Тозар елдің жанжалы бітпес,
Озар елдің арманы бітпес.(Мақал)
1.Елдің-моносемия
2.Тура мағынада берілген
3.Ел-зат есім
Синоним: ел,жұрт,халық
4.Тұрақты тіркесте кездеспейді.
5.Сөздік құрамында актив тобы
6.Лексикалық мағынада қолданылып тұр
Билет №18
1. Етістік, түрлері, жасалу жолдары, сөйлемдегі қызметі.
2. Көрнекіліктердің түрлері, оған қойылатын талаптар.
3. Лексикалық талдау
Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат
етпесең, көптен құр қаларсың.(Ы.Алтынсарин)
1. Етістік, түрлері, жасалу жолдары, сөйлемдегі қызметі.
Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. б.
Күрделі етістіктер-екі не одан да көп сөзден құралатын және бір мағынаны білдіретін етістік.Мысалы: айтып отыр,айтып келе жатыр,айта салды,айта жаздады,т.б.
Көмекші етістік
Достарыңызбен бөлісу: |