1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет69/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Сан есімнің емлесі:

Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Мысалы: жүз бір, жиырма бесінші, бір мың тоғыз жүз сексен бес т. б.

Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: Ол 25-ке толды, мен 6-дан 7-ге көштім. т. б.

Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис (-) жазылады да, рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды. Мысалы: 5-класс, 23-қатар, 105-мектеп, бірақ X класс, XX ғасырдағы әдебиет, III том т. б.

Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе де, дефис жазылмайды. Мысалы: 1992 жыл 7 қазан, 8 наурыз, 1945 жыл т. б.

Екі, алты, жеті деген сандарға жинақтық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңғы қысаң ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: екі — екеу, алты — алтау, жеті — жетеу:

Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар дефис (-арқылы жазылады. Мысалы: 100-деген, 1000-дап, сағат 5-терде т. б.

Болжалдық сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да,цифрмен жазылса да, арасына дефис қойылады. Мысалы: қырық-елу үй, 40—50 үй т. б.

Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты, қаралы, тарта, жуық, таман, жақын

сондай-ақ бөлшектік сан есім жасайтын жарты, жарым, ширек сөздері өздері тіркескен сандардан сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де бөлек жазылады. Мысалы: мың қаралы, 100 шамалы, елуге тарта, 40-қа таман, он бір жарым, 2 жарты, бір ширек т. б.

Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: он-оннан, 10—15-тен, 20—20-дан т. б.

Есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есімдер зат есімше септеледі.



2. Морфологияны оқыту жолдары.

Болашақ шығармашыл қазақ тілі мен әдебиетті мұғалімдерін даярлауда жоғары оқу орындарында оқытылатын «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәндерінің атқаратын рөлдері зор. Педагогикалық институттарда оқытылатын «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен бағдарлама бойынша морфологияны оқытуға 4 сағат берілген. Оның алғашқы 2 сағатын дәріс, ал қалған 2 сағатын тәжірибелік жұмыс немесе қорытынды семенар ретінде жүргізуге де болады. Сөз таптарын оқыту – қазақ тілі грамматикасының ең негізгі және басқа тақырыптарды меңгерудің тірегі болатын ұғымдарды меңгерту болып табылады.

Сөз таптары – сөздердің лексика –грамматикалық топтары, олар тек таза грамматикалық белгілері, тұлғалары арқылы ғана емес, сөздердің лексикалық мағыналары арқылы бөлінетінін оқушыларға нақты түсіндіре білу керек.



Морфология  - сөз және граматикалық көрсеткіштері  туралы ілім. Морфологияны оқытуда мұғалімдерден қазақ сөздерінің қандай топқа бөлінетінін, ол топтардың әрқайсысының өзіне тән қандай граматикалық сыр – сипатының барлығын  және контексте қандай қызмет атқаратынын оқушыларға жан-жақты түсіндіру талап етіледі .

Морфологияның кіріспе сабағы  5 сыныптағы «Сөз» деген тілдік бірлікті қай тұрғыдан қарастырылатынын түсіндіру арқылы жүзеге асырылады. Морфологияның сөзге қатысы қандай екендігін төмендегі  диаграмма арқылы үйретуге болады.

Морфология тарауы бойынша білім берудің мақсаты – оқушыларға морфологиялық тіл білімінің үлкен бір саласы ретіндегі орны мен рөлін таныту, оның қарастыратын мәселелерін меңгерту және сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың негізі ретінде игерту.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет