1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет81/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал — Әліппе және Әліппе серігі. Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең, қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар. Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті ал – фавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады.
Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады.

Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызылы дауысты дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді.
Бұл айтылғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет-ақ. Мұнда дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түспен, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады. Сөз құрастыру үшін буындар беріледі. Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материал да бар. Бұлар: сөздердің дыбыстық құрамын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар; кейбір жағдайда олар — клеткалармен берілген заттық картинка – лар, екінші бір жағдайды — әріптің жартысы мен қалған жартысының орнына клетка т. б. с. с.
Мұндай үлестіруге арналған дидактикалық матери – ал — оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын схемаға сүйеніп талдауы үшін көмекші құрал болып саналады. Оқушылар сөзді іштерінен айтады да, схеманы толтыруға кіріседі. Көрнекіліктің бірі оқушылардың дәптері болып есептеледі. Дәптер арқылы сыныпта ұйымдастырылған жұмыстың мазмұнын, жүйесін, әдісін, сондай-ақ, оқушының білім, дағды, шеберлік дәрежесін білуге болады. Қысқасы, дәптер — оқушы жұмысының айнасы.
Әр сабақтың басында оқушылардың барлығы дәптерлеріне сол күнгі датаны жазады. Бір жол тастап, сабақтың тақырыбын не тақтадан, не оқулықтан көшіреді. Әрбір жеке тапсырма жаңа жолдан бастап жазылады. Жаттығудың нешінші екені цифрмен белгіленеді. Оқушылардың жазғандары анық, таза, мүмкіндігінше, сауатты болу керек.

Сауат ашу сабақтарында көрнекілікті қай кезде, қандай мақсатпен қолданады .
1. Көрнекілік оқушыларды сөйлету мақсатымен қолданылады. Ондай сюжетті суреттерді көрсете отырып, сөз, сөйлем, әңгіме құрайды. Құраған әңгімелерді сөзге, буынға және дыбысқа талдайды. Мұндағы мақсат танысуға тиісті дыбысты сөйлеу тілінен ажырата білу .
2. Тіл дыбыстарын олардың сөз ішінде беретін ұғымдармен ұштастыру мақсатымен де жекелеген заттың суреттері немесе сюжетті суреттер пайдаланылады .
3. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, тәрбие беру мақсатымен де сурет және басқа көрнекіліктер қолданылады .
4. » әліппе » кезінде суретті, алфавит, кеспе әріптер, буындар, түрлі кестелер т б . пайдаланылады .
3. Лексикалық талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет