Дауысты дыбыстарды оқыту. Тіліміздегі дауысты дыбыстар дыбыс жасауға қатысатын тіл, жақ, ерін сияқты актив мүшелердің қызметіне қарай жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік болып бөлінеді. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар (а,ә,и,е,э,о,ө,ұ,ү,у,ы,і )
Дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай жіктелуін түсіндірген кезде рентген сәулесі арқылы түсірілген суретті көрсете отырып түсіндіріледі. Дауысты дыбыстың тілдің қатысына қарай жіктелетінін таблица арқылы берген жөн.
Қазақ тілінде и, у дауысты дыбыстарының бірде жуан, бірде жіңішке айтылуына екітүрлі жағдай әсер етеді. Біріншіден, дауысты и, у дыбысының жуан не жіңішке айтылуына сол сөз ішіндегі жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың (алу, білу, басу, есу) әсері болады. Сондықтан и, у дыбыстары бірде жуан, бірде жіңішке айтылады. Екіншіден, дауысты и, у дыбыстарының жуан не жіңішке айтылуы сол сөз ішіндегі дауыссыз қ- ғ, к- г дыбыстарының әсерінен болады. Өйткені қазақ тілінде жуан буынды сөзде (қағаз,ғалым)- қ-ғ, ал жіңішке буынды сөздерде (гүл, кереге) к- г әріптері жазылады.
Дауысты дыбыстың жақтың қатысына қарай ашық, қысаң болуын үйреткенде көрнекілікті (схема, таблица т.б.) пайдаланып құлаққа естілу сазына назар аударту керек (а,ә,о,ө,э- ашық дауыс., ы,і,и,у,ү,ұ- қысаң дауыс.).Дауысты дыбыстың еріннің қатысына қарай еріндік (о,ө,ү,ұ,у), езулік (а,ә,е,э,ы,і,и) болып бөлінуін түсіндіру қиын емес.
Достарыңызбен бөлісу: |