыбыс деп беріліп жүр, соңғы дыбыс (щ) ащы, тұщы, кеще тәрізді казақ тілінің өз сөздеріңде қос ш (ш+ш) дыбысының орнына да қолданылады.

3. Әдетте у дыбысы бір-ақ дыбыс деп саналып жүр.

Тілде әріптің саны дыбыстан көбірек, өйткені жеке дыбыс емес, қосар дыбыстан құралған немесе басқа да шартты белгілердің жазудағы таңбасы да әріпке жатады.
Әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағын алфавит дейді. Қазак тіліндегі алфавит тәртіппен тізілген әріптер: а, ә, б, в, г, ғ, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц; ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я. Барлығы 42.
Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар.
Әліпбидің тарихы.
Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет