Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың. (С.Торайғыров)
Үміт-түбір сөз
Тұрақты белгісі: үміт: тұлғасына қарай: негізгі, құрамына қарай-дара,мағынасына қарай-дерексіз, зат пен ұғымды атауына қарай-жалпы зат есім.
Қып-түбір сөз
Тұрақты белгісі:қып: етістік, П-көсемше
Менен-сөздің түбірі-мен;
Тұрақты белгісі: Жіктеу есімдігі
Ен-Шығыс септігі.
Қарайсың-сөздің түбірі-қара
Тұрақты белгісі: қара: тұлғасына қарай-негізгі, құрамына қарай-дара, іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауын білдіруіне қарай-болымды,мағынасына қарай-салт етістік
-Й-Көсемшенің жұрнағы
-Сың-Жіктік жалғауының 2-жағы, жекеше түрі
Көңіліне-сөздің түбірі-көңіл
Тұрақты белгісі:көңіл: тұлғасына қарай: негізгі, құрамына қарай-дара,мағынасына қарай-дерексіз, зат пен ұғымды атауына қарай-жалпы зат есім.
-І-Тәуелдік жалғауынынң 3-жағы
-Не-Барыс септігі
Медеу-түбір сөз
Тұрақты белгісі:медеу: тұлғасына қарай: негізгі, құрамына қарай-дара,мағынасына қарай-дерексіз, зат пен ұғымды атауына қарай-жалпы зат есім.
Санайсың-сөздің түбірі-сана
Тұрақты белгісі: сана: тұлғасына қарай-негізгі, құрамына қарай-дара, іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауын білдіруіне қарай-болымды,мағынасына қарай-салт етістік
-Й-Көсемшенің жұрнағы
-Сың- Жіктік жалғауының 2-жағы, жекеше түрі
Билет № 4
1. Үндестік заңы, буын, ерін үндестіктері.
2. Әдебиеттік оқудың маңызы, оқу әдістемесі.
3. Синтаксистік талдау
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.(Абай)
1. Үндестік заңы, буын, ерін үндестіктері.
ҮНДЕСІМ (ҮНДЕСТІК) ЗАҢЫ
буын не сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір әуезбен айтылуы. Тілде сөздің құрамындағы дыбыстарды (дауысты, дауыссыз) ұйыстырып, бүтін сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс. Буын не сөздің үндесім әуезі сол буын не сөз құрамындағы дыбыстардың жасалымы өзара үйлескен, естілімі өзара үндескен тіркесін құрайды. Дәстүрлі қазақ тілтанымындағы (түркологияда) фонетика ережеде Үндестік заңын дауыстылардың үндесуі деп түсіндіріп келсе, қазақ тілінде тек дауыстылар ғана үндеседі, ал дауыссыздар көрші дауыстының ықпалында болады делінген. Сонымен қатар дыбыстардың бір-біріне ықпалын да сингармонизм заңдылығына жатқызып келді. Дауыссыз дыбыстардың арасындағы ілгерінді ықпал бойынша (мысалы, әліпби-әліппи, құр қалу-құрғалу, көкбет-көкпет, т.б.) алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссыздың айтылымына (артикуляциясына) әсерін дауыссыздардың сингармонизмі деп атайды. Зерттеу нәтижесінде сөз құрамындағы дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып айтылуы сөз просодикасына байланыстылығын көрсетеді. Қазақ тілінің сөз просодикасы үндесім болғандықтан, ол сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарға бірдей тең ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |