1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет9/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   157
Байланысты:
гост казак тили
ПЗ 6 тақырып, shagraeva bb organikalyk khimiia esepterin shygaru tsilderi, Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі, Биология кабинетінің қызметі, матем реферат
Қазақ әліпбиінің жүйелері

Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер пайдаланылған:



  • Қазақстан Республикасында — кирил жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстан бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады.

  • Қытайда — араб жазуы негізінде, ресми түрде Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданындағы Іле Қазақ аутономиялық облысында. Тағы да Ауғанстан, Иран және Пәкістан елдеріндегі қазақ диаспорасы да пайдаланады.

  • Түрік Республикасында — қазақ диаспорасы ресми емес түрде латын жазуы негізіндегі түрік әліпбиін пайдаланады. Сонымен бірге Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады.


  Қазақ кирил әліпбиі  

Аа

Әә

Бб

Вв

Гг

Ғғ

Дд






















Ее

Ёё

Жж

Зз

Ии

Йй

Кк






















Ққ

Лл

Мм

Нн

Ңң

Оо

Өө






















Пп

Рр

Сс

Тт

Уу

Ұұ

Үү






















Фф

Хх

Һһ

Цц

Чч

Шш

Щщ






















Ъъ

Ыы

Іі

Ьь

Ээ

Юю

Яя





















Кирил жазуы негізінде

Қазақ кирил әліпбиі

көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 жылы қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 жылына дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ, І. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің соңында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған.

Келесі әріптер: В, Ё (1957 жыл), Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған (1990 жылы бері ресми және жеке жария ақпараттарда, әдеби шығармаларда пайдалануы азая түсуде, сиректеніп кетті). Х әрпі қазақ фонетикасында Қ түрінде айтылады. Һ әрпі тек сиреген араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, және де Х немесе Қ сияқты айтылады. Е сөздің нағыз басында [ʲe] дифтонгоиды боп сөйленеді. Э әрпі әрдайым Е боп айтылады. О сөздің нағыз басында [ʷo] дифтонгоиды болып айтыла алады. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады.

Келесі әріптер алдыңғы және артқы ретті дыбысты жұпты белгілейді (әдетте жіңішке мен жуан деп аталады):



  • Е — А

  • Ө — О

  • Ү — Ұ

  • І — Ы

Араб-парсы кірме сөздерінде Ә — А қарама-қарсы қоюы көрінеді.

2. Қазақ тілінің заңдылықтары мен әдістемелік принциптері.

Қазақ тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың формалары мазмұнын, міндеттерін шешуде әдістемені анықтауда дидактикалық принципті басшылыққа алады. Принцип – латын сөзі- основа (негіз), қазақшасы оқытуда басшылыққа алатын идея, қағида. Қазақ тілін оқытудың барлық сатысында бағыт беретін негізгі жұмыс бағыты осы.

Дидактикалық принципті алғаш қы зерттегендер: чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийден басталса, орыс педагогы К.Д.Ушинский, қазақ халқында Ы.Алтынсарин құнды пікір айтты. Одақ кеңес кезінде педагог ғалымдар әр түрлі принциптерді ұсынады. Мысалы, Н.А.Сорокин оқыту принциптерінің 8 түрін тұжырымдар көрсетсе, М.А.Данилов (Дидакитка средней школы, 1975) 7 түріне, Т.А.Ильина (Педагогика) 7 түріне, Ю.К.Бабанский (Педагогика, 1977) оқыту принциптерінің 13 түріне тоқталады. Бұл салыстырулардан байқайтынымыз - өмір талабына сәйкес өзгеріп отыратын, зерттеуді қажет ете беретін ғылым.

Қазақ балаларын оқытуда Ы.Алтынсарин өте жоғары талап қоя білген: «... әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру, өз оқулығында («Қырғыз хрестоматиясы») тақырыптарға сәйкес суреттеу, сурет арқылы беру сияқты, көркем жазуды, әріптердің формасын дұрыс түсінуге, дағдыландыруды үйрету ...шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің - көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру, баланың барлық қабілеттерін жаттықтыру арқылы және оған өз бетімен жұмыс істеу керек» - деген әдістемелік нұсқау қалдырды. Ы.Алтынсарин оқыту принциптеріне: түсініктілік, көрнекілік, жаттығу, өз бетінше оқыту – саналылық принципін ұсынған.

Қазіргі заман талабына сай қазақ тілін оқыту принциптерін 7 топқа бағдарлау қажет:

1. Қазақ тілін оқытудың ғылымилық принципі.

2. Оқытудың шамаға лайық жүйелілік принципі.

3. Оқытудың белсенділік, саналылық принципі.

4. Жеке тұлғаны дамыта отырып, даралап, саралап оқыту принципі.

5. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді ұлттық рухани тәрбиемен, өмірмен байланыстыру принципі.

6. Көрнекілік принципі.

7. Оқушының білімге құмарлығын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу принипі.

Ғылымилық принцип дегеніміз қазақ тілін оқытуда грамматиканың әр саласынан берілетін ғылыми фактілер, ұғым және анықтамалар. Ғылыми принципті меңгеру мен меңгерту қазақ тіліндегі әрір тақырыпқа байланысты игерілетін, іріктелетін материалдардың ғылыми түсініктемесі. Оқушыларға берілетін тілдік мәліметтер төмендегі өлшемдерге сәйкес болуы қажет:

1. Меңгерілетін обьектінің термині анық болуы қажет. 

2. Қазақ тілінен берілетін тақырыптардың дәлдігі талап етіледі.

3. Тілдік тақырыптардың өзіндік белгілері сараланып алынғаны абзал.

4. Қазақ тілінен берілетін материалдардың анықтамалары мен ережелері дәл болғаны абзал.

5. Тілдік тақырыптарға байланысты берілетін практикалық дағдылардың да көлемі дәл болғаны жөн.

Сөйтіп, қазақ тілін оқыту барысында оқытушы берілетін білімнің ғылыми жағына, оның зерттелуі, тарихи даму ерекшелігі, ғылыми фактілер, анықтамалар, терминдерді оқушылардың жас ерекшелігіне қарай түсінікті айту арқылы жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет