1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет80/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Етістіктің сөйлемдегі қызметі
1. Етістік шақ, рай тұлғаларында жіктеліп келіп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Кел, балалар, оқылық (Ы. А.). Жартаска бардым, күнде айғай салдым (А).
 
Тұйық етістік жатыс септігінде немесе басқа тұлғаларсыз-ақ та сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Қонақтар көрмені көруде. Класс міндеттемесінің негізгі бір мәселесі — сабақ үлгірімін жақсарту.
2. Етістік көсемше тұлғасында келіп, қимылдың амалын, әр түрлі қасиетін (себебін, мақсатын т. б.) білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Ақырындап атты алтын таң (Қ. А.). Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре-түра тексермедім (А).
Түйық етістік септеліп (барыс, шығыс, жатыс, көмектес), кейбір шылаулармен тіркесіп келіп сөйлемде пысықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған (Ы. А.). Оқу ушін осында келді.
3. Етістік есімше және тұйық етістік тұлғаларында атау септікте келіп заттанып, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көрмес— түйені де көрмес (мақал). Жақсы оқу — әр оқушының міндеті. Іздеген жетер мұратқа.
4. Етістік есімше тұлғасында немесе ілік септігіндегі тұйық етістік зат есімдермен тіркесіп, анықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дейді (мақал). Білудің шегі жоқ. Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен (мақал).
5. Етістік есімше не түйық етістік тұлғаларында септеліп келіп, атау мен іліктен басқа септіктерде толықтауыш қызметін де аткарады. Мысалы: Ұстаздық қылган жалықпас үйретуден балаға (А). Білгенге маржан, білмеске арзан (А).— Сіз қандай жауды құлатқаныңызды білесіз бе? (Ә. Н.) Енді оған сөйлеуді қойдым.фологиялық құрамы жағынан әр түрлі болып келеді.

2. Көрнекіліктердің түрлері, оған қойылатын талаптар.

Оқуәдістемелік кешеннің бір бөлігі ретінде көрнекілік құралдары пән мазмұнының, оның ұйымдастырылуы мен оқутәрбие жүйесінің біртұтастығын талап етеді. “Көрнекілік” дегеннің өзі көру етістігінен шықса да, қазір оның мағынасы кеңейді. Педагогикалық сөздіктерде: “көрнекілік – оқушылардың тікелей қабылдауы кезінде нақты түрде әсер ететін дидактикалық ұстаным” деген анықтама берілген. Оқыту процесінде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды роль атқаратыны және көрнекілік түрлерін қалыптастыруда қажетті құрал болатыны белгілі.



Көрнекілік пәнді оқытуда қолданылатын маңызды дидактикалық материалдың бірі ретінде, мектеп практикасында үнемі қолданылып келеді. Көрнекілік сабақ материалымен тығыз байланыста болу керек. Көрнекілікті қолдану оқушылардың психологиялық белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын жоғарылатып, материалдарды терең ұғуына, есте сақтауына көмектеседі.

Көрнекілікті сабақтың кез келген бөлігінде қолдануға болады. Яғни, жаңа материалды түсіндіруде, бекітуде, бақылау және қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Мектепте көрнекілікті қолданудың өз тәртібі бар. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал ету керек. Көрнекілік сыныптағы оқушылардың қай қатарда отырса да, бәріне бірдей айқын көрінетіндей болғаны жөн. Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға тиіс. Көрнекілік оқушылардың жаңадан танысуға тиісті тақырыбына тың ақпарат, көрнекілік тұрғысында қабылдауына әсер ету керек. Көрнекілік түрін мұғалім сабақтың нақты мақсатына сай әзірлеп, оны сабақтың тиісті бөлігінде қолданып отырады. Оқушы көрнекілік арқылы сол пәннің қоршаған ортамен байланыстылығы туралы, өтіліп жатқан материал жөнінде жанжақты мағлұмат алады. Л.И.Фридман, Л.Я.Зорина, И.Нұғыманов, К.Жүнiсова және т.б. көптеген педагогтар көрнекiлiкке қатысты өз ойларын бередi. Мәселен, Л.И.Фридман көрнекiлiк құралы модельдерiн заттық және идеалды деп жiктейдi. Көрнекiлiк сабақтың кез келген тұсында қолданыла бередi, ең бастысы мазмұнды және эстетикалық талапқа сай болуы керек. Көрнекiлiктер есту және көру көрнекiлiктерi болып жiктеледi.
Көрнекілік – оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр – сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген. Көрнекіліктің нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған ақпарлар оқу міндеттеріне байланысты талданып, қорытылады. Көрнекілік құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты қағидаларының бірі болып саналады. Көрнекілікті чех педагогі Я.А.Коменский (1590 – 1670) 17 ғасырда енгізді. Сабақта көрнекілікті дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалып-тасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.
Көрнекі құралдардың әр алуан дидактикалық қызметіне және мүмкін-шіліктеріне байланысты олардың сабақ үстінде кешенді түрде қолдануы қажет болады. Тек осы жағдайда ғана сабақ алдына қойылатын әрбір та-нымдық міндетті шешу бағытында максималды әсерлікке жеткізуге болады.

Көрнекі құралдарды іріктеу кезінде олардың мүмкіндігін әрбір оқу пәнінің өзіндік ерекшелігімен және әрбір сабақтың мазмұнымен салыстырып алу қажет.
Бұл арада Ю.К.Бабанскийдің: Көрнекілікті өте мол қолдану көп жағ-дайда оқушылар зейінін шашыратады, олардың зейінін тақырыптың негізгі идеясын танудан басқаға аударады, мұның өзі, әсіресе ес қабілеті көрнекілік образды қабылдаудан гөрі, сөздік – логикалық қабылдауға бейім болатындығымен айналысқанда орын алады дейтін пікірімен келіспеске болмайды.
Көрнекі құралмен жұмыс істегенде мұғалім ең кемінде мынадай үш нәрсені есепке алған жөн:
1.Көрнекі құралдардың мазмұнына талдау жасау;
2.Оқушының ойы көрнекі құралдан нақты заттың өзіне өтуі керек, яғни, оқушының ойлау әрекетін басқару керек;
3.Қалыптастырылатын сезімдік бейне оқу міндетін орындау мен байланыстыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет