Тұрлаулы мүшелер-сөйлем құруға негіз болатын бас мүшелер.Оларға бастауыш пен баяндауыш жатады. Мысалы: Мен демаламын.Жаңбыр жауды.Баяндауыш болмаса,сөйлемдегі ой аяқсыз қалады.
Бастауыш
Бастауыш-сөйлемде атау септікте тұрып,іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше.Атау септіктегі сөз бастауыш болады,сондықтан бастауыш болатын сөзге кім?не?кімдер?нелер? деген сұрақтар қойылады.Мысалы: Мұғалім (кім?)сабақты түсіндірді.Оқушылар (кімдер?)жазғы демалысқа шықты.
Бастауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді.Олар төмендегідей:
Дара бастауыш-бір сөзден тұратын бастауыш.Мысалы:Біз сенеміз.Оқушылар сабаққа дайындалды.
Күрделі бастауыш-күрделі сөзден жасалады.Мысалы: Он бес-тақ сан.Қазақстан Республикасы дамып келеді.
Үйірлі бастауыш-үйірлі мүшеден жасалады.Мысалы:Уайымы көптер тез қартаяды.Жұмысы жоқтық,қарны тоқтық аздырар адам баласын.
Баяндауыш
Баяндауыш-бастауыштың жай-күйін,оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп,сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше.Баяндауыш сөйлемдегі ойды аяқтап тұрады,тіпті кейде жеке өзі тұрып-ақ сөйлем бола алады.Мысалы:Дұрыс!Берме!Өзінен көрсін.
Баяндауыш қай сөз табынан жасалса,сол сөз табының сұрағына жауап береді.Мысалы:Ол-оқушы.(Зат есім:Ол кім?).
Дала жарық (Сын есім: Дала қандай?)
Күнші шықты.(Етістік:Күн не істеді?)
Баяндауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
Дара баяндауыш-бір сөзден тұрады.Мысалы :Олар алыс жерден келді.
Достарыңызбен бөлісу: |